يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱسْتَعِينُوا۟ بِٱلصَّبْرِ وَٱلصَّلَوٰةِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلصَّٰبِرِينَ
Уа, иман келтіргендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабыр ету әрі намаз оқу арқылы (Алладан) жәрдем сұраңдар. Шүбәсіз, Алла сабырлылармен бірге.
(сура «Бакара» 2:153)
Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) уайым немесе қайғы басқанда, ол намаз арқылы Алладан медет сұрайтын.