Сағат


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
(Әйтеке би)

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Қуанып отырмын.

Ішіме сыймай 😍😍

Не дегенмен бұл жүлде үшін ағамыз жылдар бойы жүріп келді

774 0 0 12 13

Forward from: SADAQ
😍 Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлде!

🥇
Елдос Сметов дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы болды

🥋 60 келі салмақта белдескен қазақстандық спортшы финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Елдос 2016 жылы күміс, 2020 жылы қола жүлде еншілеген еді.


Forward from: [AL] About Languages & IR
Олжас Ханафин ұстаз - ағамыз, бауырымыз…🤍

Алла рақымына бөлесін!

Дін үшін, ел үшін жасаған қызметіне баршамыз куәміз, Алла құзырында қабыл болсын деп тілейміз.

Ілім жолында жүріп жан тапсырды…

“Біз Алладан келдік және Оған қайтушымыз…”




Ей, Жаратушы Жалғыз Ием. Бұл оразаның тәнімізден бұрын жанымызға пайдасын мол еткейсің!

#бүгінгідұға




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
разве не лучше быть испытанным и близким к Аллаху, чем жить в спокойствии в дали от него?


Forward from: Дастан Құрманбаев
Әбу Зәр әл-Ғифари деген сахаба айтады (Алла оған разы болсын):

“Уа, адамдар, мен сендерге адал болғаннан, жаным ашығаннан айтып жатырмын! Қайта тірілетін күннің ыстығынан қорғану үшін осы дүниеде ораза ұстаңдар!”

📚 Хилия


Forward from: Дастан Құрманбаев
Ораза — дененің зекеті!

Ибн Касир


“Уа, Алла тағалам! Мінез-құлқымның және нәпсімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын”.

#бүгінгідұға


🌙 Рамазанға 6️⃣ күн қалды

Сұрақ: Рамазан айында ораза кезінде тағамның дәмін татудың үкімі қандай?

Жауап: Ораза кезінде тамақтың дәмін татудың оқасы жоқ. Бірақ ішке кетіп қалмауын қадағалауы тиіс. Ибн Аббас (Алла ол кісіге разы болсын): «Тамақтың дәмін татып көрудің оқасы жоқ» [1], – деген.

📚 «Әл-Муфассал» кітабында: «Еш себепсіз тамақтың дәмін татып көру – мәкруһ. Ал егер күйеуінің мінезі нашар болса, тамақтың дәмін татуы макруһ болмайды. Тілінің ұшымен тамақтың дәмін көріп, қайта сыртқа шығарып тастауы керек» [2] деп айтылады.

[1] әл-Бәйһақи, «Әс-Сунан әл-Кубро», 4/261. №8057.
[2] «Әл-Муфассал фи әл-фиқһ әл-ханафи», 1/277.

#СағындырғанРамазан


Керемет оқылған Кәһф сүресі❤️

Бүгін Жұма. Кәһф сүресін оқу сүннет амал.




Сауабын періште жаза алмайтын дұға

Кімде-кім: "Я, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!" - десе оң иықта отырып жақсылықтарды жазатын періште тоқтап қалады екен. Содан соң ол періште Раббысына жалбарынып:

- И‌a, Раббым, мына пендең осындай мақтау аи‌тты. Бұған қанша сауап берілетінін білмеймін ғой. Не деп жазайын?-дейді.

Сонда Мейірімі шексіз Алла Тағала:
- Пендем не деп айтқан болса, сол айтқанын дәл солай жазып қой. Ертең Қияметте ол пендеммен Өзім есептесемін,-деп жауап береді.

Аспандағы барлық жұлдыздарды бір қарағанда санап беретін періште бар. Яғни аспанда қанша жұлдыз болса, ол періштенің де сонша көзі бар екен. Сол періште тұрып:

- Мен жаңағы пенденің айтқан мадағының сауабын қанша санасамда санына жете алмадым ғой, - дейді екен.

Алла кемшілік атаулыдан пәк!!

Күнделікті дұғаңызға қосуды ұмытпаңыз)


"Я, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!"

#бүгінгідұға

Көктемнің алғашқы жұмасы мүбәрак болсын!! Әрі алғыс айту күні құтты болсын!!


Forward from: Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Құдай бүгін кей құлдарына 25 сағат нәсіп етті. Тиімді пайдаланып қалыңыздар😊


“Уа, ең көзге ілгісіз жаратылыстардың жасырын тілектерін, жалбарынуларын білетін, еститін әрі жауап беретін Ұлы Раббымыз! Сен қандай да бір әлсіздіктен пәксің һәм ұзақсың. Сенен өзге құдай жоқ. Бізді тозақ отынан құтқар”.

#бүгінгідұға


“Уа, Алла тағалам, бізге жәрдеміңді бер! Шынында Сен олардың бізден үстем болғанын қаламайсың!”

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) Меккені алар алдында оқыған дұғасы)

#бүгінгідұға


Forward from: #yasina
Кімде-кім бір нәрсеге мың рет естігеннен кейін де алғаш естігендей құрметпен құлақ салмаса, ол білім жолындағы адам қатарынан емес.

Тағлим ал мутағаллим
#адаб


«Уа адам баласы! Расында, сен күндерден тұрасың. Әрбір күн өтумен сенің бір бөлігің кетіп жатыр.

Хасан әл-Басри (Алла рахым етсін)

20 last posts shown.

531

subscribers
Channel statistics