Posts filter


🔹Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарларды тасымалдау үшін аса маңызды көлік тораптарының бірі Көктұма станциясы ауданындағы қолайсыз ауа райы жағдайлары теміржол көлігінің жұмыс істеуіне елеулі әсер етуде.

🔹Қатты жел мен қарлы боран темір жолдың өткізу қабілетінің төмендеуіне әкелуде. Ауа-райына байланысты қозғалыс қауіпсіздігі мен жүктердің сақталуын қамтамасыз ету үшін тиеуді шектеу шаралары енгізілді. Бұл шектеулер жағдайды тұрақтандырғанға дейін қолданылады.

🔹Бұдан басқа, аталған учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін автожолдар жабық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және апаттық жағдайлардың алдын алу үшін облыс әкімдігі азаматтар мен жүргізушілерді жол жүруден бас тартуға шақырады.

🔹Жоңғар қақпасы мен Алакөл аңғары арасындағы екі тау жотасының арасында орналасқан аймақ жыл бойы тұрақты дерлік соғатын күшті желімен танымал.

➖➖➖

🔹Неблагоприятные погодные условия в районе станции Коктума, одного из важнейших транспортных узлов для перевозки товаров между Казахстаном и Китаем, серьёзно сказываются на функционировании железнодорожного транспорта.

🔹Сильные ветры и снежные бури приводят к снижению пропускной способности железнодорожных путей. Из-за погодных условий для обеспечения безопасности движения и сохранности грузов были введены меры по ограничению погрузки. Эти ограничения будут действовать до стабилизации ситуации.

🔹Кроме того, на данном участке закрыты автодороги для всех видов автотранспорта. Для обеспечения безопасности и предотвращения аварийных ситуаций акимат области призывают граждан и водителей воздержаться от поездок.

🔹Территория между Джунгарскими воротами и Алакольской долиной, расположенная между двумя горными хребтами, известна своими сильными и устойчивыми ветрами, которые дуют практически круглый год.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


🆕Ұлттық тасымалдаушы bilet.railways.kz сайтында жолаушыларға бір пойыздың ішінде орын ауыстырып, билет сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосты. Жоба интермодальды тасымалдарды дамыту аясында Ұлттық тасымалдаушы мен неміс мамандары Deutsche Bahn-мен бірлесе жүзеге асырылды.

🚊Қызметті пайдалану тәртібі:

1.Жолаушы bilet.railways.kz сайтына кіреді.
2. Бағыт пен сапар күнін таңдайды.
3. Тікелей билет болмаған жағдайда, жүйе автоматты түрде пойыз+пойыз немесе вагон+вагон ауысу қызметтерін ұсынады.
4. Балама нұсқаларды қарау үшін «Вагоннан вагонға ауысу» бөлімін таңдау қажет.
5. Ұсынылған нұсқалардың ішінен бір пойыз аясындағы қолайлы билет нұсқасын таңдайды.
6. Билетті рәсімдеу үшін жолаушы қажетті жеке ақпаратты толтырады.

👉Мәселен, жолаушы 28 желтоқсан күні Астана-Алматы бағытына билет сатып алуды жоспарлайды. Алайда бұл бағытта орын болмаған жағдайда жолаушы әуелі Астана-Ағадыр бағытына билет сатып алып, кейін Ағадыр-Алматы бағытына сол пойыздың басқа вагонынан билет рәсімдей алады.

🔁«Вагоннан вагонға ауысу» қызметі жолаушыға бір пойызда орын ауыстырып, екі бөлек билет арқылы межелі станция — Алматыға дейін жетуге мүмкіндік береді.

ℹ️Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

➖➖➖


🆕Национальный перевозчик внедряет новую услугу на сайте bilet.railways.kz, позволяющую пассажирам покупать билеты с пересадкой в рамках одного поезда. Проект реализован Национальным перевозчиком совместно с немецкими экспертами Deutsche Bahn в рамках развития интермодальных перевозок.

🚊Как работает услуга?:

1. Пассажиру необходимо зайти на сайт bilet.railways.kz.
2. Выбрать маршрут и дату поездки.
3. При отсутствии прямого билета система автоматически предложит альтернативные варианты проезда с пересадкой (поезд+поезд и вагон+вагон).
4. Для получения альтернативных вариантов проезда необходимо выбрать вкладку «Проезд с пересадкой вагон+вагон».
5. Для оформления билета необходимо выбрать подходящий вариант проезда с пересадкой из списка предложенных в рамках одного поезда.
6. Для завершения оформления билета пассажиру необходимо заполнить личные данные.

👉К примеру, пассажир планирует поездку из Астаны в Алматы на 28 декабря. Однако в данном направлении до конечной станции нет свободных мест, промежуточно пассажир может купить билет до станции Агадырь, а от станции Агадырь до Алматы сможет приобрести билет в другом вагоне того же поезда.

🔁Данная услуга предлагает пассажиру альтернативный вариант проезда: покупку двух билетов на один поезд с пересадкой из одного вагона в другой, что позволит пассажиру доехать до конечной станции Алматы.

ℹ️Дополнительную информацию можно получить по бесплатному номеру 1433.




🔹Екі жыл ішінде ҚТЖ темір жол станциялары мен разъездерде 300 астам тұрғын үй модулін орнатты. Олар магистральдің шалғай учаскелерінде жұмыс істеу кезінде теміржолшылардың тұруы мен демалуы үшін қолайлы жағдай жасады.

🔹Бұл санитарлық және тұрмыстық жағдайлары барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін 4-тен 10 адамға дейінгі сыйымдылығы бар әртүрлі көлемдегі ғимараттар. Инженерлік коммуникациялар қосылған, ауа баптағыштармен және су жылытқыштармен жабдықталған, демалыс бөлмелері, асүйлер, душ және жуынатын бөлмелер, кептіру шкафтары бар. Жиһазбен, ыдыс-аяқпен және басқа да қажетті тұрмыстық заттармен жабдықталған.

🔹Барлық өңір теміржолшылары қолайлы жағдайларды оң бағалады. Тек 2024 жылы 180 астам тұрғын үй модулі пайдалануға берілді. Ең көбі климаттық жағдайлары қиын аудандарда орнатылды. Мысалы, Ақтөбе облысында модульдік ғимараттар 29 станция мен разъезде (Вавилино, Таксай, Ангаты, Гугня, Пепел, Жаркий, Сұлусай, Тузово, Хромтау, Никельтау және т. б.), Қарағанды облысында – 24 станцияда (Соқыр, Қарағанөзек, Ақадыр, Мойынты, Көкдомбақ, Бүйрек, Сарықұм, Саяқ, Тоқырау, Тағынқара және т. б.). Ақмола, Қостанай, Абай, Қызылорда облыстарында 50 астам жайлы үйшіктер салынды. Атырау және Маңғыстау жол бөлімшелерінде 40 астам модуль пайдалануға берілді. (469 рзд., 16 рзд., Бақсай, 15, Сазанкұрак, Сорша, Тоқсанбай, Санкібай, Үстірт, Маңғыстау, Қарақия, Курсай, Тұрыш және т.б.).

🔹ҚТЖ желісінде заманауи модульдік үйлерді сатып алу және орнату жұмыстары жалғасуда.

➖➖➖


🔹Свыше 300 жилых модулей установлены КТЖ на железнодорожных станциях и разъездах за два года. Они обеспечили комфортные условия для проживания и отдыха железнодорожников во время работы на отдаленных участках магистрали.

🔹Это разные по площади здания вместимостью от 4 до 10 человек, санитарные и бытовые условия которых соответствуют всем современным требованиям. К ним подключены инженерные коммуникации, они оборудованы кондиционерами и водонагревателями, имеют комнаты отдыха, кухни, душевые и санузлы, сушильные шкафы. Укомплектованы мебелью, посудой и другими необходимыми бытовыми предметами.

🔹Комфортные условия по достоинству оценили железнодорожники всех регионов. Только в 2024 году введено в эксплуатацию свыше 180 жилых модулей. Больше всего установлено в областях со сложными климатическими условиями. К примеру, в Актюбинской области модульные здания построены на 29 станциях и разъездах (Вавилино, Таксай, Ангаты, Гугня, Пепел, Жаркий, Сулусай, Тузово, Хромтау, Никельтау и др.), в Карагандинской – на 24 станциях (Сокыр, Караганозек, Акадыр, Мойынты, Кокдомбак, Буйрек, Сарыкум, Саяк, Токырау, Тагынкара и др.). Свыше 50 уютных домиков построены в Акмолинской, Костанайской, Абайской, Кызылординской областях. Более 40 модулей введены в эксплуатацию в Атырауском и Мангыстауском отделениях дороги (рзд. 469, 16, Баксай, 15, Сазанкурак, Сорша, Токсанбай, Санкибай, Устюрт, ст. Мангистау, Каракия, Курсай, Турыш и др.).

🔹Работа по приобретению и установке современных модульных домов на сети КТЖ продолжается.




🔹Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнында өндірілетін темір кені — жүктің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі айда 2 мың тоннадан астам кен шығарылды.

🔹Жаңақорған станциясынан 2024 жылдың наурыз айынан бастап сөндірілмеген әктас сәтті тасымалданып келеді. Осы кезеңде 24 мың тоннадан астам тасымалданды.

🔹Шиелі станциясынан Қазақстанның батыс өңіріндегі автожолдар үшін белсенді пайдаланылатын минералды ұнтақты тасымалдау басталды. 11 айда осы материалдың 10 мың тоннасынан астамы тиелді.

🔹Қызылорда станциясы түрлі-түсті және айна әйнектерін тасымалдауға кірісті. Осы жылдың 11 айында шыны зауытының өнімдерін әкету үшін 2,2 мыңнан астам вагон берілді. Тасымалдардың жалпы көлемі 148 мың тоннадан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,4% артық.

🔹Жүктердің жаңа түрлерін тасымалдау теміржолшылардың қызмет көрсету аясын кеңейтеді және аралас салалардың дамуына ықпал етеді.

➖➖➖

🔹Со станции Сексеул Кызылординского отделения грузовых перевозок в этом году началась транспортировка нового вида груза — железной руды, добываемой на новом месторождении. За последние два месяца было вывезено свыше 2 тыс. тонн руды.

🔹Со станции Жанакорган с марта 2024 года успешно транспортируется негашеная известь. За этот период уже перевезено более 24 тыс. тонн.

🔹Со станции Шиели началась транспортировка минерального порошка, который активно используется для автодорог в западном регионе Казахстана. За 11 месяцев было погружено свыше 10 тыс. тонн этого материала.

🔹Станция Кызылорда приняла к перевозке цветные и зеркальные стекла. За 11 месяцев этого года для вывоза продукции стекольного завода было предоставлено более 2,2 тыс. вагонов. Общий объем перевозок составил более 148 тыс. тонн, что на 63,4% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

🔹Перевозка новых видов грузов расширяет спектр услуг железнодорожников и способствует развитию смежных отраслей.




🔹Ағымдағы жылы Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің 60,7 км үш учаскесінде: Притобольская – Апановка (19,846 км), Қарағанды – Басағаш (25,0 км), Қостанай – Алкау разъезі (15,894 км) темір жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, бөлімше желісіне 56 жаңа бағыттамалы бұрма кешені төселді.

🔹Белгі беру және байланыс дистанциясы қызметкерлері жылдық жоспарларын асыра орындап, БОБ жүйелеріне арналған 241 аккумуляторлық құрылғыны (жоспар бойынша 203 бірлік). Жақсартылған оқшаулаумен 11 км-ден астам жаңа БОБ кабелі тартылды. 16 өткелде сигналдарға арналған заманауи жарықдиодты модульдер орнатылса, бұл жүргізушілердің байқауын едәуір жақсартты.

🔹Электрмен жабдықтау шаруашылығында байланыс желісінің тіректерін түзету 74% асыра орындалды, ұзындығы 993,4 км учаскеде байланыс желісіне ағымдағы жөндеу жүргізілді, 178 трансформатор жөнделді және ауыстырылды.

🔹Санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту аясында 20 өндірістік ғимарат жөнделіп, ауысым қызметкерлерінің тұруына қолайлы болуы үшін 12 модульдік үй орнатылды.

➖➖➖

🔹В текущем году в границах Костанайского отделения магистральной сети проведен капитальный ремонт 60,7 км железнодорожного пути на трех участках: Притобольская – Апановка (19,846 км), Караганлинская – Басагаш (25,0 км), Костанай – разъезд Алкау (15,894 км). Также на сети отделения уложены 56 новых комплексов стрелочных переводов.

🔹Работники дистанций сигнализации и связи перевыполнили годовые планы и заменили 241 аккумуляторное устройство для систем СЦБ (при плане 203 ед.). Проложено более 11 км нового кабеля СЦБ с улучшенной изоляцией. На 16 переездах установлены современные светодиодные модули для сигналов, что значительно улучшило видимость для водителей.

🔹В хозяйстве электроснабжения выправка опор контактной сети перевыполнена на 74%. Произведен текущий ремонт контактной сети на участке протяженностью 993,4 км. Отремонтированы и заменены 178 трансформаторов.

🔹В рамках улучшения санитарно-бытовых условий отремонтировано 20 производственных зданий, установлено 12 модульных домов со всеми удобствами для проживания сменных работников.




🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!

➖➖➖

🇰🇿С Днем независимости!

#Тәуелсіздіккүні #ДеньНезависимости #КТЖ #railwayskz #ҚТЖ #ҚазақстанТемірЖолы #железнаядорога

⭕️ҚТЖ-ның барлық материалдары:

⭕️Все материалы КТЖ:

🌐railwаys.kz
📹YouTube
🔗 Instagram
📲 Facebook


🔹«Шабыт» ансамблінің тәрбиеленушілері Ұлттық тасымалдаушының №12 «Шымкент-Алматы» пойызында Тәуелсіздік мерекесіне орай терме орындап, жолаушыларға ерекше рухани тарту жасады. Ташкентте өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алып, Дубайда өтетін беделді жарысқа жолдама иеленген жас өнерпаздар елге үлкен жеңіспен оралып келе жатқан болатын.

🔹Сапар барысында талантты домбырашылар «Халық термесін» орындап, өздерінің өнердегі шеберліктері мен ұлттық мұраға деген сүйіспеншіліктерін паш етті. Терме мәтіні туған жерге деген махаббат пен ұлттық құндылықтарды насихаттайды.

🔹Балалардың айтуынша, бұл өнер көрсету Тәуелсіздік күніне арнаған ерекше тартулары болды. Олардың орындауы патриоттық сезімнің, мәдени мұраның және ұлттық өнердің жас буынға терең сіңгенінің жарқын көрінісі болды.

➖➖➖

🔹Воспитанники ансамбля «Шабыт» устроили музыкальное выступление в поезде Национального перевозчика №12 «Шымкент-Алматы» в честь Дня независимости. Юные домбристы возвращались домой из Ташкента, где завоевали главный приз конкурса–Гран-при и получили право представить страну на престижном соревновании в Дубае.

🔹Во время поездки талантливые музыканты исполнили «Халық термесі», продемонстрировав высокое мастерство игры на домбре. Текст терме олицетворяет любовь к родной земле и уважение к национальным традициям.

🔹Как отметили сами дети, это выступление они посвятили празднику Дня независимости. Их исполнение стало ярким отражением духа патриотизма и культурного наследия среди молодого поколения.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


#Тәуелсіздіккүні #ДеньНезависимости #КТЖ #railwayskz #ҚТЖ #ҚазақстанТемірЖолы #железнаядорога


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🔹Астана мен Бурабай бағытына жаңа туристік электр пойызы іске қосылды

➖➖➖

🔹Новый туристический электропоезд соединит Астану и Курорт Боровое


🔹ҚТЖ-да ХІІІ республикалық жастар форумы өтті. Жылдың басты жастар шарасы Қазақстанның барлық өңірлерінен ең белсенді және талантты 250 қатысушыны жинады.  

🔹Форумның негізгі міндеттері - жас қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін шоғырландыру, оларды басты міндеттерді шешуге тарту, сондай-ақ кәсіби, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайту.

🔹Компания бұл өзгерістердің болашақ көшбасшылары осы жас қызметкерлер екенін есенімді. Олардың құзыреті мен біліктілігін арттыру кадрлық, техникалық саясаттың және жалпы ұлттық тасымалдаушының даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады.  

➖➖➖

🔹В КТЖ состоялся ХIII Республиканский форум молодежи. Ключевое молодежное событие года собрало 250 самых активных и талантливых участников из всех регионов Казахстана.

🔹Основные задачи форума – консолидация интеллектуального потенциала молодых работников, вовлечение их в решение приоритетных задач, а также укрепление профессиональных, социальных и культурных связей.

🔹В компании уверены, что именно молодые сотрудники – это будущие лидеры изменений. Повышение их компетенции и квалификации является составной частью кадровой, технической политики и в целом стратегии развития нацперевозчика.


🔹Қысқы мерекелер қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы «Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жаңа туристік электр пойызын іске қосты. Бұл электр пойыз жолаушыларды Астанадан Бурабайға аралық аялдамасыз небәрі 2 сағат 26 минутта жеткізеді. Электр пойыз сейсенбі мен сәрсенбіден басқа күндері күн сайын қатынайды.

🔹Жаңа электр пойыз 574 жолаушыға арналған. Жайлы орындықтар «Комфорт Плюс» еуропалық стандартына сәйкес жасалған.

🔹Билет құны «Нұрлы Жол» станциясынан – 2770 теңге, «Астана» станциясынан – 2548 теңгені құрайды.

➖➖➖

🔹В преддверии зимних праздников Национальный перевозчик запустил новый туристический электропоезд по маршруту «Астана — Курорт Боровое». Он доставит пассажиров из Астаны в Боровое всего за 2 часа 26 минут — без промежуточных остановок. Электропоезд будет курсировать ежедневно, кроме вторника и среды.

🔹Электропоезд с общей вместимостью 574 пассажира. Комфортабельные сиденья нового электропоезда выполнены по европейским стандартам класса «Комфорт Плюс».

🔹Стоимость билета со станции Нурлы Жол — 2770 тенге, со станции Астана — 2548 тенге.



18 last posts shown.