Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысы ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатқанын атап өтті.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі”, – делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатқанын атап өтті.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз