#ЕСЕП_2024
Ташкент облыстық Үкіметтік емес ұйымы "ГАРМОНИЯ" орталығының негізгі мақсаты – қыз-келіншектерге психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету, жастар мен жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуы мен интеллектуалдық дамуына ықпал ету. 2024 жылы осы бағытта атқарылған жұмыстар нәтижелі болды.
✅ Қыз-келіншектерге қолдау:
Ұйым қыз-келіншектерге әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетуге баса назар аударды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық кеңестер мен психологиялық қолдау көрсетілді. Жарастыру комиссиясының құрамында жұмыс істей отырып, көптеген отбасылардың жанұялық қиындықтарын шешуге атсалыстық.
Психологиялық кеңестер арқылы көптеген әйелдер өз қиындықтарын жеңіп, өмірге жаңа қадам басты.
Жарастыру комиссиясының көмегімен ажырасу қарсаңында тұрған отбасылардың кейбіреулері қайта жарасты.
✅ Жастармен жұмыс:
Жастарға жан-жақты психологиялық қолдау көрсету олардың өмірлік ұстанымдары мен қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталды.
Отбасылық өмірге дайындық тақырыбында тренингтер өткізілді.
Тұлғалық даму тренингтері жастарға өздерін жетілдіруге және болашаққа деген сенімділігін арттыруға көмектесті.
✅ Жасөспірімдерге арналған шаралар:
Жасөспірімдердің интеллектуалдық деңгейін дамыту және олардың психоэмоционалдық тұрақтылығын нығайту маңызды міндеттердің бірі болды.
Мектептер мен орталықтарда мотивациялық тренингтер, арт-терапия сабақтары ұйымдастырылды.
Тұлғалық қалыптасу тақырыбында арнайы семинарлар өткізілді.
✅ Негізгі мақсат және болашақ жоспарлар:
Ұйымның басты мақсаты – әйелдерге, жастар мен жасөспірімдерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыру.
Жанұяларды жарастыру бойынша жұмысты кеңейту.
Жасөспірімдердің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жобаларды іске асыру.
Жастардың тұлғалық қалыптасуына бағытталған жаңа бағдарламаларды енгізу.
Ұйымымыздың мамандары әрбір адамның қажеттілігін ескере отырып, барынша тиімді көмек көрсетуге ұмтылады. Алдағы уақытта да осы мақсатта жұмысымызды жалғастырып, қоғамның әл-ауқатын жақсартуға үлес қосамыз.
Айгүл Тешебаева,
Ташкент облыстық Үкіметтік емес ұйымы "Гармония" орталығының басшысы.
https://t.me/psy_consultt