🇰🇿 Имам Ағзам Абу Ханифа хижри жыл санақпен 80 - ші жылы дүниеге келген. Хижри 150 - ші жылы дүниеден өтті. Фықых мәжілісінің басына өткен кезде 40 жасында еді. Сонда бұл шамамен хижри жыл санау бойынша 120 - шы жылға тура келеді екен. Осылайша Имам Ағзам білім мәжілісінің басында 30 жылға жуық болады екен. Бұл мәжілістерде Имам Зуфар , Имам Абу Юсуф , Имам Мұхаммад, Имам Хасан ибн Зияд және тағы басқа алпауыт ғұламалар жетіліп шығады. Бұлардың ішінде ең үлкені Имам Зуфар болып есептеледі. Бірақ бір қызығы оның пәтуалары Ханафи мазхабында алынбаған. Небәрі 17 немесе 19 мәселеде ғана Имам Зуфардың көз - қарасы бойынша пәтуа берілген. Бірақ бұл жағдай Имам Зуфардың дәрежесіне әсер етпейді. Өйткені Имам Ағзам қайтыс болған кезде мәжілістің басына Имам Зуфар өтеді. Осылайша ол ұстазының әдісі бойынша бұл ілім мәжілісін сегіз жыл басқарады. Имам Зуфар хижри жыл санақпен 158 -ші жылы қайтыс болады. Алла Тағала олардың барлығына разы болсын !