Ақорда қанша жерден Қазақстанды “орта деңгейлі держава” (Middle Power) деп жар салғанымен еліміз жақын арада күшейіп кетпейді. Солтүстіктегі көршіміз авторитар биліктің “құбыласы” болып қала береді. Әлсіз экономикамыз одан сайын әлсіреп, халқымыз одан әрі кедейлене береді.
Дегенмен кейінгі екі күнде көңілге үміт сыйлайтын дүниені байқадық. Азаматтарымыз соғысты емес бейбітшілікті, құлдықты емес азаттықты қалайтынын көрсетті.
Автократияның құрсауында отырса да, кедейліктің қамытын кисе де еркіндікке ұмтылатын халқы бар Қазақстан күндердің бір күні шын мәнінде егемен ел болады деп сенемін. Ол үшін алдағы саяси және экономикалық өларадан аман-есен өтуіміз қажет. Ал Ақорда кезекті қилы кезеңде Қаңтардағыдай күшке емес диалогке, имитацияға емес реформаға сүйенуі керек.