✨✨✨
📌
АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР2️⃣
-БҰЙЫРҒАНДАРЫН ОРЫНДАУПайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бағынуға қатысты Алла Тағала
«Нұр» сүресінде:
«Аллаға, Пайғамбарына бағын де. Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде Пайғамбар, өзіне жүктелгенге, сендер, өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер Пайғамбарға бойұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай-ақ Пайғамбарға ашық түрде жалғастыру ғана міндет» (45), - деген.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Менің үмбетімнің бас тартқандарынан өзгесінің барлығы жәннатқа кіреді», - дейді. Сахабалар:
«Уа, Алланың елшісі, сонда кім бас тартады», - деп сұрайды. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Кімде-кім маған бойұсынса, ол жәннатқа кіреді, кімде-кім маған қарсы шықса, онда ол бас тартқаны», - дейді
(46).
Бұрынғы үмбеттерге келген апат өздеріне жіберілген пайғамбарларға бойұсынбауларынан болған.
«Бақара» сүресіндегі Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) өз қауымына бір сиырды құрбандыққа шалуды бұйырғанда, оны шалғысы келмегендіктен қауымының
«ол қандай сиыр?»,
«оның түсі қандай болу керек?»,
«бізге тағы оның сипаттарын білдірсін», - деп сұрақ қоюлары пайғамбарларына деген бойұсынбаушылықтың көрінісі.
Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бағыну Алла Тағалаға бағыну болғандықтан, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына оның бұйрықтарына бағынуды,
«тыйыл» дегенінен тыйылулары қажет екендігін әрдайым үйретіп отырған. Сондай хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Мен қозғамаған мәселені менен сұрамаңдар. Расында, сендерге дейінгі өмір сүргендер пайғамбарларына көптеген сұрақтар қоюы мен онымен келіспеушіліктері себепті опат болған. Сондықтан менің тыйым салған нәрселерден аулақ болыңдар да, бұйырғанымды шамаларың жеткенше орындаңдар» (47), - деген.
Бұл хадистің айтылу себебі жайында Әбу Һурайра былай дейді: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні уағыз айтып тұрып:
«Сендерге қажылық парыз етілді, ендеше қажылық жасаңдар»,- деген еді. Сонда бір адам:
«Уа, Алланың елшісі! Қажылықты жыл сайын атқаруымыз қажет пе?», - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үндемейді. Әлгі кісі сұрағын үш мәрте қайталап сұрайды. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Егер мен «иә» дейтін болсам, (сендерге жыл сайын қажылық жасау) міндетті болып, оған шамаларың келмейтін еді», - деді. Осыдан кейін:
«Мен қозғамаған мәселені менен сұрамаңдар. Расында, сендерге дейінгі өмір сүргендер пайғамбарларына көптеген сұрақтар қоюы мен онымен келіспеушіліктері себепті опат болған. Сондықтан менің тыйым салған нәрселерден аулақ болыңдар да, бұйырғанымды шамаларың жеткенше орындаңдар» (48), - деген.
Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы сөзінен кейін сахабалар артық сұрақпен мазаламайтын болған. Әнас ибн Мәлик (Алла оған разы болсын) өз сөзінде:
«Алла елшісіне өзге жақтан біреулер келіп қалса, солардың сұрақ қойғандығын тосып, жауабын естіп қалуға тырысатын едік», - дейді.
❗
(45) «Нұр» сүресі, 54-аят;
❗(46) Бұхари (7280);
❗(47) Бұхари (7288), Муслим (1337), Тирмизи (2679), Насаи (5/110), Ахмад (2/247), Дарақутни (2/281), Ибн Хиббан (8/21);
❗(48)Бұхари (7288), Муслим (1337), Тирмизи (2679), Насаи (5/110), Ахмад (2/247), Дарақутни (2/281), Ибн Хиббан (8/21);©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"https://t.me/adep_daris