Талғардағы Қаржаубай Нұрымовтың әулетіндегі қайғылы оқиғалар сериясына қарап авторитар биліктің бойындағы пост-Қаңтар синдромы өршіп бара жатқанын көреміз.
Ақорда мен күштік құрылымдар “халық көтеріліп кетпесе болды” деген үреймен азаматтарды, тіпті Қаржаубай Нұрымов секілді әділет іздеп шырылдаған жәбір көрушілерді де, алдап-арбауға, үркітуге, айыппұл салуға, қамауға дайын екенін танытты.
Талғардағы трагедияны “Ескі Қазақстанның Тоқаевқа жасаған саботажы” дейтін конспирологтар шықса, еш таң қалмаймын. Шын мәнісінде, қазір Қазақстанда билікті дәл өзі сияқты дискредитациялайтын саяси күш жоқ.
Әділетті Қазақстан, Тоқаевша айтсақ, “заң диктатурасымен” орнамайды. Әділетті Қазақстан азаматтар өз мемлекеті қорғансызға қорған болады, құқық қорғау органдары істі ашық әрі жан-жақты қарайды, сот әділ шешім шығарады деп шын сенген кезде ғана орнайды. Ел байлығының жартысынан астамы бар болғаны 165 адамның қолында шоғырланған, халқы айлығының 70%-ін тамаққа жұмсайтын, әрбір бесінші азаматы шетелге көшуді ойлайтын Қазақстанда ол сәттің жақында тумайтыны анық.
Ал ол күн туғанша Астанада ықпалды көкесі, оффшорда миллиондаған доллары, күштік органдарда “крышасы” жоқ “әлсіз” отбасыда туылған әрбір қазақстандық қатыгез, қорқақ әрі селқос қоғамда о бастан аутсайдер болып қала береді.