Бір баққа сеніп
Бір бақтан ауып
Бір баққа келіп
Бір орын тауып
Өкіріп алдым
Оңаша
Бір нұрға шомып
Бір нұрмен гүлдеп
Бір нұрдан тоңып
Бір нұрмен бүрлеп
Бір күліп алдым
Оңаша
Ертеңді қуып
Болғанын аңсап
Өткенді жуып
Жуынып шаршап
Күрсініп алдым
Оңаша
Бір ойды ойлап
Бір ойдан қашып
Бір оймен жайнап
Бір ойдан сасып
Бұлқынып алдым
Оңаша
Бір Айға қарап
Ол Айды сүйіп
Бір айды санап
Ол айға күйіп
Мұңдасып алдым Күн, Аймен
Оңаша емес
жүрегімдегі Құдаймен!.
мен жалғыз емеспін.
Яхуда Аружан
Бір бақтан ауып
Бір баққа келіп
Бір орын тауып
Өкіріп алдым
Оңаша
Бір нұрға шомып
Бір нұрмен гүлдеп
Бір нұрдан тоңып
Бір нұрмен бүрлеп
Бір күліп алдым
Оңаша
Ертеңді қуып
Болғанын аңсап
Өткенді жуып
Жуынып шаршап
Күрсініп алдым
Оңаша
Бір ойды ойлап
Бір ойдан қашып
Бір оймен жайнап
Бір ойдан сасып
Бұлқынып алдым
Оңаша
Бір Айға қарап
Ол Айды сүйіп
Бір айды санап
Ол айға күйіп
Мұңдасып алдым Күн, Аймен
Оңаша емес
жүрегімдегі Құдаймен!.
мен жалғыз емеспін.
Яхуда Аружан