Кеше “Хан Сұлтан” операсы премьерасының соңғы күніне билет алып үлгеріп, көріп қайттым. Үш күн қатарынан аншлаг жасаған опера көңілімнен шықты. Аудиторияның овациясына қарағанда көпшіліктің де көңілінен шыққан сияқты.
Дәл қазіргі геосаяси жағдайда осындай тарихи шығармалар өте маңызды. Ең алдымен, ұлт құру жолындағы біз сияқты мемлекеттерге керек. Премьерада атқамінерлерден, жай күнде “ұлттық идеология керек” деп ұрандататын қоғам қайраткерлерінен ешкімді байқамадым. Мүмкін алғашқы екі күнде келген шығар.
Операда “Шыңғыс қаған, Жошы, Бату, Берке” деп хормен айтатын бірнеше сәт бар. Залда отырып “Жақында елімізге мемсапармен келген Путинді Тоқаев осы операға алып келгенде дипломатиялық троллингтің көкесі сол болар еді-ау” деген ой келді. Ал егер мәселеге “серьезно” қарасақ, РФ пен Қазақстан президенттері осындай тарихи спектакльдерді бірге көре алатын деңгейге жеткенде екіжақты қарым-қатынас тең және екі жаққа да пайдалы деңгейге өткенінің бір көрсеткіші деп айта аламыз.
Абай атындағы ұлттық опера және балет театрына шығармашылық табыс пен сәттілік тілеймін!