Қазақстанда базалық ставка туралы шешімді кім қабылдайды? Ұлттық банк басшысының өзі ме, әлде қол астындағы ұжымы ма?
Экономика мен қаржы саласында «базалық ставка» деген ұғым бар екенін бұған дейін де айтқанбыз. Еске түсіре кетсек, базалық ставка – біз алып жүрген кредиттер мен ақша салып жүрген депозиттеріміздің пайыздық мөлшерлемесіне әсер ететін бірден-бір құрал.
Ұлттық банкте 2021 жылы құрылған арнайы комитет бар. Ол – «Ақша-кредит саясаты комитеті» деп аталады. Базалық ставканы жылына 8 рет өзгерте алатын күштің бірі – осы. Комитеттің өзі үлкен ұжымнан тұрады. Ондағы мамандар нарыққа талдау жасап, бағалардың құбылу қасиетін зерттейді. Бір сөзбен айтқанда, болжам құрады.
Қазақстан – есігін тарс жауып алып, әлемнен оқшау өмір сүріп жатқан мемлекет емес. Өз алдына дербес ел болса да, ішкі экономикасына әлемде болып жатқан оқиғалар әсер етпей қоймайды. Төңіректе болып жатқан гео-саяси оқиғалар, пандемиялар, әрісі – күнде құбылып жатқан мұнайдың бағасы сырттан келетін бағаны ойнатып жібереді.
Ақша-кредит саясаты комитеті сол құбылыстардың бәрін зерделеп, жоспар құрып, халық арасында сауалнама жүргізіп, олардың болжамдары мен күтулерін бағалап, базалық ставкаға қатысты шешім қабылдайды. Сол арқылы инфляцияның қарқынын бағамдап, тежеуге атсалысып отырады.
Бұл – бір адамның күшімен немесе білімімен шешілетін мәселе емес. Сондықтан, «базалық ставкаға қатысты түпкілікті шешімді Ұлттық банк басшысы өз бетінше қабылдайды» деген қауесет шындыққа жанаспайды.
Жалпы, Ұлттық банктің болсын, екінші деңгейлі банктердің үстінен бақылайтын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің болсын, екеуінің де нақты немен айналысатыны, қандай міндеттері бар екені ресми сайттарында егжей-тегжейлі жазылған. Сол жерде сұрақ та қойып, жауап табуға болады.
Ресми статистика келтіре кетсек:
Шілде айында жылдық инфляция деңгейі 14% болды. Былтыр жыл соңында ол 20%-ға дейін барғанын ескерсек, инфляцияның тежелуіне жоғары базалық ставканың ықпалы болғанын бағамдауға болады.
Қазір базалық ставканың деңгейі – 16,75%. Тамыздың 25-і күні Ұлттық банк осы ставкаға қатысты кезекті шешімін жариялайды.
Былтыр желтоқсанда бекітілген ставка өзгеріссіз қала ма, әлде түсе ме – сол кезде белгілі болады.
Жазылып қойыңыз: 👇
https://t.me/qarzhylyq_sauat