ULAĞAT


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Psychology


Психология. Ислам. Gallup. Саморазвитие.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Psychology
Statistics
Posts filter


يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱسْتَعِينُوا۟ بِٱلصَّبْرِ وَٱلصَّلَوٰةِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلصَّٰبِرِينَ

Уа, иман келтіргендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабыр ету әрі намаз оқу арқылы (Алладан) жәрдем сұраңдар. Шүбәсіз, Алла сабырлылармен бірге.

(сура «Бакара» 2:153)


Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) уайым немесе қайғы басқанда, ол намаз арқылы Алладан медет сұрайтын.


Сабырдың (صبر) екі түрі бар:
1. Тыйым салынған нәрселер мен күнәлардан тыйылуда сабыр сақтау.
2. Құлшылық жасауда сабыр сақтау.

Құлшылықтағы сабыр – ең абзал түрі, өйткені құлшылық – адамның Жаратушы алдындағы негізгі міндеті.

Сабырдың үшінші түрі де бар – бұл қиындықтар мен сынақтарға төзімділік.

Бұл сабыр да – күнәлар үшін кешірім сұрау сияқты, міндетті амал болып табылады.


Жәннатқа есеп - қисапсыз кіретін жалғыз топ - сабыр еткендер.

(Бір Аллаға құлшылық ету жолында) ешқандай қиындыққа мойымай сабырлылық танытқан жігерлі жандарға сый-сияпаттары қисапсыз беріледі», – деп айт.

(«Зүмәр» сүресі 39:10)


Мына аятқа қарасақ, жәннаттық адамның сипаттары:

1. Жомарт (ақшам бітіп қалады деп қорыққан адам, ең бірінші, ақша өзіне тиесілі деп ойлағаны үшін бөліскісі, бергісі келмейді, яғни менікі дегеннен таусылып қалады деген шығады).
2. Тақуа (күнәдан сақтанған адам)
3. Ақиқатты мойындаған н/е тәкаппар емес. (бір хадисте, Пайғамбарымыз (с.а.с): “Тәкаппарлық - ақиқатты мойындамау” - дейді.

Тозақы адамдардың сипаттары:

1. Сараң
2. Ешнәрсеге мұқтаж емеспін деп ойлайтын адам (бұндай адам көбіне өзінің біліміне, күшіне, ақшасына, туысқандарына сенгіш келеді, содан өзін ешнәрсеге мұқтаж еместей өмір сүреді)
3. Ақиқатқа сенбейтін / мойындамайтын (тәкаппар)


Forward from: Qoran and tafakkur
Тому, кто делал пожертвования и был богобоязнен, кто признавал наилучшее, Мы облегчим путь к легчайшему. А тому, кто был скуп и полагал, что ни в чем не нуждается, кто счел ложью наилучшее, Мы облегчим путь к тягчайшему. (92:5-10)


Аллаһтан былай деп тілейік:

бізге бес-он адамның қуатын берсін де адамды адамдықтың шыңына шығаратын мол қасиеттер дарытсын, бірақ оны әр түрлі жаман жолға қолданудан да сақтасын


“Садақа мен қайырымдылыққа ақша берсем, ақшам таусылып қалады” - деген убеждение; “левый жасап н/е харам жолмен тез және жеңіл ақша табамын” - деген де убеждение.

Бірақ, бұл убеждениялар шайтаннан.

“Садақа берсем, халал жұмыс жасасам” - береке артады, күнәларым кешіріледі, ризығым артады”.

Бұл да убеждение, бірақ Алладан.


Өзін (фигура, әдемілігі, киімі, т.б) қымбатқа сатып, материалды қамтамасыз ететін партия тапқысы келетіндерге; өзін (жұмысы, үйі - машинасын, қызметін) сатып, тәндік қанағат іздейтін адамдар жолығады.

Екеуінің де іздегені “потребительские отношения”. Қыздың әдемілігі кеткенде, жігіт басқасын табады; жігіттің байлығы - қызметі кеткенде, қыз басқасымен алмастырады.

Дүниелік нәрсені ғана ниет еткеннің соңы осындай болмақ…екеуі де бір біріне лайықты.


Аллаға махаббатқа толмаған адамның жүрегі, басқа барлық нәрселермен толады: дүние, мансап, әйел, мақтан, т.б.

📚 Рамадан аль Бути (Алла рақымына алсын)


Адамның күнәсін көруіміз мүмкін, бірақ тәубесін көрмейміз. Сол үшін ешкімді айыптаудың қажеті жоқ. Қайдан білесің, Алла ол адамның тәубесін қабыл алған шығар?!

📚 Рамадан аль Бути (Алла рақымына алсын)


Бір проблемам бар деп үнемі айтып, бірақ сол үшін тахаджудке тұрмаған адамның сөзі - бос сөз.


Бұл әлемде абсолютті жамандық жоқ. Жеке адамның басына ол дискомфорт әкелсе де, жалпы система үшін пайдалы.

1. адамның үйі өртенсе де, оттан жалпылама адамдар жылу мен энергия алады.
2. жаңбырдан бір адам ауырып қалса да, барлық адамзат үшін жаңбыр өте пайдалы.
3. өлім біреудің жеке басының қайғысы болғанмен, адамзат үшін қосымша ресурс пен обновление.

Тіпті, ібіліс те адамдардың арасындағы жақсы мен жаманды, Абу Бакр мен Абу Джахилді айырып беруші инструмент. Барлығы жақсы болса, онда бұлардың ара жігі ажыратылмай, бір топтағы адамдар болар еді...

Сол себепті, барлығы жеке бастың пайдасы үшін емес, системаның пайдасы үшін қызмет атқарады - сен үшін жаман болған нәрсе, жалпылама системаға жаман деген сөз емес.


Өміріңдегі әрбір қиындық, сені өміріңді өзгертетін мүмкіндіктерге дайындау процессі.


Исрада болған мына оқиғалардан үзінді:

Ақсаға кетіп бара жатқанда, Пайғамбарымыз (с.а.с) жолда…

1. Дәджалды көруі
2. Қарт кейпіндегі ібілісті көруі (қарт болып көрінуінің себебі - осы дүниенің бітуі таяп қалғандықтан, ібілістің де қарт болып көрінуі)
3. Әйел кейпіндегі дүниенің келіп “маған бір көңіл аударшы” - деп шақыруы.


Кез келген мүлктің шынайы иесі адам ба, жоқ па қалай білуге болады?

Ол мүлікті адамнан еркінен тыс алып қойылса, демек, шынайы иесі адам емес.

📚Рамадан аль Бути


إِنَّ ٱللَّهَ يُدْخِلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ جَنَّٰتٍ تَجْرِى مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ ۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يَتَمَتَّعُونَ وَيَأْكُلُونَ كَمَا تَأْكُلُ ٱلْأَنْعَٰمُ وَٱلنَّارُ مَثْوًى لَّهُمْ

Шүбәсіз, Алла иман келтіріп, игілікті істер істегендерді (жайқалған бау-бақшаларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларына кіргізеді. Ал күпірлік қылғандарға келсек, олардың есіл-дерті қу тіршіліктің қызығын көріп, рақатына бату ғана. Сондай-ақ олар (бұл дүниеде осынау ағыл-тегіл нығметтің қайдан келіп жатқанын, оған қалай шүкіршілік ету керектігін ойланып жатпастан) мал сияқты ішіп-жеуді ғана біледі. Ендеше, олардың ақырғы барар жері тозақ болмақ!

(«Мұхаммед» сүресі 47:12)


( إِنَّ الْإِنسَانَ لَيَطْغَى أَنْ رَآهُ اسْتَغْنَى ) 

«Человек преступает границы дозволенного, когда ему кажется, что он ни в чем не нуждается»

📚Абдулла ибн Масуд


Ибн Әбу Хатимнен жеткізілген хадисте Алланың елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген:
«Екі тойымсыз ешқашан тоймайды: білімге ұмтылған адам және дүние-мүлікке ұмтылған адам».


Бір күні Жәбир ибн Абдулла (Алла оған разы болсын) Алланың елшісінен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сұрады:
«Уа, Алланың елшісі! Біз бүгінгі амалдарымызды неге сәйкес орындаймыз: алдын ала жазылған және тағдыр етілген нәрсеге ме, әлде әлі жазылатын нәрсеге ме?»


Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жауап берді:
«Жоқ, алдын ала жазылған және тағдыр етілген нәрсеге сәйкес».


Сонда Сурақа сұрады: «Онда не үшін амал жасауымыз керек?»

Алланың елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын):
«Әр адамға өз амалдары жеңілдетіледі», – деп жауап берді.
(хадисті Муслим және Ибн Жәрир жеткізген).


Имам әл-Бухари Әли ибн Әбу Талибтен (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисінде былай дейді:

«Біз Алланың елшісімен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Баки’ әл-Гарқад зиратында жаназаға қатысып тұрған едік. Алланың елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қолында кішкентай таяқ ұстап бізге жақындап келді. Ол жерге отырып, басын төмен түсіріп, әлгі таяқпен жерді шұқылай бастады. Біз оны айнала отырып қалдық. Біраз уақыттан кейін ол былай деді:
«Сендерден (жалпы тірі жандардың) – оның Жәннаттағы немесе Тозақтағы орны алдын ала белгіленбеген және оның бақыты немесе бақытсыздығы жазылмаған ешкім жоқ».


Сонда бір адам:
«Уа, Алланың елшісі! Онда бізге алдын ала жазылған тағдырға ғана сеніп, амал жасауды доғарсақ бола ма? Себебі кім бақыттылардың қатарында болса, сол бақыттылармен бірге болады, ал кім бақытсыздардың қатарында болса, сол бақытсыздардың қатарында қалады емес пе?»

– деп сұрады.

Сонда Алланың елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын):
«Бақыттыларға бақытты ететін амалдарды жасау жеңілдетіледі, ал бақытсыздарға бақытсыз ететін амалдарды жасау жеңілдетіледі»

, – деп жауап берді. Содан соң ол Құрандағы мына аяттарды оқыды:

«Ал енді кім (Алла жолында) мал-дүниесін берсе, тақуалық етсе және ең көркемді (ақыретті) растаған болса, Біз оған ең жеңіл жолды жеңілдетеміз»

(Әл-Ләйл сүресі, 92:5–7).

20 last posts shown.