✨✨✨
📌АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР
8️⃣-САХАБАЛАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУ
Ислам ғалымдарының айтуынша, сахаба - Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең азы бір мәрте көрген, өмірінің соңына дейін мұсылман болып дүниеден өткен адам. Ал егер көзі көрмейтін зағип адам болса, Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең азы бір мәрте сөйлескен болуы қажет. Осы шарттарға сәйкес келсе, сахаба әйел, еркек, қарт не жас бала да бола алады. Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде мұсылман болмай, кейіннен мұсылман болған адам немесе ол кісінің (оған Алланын салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде мұсылман болып, Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көріп, бірақ кейіннен дінінен бас тартқан (муртад) адамды «сахаба» деп атамайды. Пайғамбарлардан кейінгі ең құрметті адамдар сахабалар болып саналады. Сол үшін мұсылман адам барлық сахабаларға құрмет көрсетуге міндетті. Олардың ешқайсысын белгілі бір амалына байланысты айыптауға болмайды.
Оларға деген құрметке есімдері аталғанда «ради-Аллаһу ғанһу» (Алла оған разы болсын) деп айту, оларға дұға қылу, сахабалар арасындағы қарама-қайшылықтарды талқыламау сынды т.б. амалдар жатады.
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris