🇰🇿 Өткен жазбаларда жазғанымыздай Имам Мұхаммад Имам Ағзамның көз - қарастарының таралуы үшін үлкен себепші болды. Бұнымен бірге Имам Мұхаммадтың Мәдина ғұламаларына қарсы жауап ретінде дәлелдерді ұсына отырып жазған кітабы бар. Оның аты "الحجة على أهل المدينة" . Аудармасы : Мәдина ғұламаларына қарсы дәлелдер. Бұл кітабында Имам Мұхаммад Имам Малик және басқа да замандас Мәдина ғұламаларына қарсы біздің дәлелдерімізді ұсынады. Ханафи мазхабының көптеген дәлелдері осы кітапта айтылады. Сол үшін бұл кітап әрбіреуіміздің кітапханамызда болу керек. Имам Мұхаммад Куфада өз білімін жетілдіргеннен кейін сыртқа шығып басқа ғұламалармен араласқысы келеді. Осылайша Мәдина қаласына сапарға шығып кетеді. Сол кезде Мәдина қаласының бас ғалымы Имам Малик болатын. Осылайша ол Имам Маликтің мәжілістеріне қатыса бастайды. Олардың дәлелдерімен танысады. Муаттаны тыңдайды. Кейіннен Муатта кітабының фықыхқа ғана байланысты хадистерді риуаят етеді. Имам Мұхаммадтың бұл Муатта риуаяты біздер үшін өте маңызды. Өйткені ол кітапта Имам Мұхаммадтың хадистерге жазып кеткен кішігірім түсініктемелері бар. Сол арқылы Муаттаның қай хадисін біздер қабыл етіп , қай хадисті қабыл етпейтіндігімізді біле аламыз . Имам Мұхаммад қабыл етілген хадистерге وبه نأخذ وهو قول أبي حنيفة деп айтып кетіп отырған. Мағынасы: Біз бұл хадисті аламыз. Ол Имам Ағзамның көз - қарасы .