Бүгін АҚШтың экс-президенті Джимми Картер 100 жасында қайтыс болыпты. Дж.Картер АҚШ тарихында қарама-қайшы тұлға ретінде қалды.
Бір жағынан Картердің 1976-1981 жж аралығындағы президенттігі, алынып тасталған өлім жазасын қайтарылумен тарихта қалды. Аса ауыр қылмыстарға өлім жазасын беру керек деген ойын жүзеге асырған. АҚШтың либерал-гуманисттері Картерді сол үшін қатты сынға алған еді.
Сонымен қатар Дж.Картер “Вьетнам соғысына қатыспаған АҚШ азаматтарын амнистиялаған президент” ретінде қалды. Вьетнам соғысы басталғанда, миллиондаған американ әскерилері Вьетнам соғысына барудан бас тартқан еді. Біраз әскерилер “Отанға опасыздық жасағаны үшін” деп түрмеге жабылған.
Картердің тағы бір тарихи қадамы, 1979 жылы Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, Қытай басшысы Дэн Сяопинды Вашингтонға ресми шақырғаны. Сол кездесуде Дж.Картер мен Дэн Сяопин 1980 жылы болатын Мәскеу Олимпиадасына байкот жариялауға келіседі.
АҚШ саясаттанушыларының сыртқы саясаттағы Дж.Картерге тағатын басты міні, одақтас Иран мемлекетіндегі Шах режимын қорғай алмай, діншіл Аятолла Хомейнидің билікке келуіне қарсы тұра алмағаны. Оған қоса Дж.Картерге КСРО Ауғанстанға 1979 жылы арнайы әскери операциясын бастағанда, ресми Вашингтон мардымды төтеп бере алмады деген сын да жабысты.
Сөйтіп, 1981 жылы Джимми Картер бір мерзімнен кейін президенттік сайлауда Рональд Рейганға ойсыра ұтылып қалады.
Осындай әр қилы тұлға, бүгін өзінің Джорджия штатындағы үйінде, балаларының айналасында, ғасырмен теңесіп бақилық болыпты. Жаны Жаннатта болғай! Қалай айтсақ та, Джимми Картер - ұлы тұлға.
Жазба авторы Самат Нұртаза