есімім – Ислам.


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Пайдалы болғым келеді.
inst: is.abulkairov
👆әрдайым осындамын
t.me/anonaskbot?start=j34whcskyvlmw - аноним сұрақтар үшін

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Жақсылыққа сылтау іздемей, жақсылықты жасау керек.


Пенде әрбір амалын Аллаға байлауы керек.

Жақсылық жасаса - Алланың разылығы үшін. Жамандықтан тыйылса - Алланың қаһарынан қорыққандықтан. Біреуге көмек берсе де, білім іздесе де, тіпті күнделікті өмірдегі ең қарапайым істерін жасаса да, оның түпкі ниеті Раббысының разылығында болуы тиіс.

Амалдар қабыл болуы үшін тек сыртқы әрекет емес, жүректегі ниет те маңызды. Себебі амалдардың салмағын адамдар емес, Алла таразыға тартады.


Аватаркадағы сақина артық па?😄
Poll
  •   Иә, алып тасташ)
  •   Нөрм💍👍
59 votes


Сені азғындыққа итермелеген мал-мүлік - Алланың саған берген нығметі емес, бәлки ашу-ызасы.

имам әш-Шағрауи (Аллаһ оны рақымына алсын)


Аллаһ тағала өзі ризық беретініе ант етсе де, онысына сене алмаған құлдары лағынетке ұшыраған.

Хасан аль Басри رحمه الله


Нөрм бе?


Аватаркаға картина емес, өз фотомды қоюды жөн көрдім.


Forward from: Абылай Кенжалы
Рамазан басталғалы бір аптаға жуық уақыт болды.

Осы аралықта:

– Әрбір дүйсенбі-бейсенбі еш қиналмастан ораза ұстауға болатынын түсіндік.

– Таң намазына жарты сағат, тіпті бір сағат қалғанда оянуға болатынын түсіндік.

– жұмысымыз қарбалас болса да, құранға уақыт табуға болатындығын түсіндік.

– бос әңгіме, музыка, өсек-өтіріксіз өмір сүруге болатындығын түсіндік.

Рамазан – құлшылық амалдардың жеңіл екенін сездіру үшін келген ай.

Рамазан – қай уақытта болмасын нәпсіні тәрбиелеуге болатындығын түсіндіре білген ай.

#архив


Әдемі жауап ))


Намазға бей-жәй қарау - ризық берекесін кемітетін ең үлкен амалдың бірі.


🎁 Біз сыйлық беру мен бір-бірімізді қуантуды арнайы күндерге байланыстырмаймыз.

Біреуді қуанту / бақытты ету үшін арнайы күнді күту міндетті емес.


Дүниелік ләззәттар уақытша. Оларды біз ұмтылатын мәңгі өмірмен салыстыру мүмкін емес.


Аллаһ жолына не нәрсені сарп етсеңдер де, Аллаһ оның орнын осы дүниеде әрі ақыретте де сауап амалдармен толтырады.

Имам ибн Кәсир (рохимахуллах)


Бұл - Ақтөбе…🌙 (3)


Расында адам баласы істеген күнәсінің кесірінен ризығынан махрұм қалады.

Имам Ахмад риуаят еткен хадис


Тарауих 6-шы күн, мешітте адамдар аз ба уже?))

Мешітке кешігіп келсең де, далада емес, ішке сыятындай болыппыз.


Forward from: Akhmedov Yerbol
Отбасыңдағы жағдай жақсарады, бірақ қаржы тапшылығымен сыналасың.
Қаржылық жағдайың түзеледі, бірақ отбасыңмен сынаққа түсесің.
Жаныңда қалаған адамың болады, бірақ жұмыста қиындықтарға кезігесің.
Барлығы ойдағыдай болады, бірақ денсаулығыңмен сынаққа түсесің.

Дүниенің заңы осындай – адам өмірдің сынақтарымен күресіп, оларды жеңіп отырады.
Сондықтан кемелдікті күтпе, қолыңда барға риза бол.
Алла саған Өз мейірімінен беретін сәтті күте біл.


Ер адамның еркектігінің бір көрінісі - киімінің кіршіксіз болуы.

Әдәб әш Шарғия 📚


Бұл - Ақтөбе…🌙 (2)


Тәуекел түбі жел қайық, өтерсің де кетесің. Уайым түбі тұңғиық, батасың да кетесің.

20 last posts shown.