🇰🇿 Имам Мұхаммадпен байланысты тағы бір жағдайды айта кетсек болады. Имам Мұхаммад Имам Ағзамның мәжілісіне қатысқаны сияқты Имам Зуфар мен Имам Абу Юсуфтың мәжілістеріне де қатысқан. Сонда Имам Мұхаммад үшеуінің де шәкірті болып саналады. Имам Мұхаммад хижри жыл санақпен 132 - ші жылы дүниеге келген. Сонда Имам Ағзам қайтыс болған кезде жасы небәрі 18 - де еді. Кейбір риуаяттарда Имам Мұхаммад Имам Ағзамның мәжілісіне сақалы әлі шықпаған кезде қосылған деп айтылады. Сонда Имам Мұхаммад шамамен 4 -5 жыл ғана Имам Ағзамның қасында қалған. Әрине бұндай уақыт ішінде мужтахид дәрежесіне жету өте қиын. Сол себепті Имам Мұхаммад Имам Ағзамнан кейін Имам Зуфар мен Имам Абу Юсуфтың мәжілістеріне қосылып өзін жетілдіреді.