Құран оқыған адамға берілетін сый.
1. Қиямет күні Құран оны оқығанға шапағатшы болады. «Құранды оқыңдар, ақиқатында, Қиямет күні ол оны оқығандарға шапағатшы болады!» (Мүслим).
«Қиямет күні Құран былай айтады:
«Уа, Алла, Құран оқығанды безендірші!», сонда сол адамға құрмет тәжі кидіріледі. Сосын Құран қайтадан: «Уа, Алла, оны киіндірші!», - дейді. Оған құрмет киімі кидіріледі. Содан кейін Құран: «Уа, Алла, оған разы болшы!», - дейді, оған разы болысады. Сосын Құран оқыған адамға: «Оқы да дәрежеңді көтер», - делініп, оның әрбір оқыған аятына сый қосылады!» (Тирмизи).
2. Жұмақтағы адамның мәртебесі - оның Құраннан қанша аят жаттағанына байланысты болады.
«Құранды білгенге былай айтылады: «Оқы, көтеріл де бұл өмірде жасағаныңдай сөздерді анық айт, расында, сенің орның сенің соңғы оқыған аятыңа сай болады» (Ахмад).
3. Құранның әрбір әрпі үшін он есе сый бар.
«Кімде-кім Құранның бір әрпін оқыса, оған бір жақсы амал жазылады, ал бір жақсы амал үшін он есе сауап беріледі, мен «Әлиф, Ләм, Мим» – бір әріп деп тұрған жоқпын, Әлиф – бір әріп, Ләм – бір әріп және Мим – бір әріп» (Бұхари).
4. Қателесіп оқығаны үшін – екі сауап.
«Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады» (Мүслим).
5. Құран оқуда Аллаға деген сүйіспеншілік жатыр.
«Кімде-кімді Алла мен Оның Елшісі жақсы көреді деген сөз қуантар болса, онда Құранды мусхаф бойынша оқысын» (Ибн Шахин).
6. Құранды оқушылар – Алланың қалаулылары.
«Ақиқатында, Алланың жаратқандарының ішінде Оның қалаулылары бар!» «Олар кімдер, уа, Алла Елшісі?», - деп сұрағанда, ол былай жауап берген: «Ахлюл-Құран (Құранды оқып-танушылар)! Міне, солар Алла мен Оның Елшісінің қалаулылары!» (Ахмад).
7. Құран – шексіз білім көзі.
«Кімде-кім ақиқат ілімді қаласа, Құран оқысын, өйткені, асылында, онда алғашқылар мен соңғылардың білімі бар» (Табарани).
8. Құран оқылған үй берекелі болады.
«Ақиқатында, Құран оқылған үй кеңейіп, періштелер келіп, шайтандар қашып, үйдің берекесі артады. Ақиқатында, Құран оқылмаған үй тарылып, періштелер қашып, шайтандар басып, үйдің берекесі кетеді» (Дарими).
9. Құранның сүрелері шайтаннан қорғайды.
«Өз үйлеріңде «Бақара» сүресін оқыңдар! Асылында, «Бақара» сүресі оқылған үйге шайтандар жоламайды» (Хаким).
10. Құран оқу - садақа бергендей.
«Құранды дауыстап оқушы, садақаны ашық түрде бергендей, ал Құранды іштей оқушы, садақаны жасырын бергендей!»