Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы келесі жылды «Еңбек адамы жылы» деп жариялады. Бұл бастама еліміздегі еңбек адамдарының құндылығын арттырып, олардың қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Мен осы бағытта еңбек адамдарына қолдау қозғалысын бірінші болып бастаған едім.
Биылғы WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионаты да осы бағытта атқарылған ауқымды шаралардың бірі. Чемпионат техникалық және кәсіптік білімді дамыту, білікті мамандар даярлау және жастарды еңбекке баулу бойынша маңызды қадамдар жасауға мүмкіндік береді.
WorldSkills қозғалысы аясында Қазақстанда өңірлік және республикалық чемпионаттар өткізіліп, онда еліміздің экономикалық салаларының өкілдері бақ сынайды: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, көлік қызметі, өндірістік және инженерлік технологиялар, құрылыс, әлеуметтік және жеке қызметтер, шығармашылық және дизайн.