Дәләлилул Хайрот кітабынан жұма күніне берілген салауаттардың бірісі:
“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” кітабынан 📚
Салауаттың арабшасы комментарии бөлімінде: 👇🏻
Аллаһым, сенен тағыңа жүктелген ұлықтығың мен жәләліңнің, көркемдігің мен құдіретіңнің және
сұлтандығыңның ақысымен, қазыналаған, жасырылған есіміңнің ақысымен сұраймын сондай сол есіммен өзіңді атадың және кітабыңда түсірдің, өзіңнің құзырыңдағы ғайып іліміңде сол есіміңмен өзіңді дараладың, елшің және құлың төреміз Мұхаммедке салауаты айтуыңды. Өзіңнен сұрағанда сұрауымды берген, жалбарынғанда жауап қатқан сондай есіміңмен сұраймын. Түнге түсіргеніңде қараңғы басқан, күнге түсіргенде жарық шашқан, аспандарға түсіргеніңде көтерілген, жерге түсіргеніңде тұрақталып орныққан, тауларға түсіргеніңде бекемделіп қазықталған, бұлттарға түсіргеніңде жауған, аспан суына түсіргеніңде құйған, қиындыққа түсіргеніңде жеңілдеген есіміңмен сұраймын. Мырзамыз Мұхаммед Пайғамбарыңның сенен сұрағанымен (нәрсе) сұраймын және пайғамбарың Адамның сұрағанымен сұраймын. Пайғамбарларың және Елшілерің, жақындатылған періштелерің өзіңе сұраған нәрсесімен сұраймын олардың
барлығына Алланың салауаты болсын. Барша саған бойұсынушылардың сенен сұраған нәрсесімен сұраймын
төреміз Мұхаммедке және төреміз Мұхаммедтің отбасына аспан құрастырылмай тұрып, жер төселмей жатып, таулар қазықталмай тұрып, теңіздер ақпай жатып, бұлақтар атқыламай тұрып, өзендер тасымай жатып, күн шықпай жатып, ай жарқырамай тұрып, жұлдыздар сәулесін шашпай жатып жаратқаныңның мөлшеріндей, салауат айтуыңды.
“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” кітабынан 📚
Салауаттың арабшасы комментарии бөлімінде: 👇🏻