Қолданыстағы заңда бұралқы жануарларды «Аулау-Стерилизация- Вакцинация-Босату» бағдарламасы қарастырылған болатын. Мұндай бағдарлама Индия, Түркия, Таиланд және т.б. елдерде қолданылады. Бірақ осы елдерде де, бізде де бұл бағдарлама нәтижесін берген жоқ.
Мысалы соңғы жылдары Қазақстанда иттердің саны азайған жоқ. 2023 жылы бұралқы иттің саны 52413 болса, 2024 жылы 72833 ит тіркелген. Ал, осы мәселені зерттеп жүрген GUSODER ұйымының мәліметі бойынша Түркияда қазір 5 миллионға дейін бұралқы иттер бар екен. Түркияда 2 жыл ішінде иттердің шабуылынан 107 адам, оның ішінде 50 бала қайтыс болды Индия, Түркия елдері Дүниежүзілік денсаулық ұйымының ақпары бойынша құтыру ауруының қатері үлкен мемлекеттер болып есептеледі.
Халықаралық тәжірибелерді зерттей келе, біздер бұралқы жаунарлардың санын реттеу үшін көптеген елдерде (Норвегия, Исландия, Ұлыбритания, Латвия, Эстония және т.б.) қолданылатын «Аулау-Ұстау-Эвтаназия» механизмін енгіздік. Бұл механизм бойынша бұралқы жануар ауланады, 15 күн уақытша пунктте ұсталады. Егер ешкім оны алып кетпесе, онда он бес күннен кейін эвтаназияға жіберіледі.
Егер қожайны бар жануар болса, онда 60 күн ұсталады. Қожайны келіп алып кетпесе, онда олда эвтаназияға кетеді. Осы механизмді кейбір зооқорғаушы ұйымдар, депутаттар қолдамай отыр, бірақ өздері бұралқы жануарлардың санын реттейтін нақты механизм ұсына алмады.
Жалпы бұралқы жануарларды реттеу және оларды қорламау кешенді шараларды қажет етеді.
1. Кез келген үй жануарының қожайны болуы керек, ит болсын, мысық болсын. Қожайыны оны чипировать етіп, тіркеу қажет. Еуропадағыдай бір де бір қожайыны жоқ жануар қалмауы керек.
2. Қожайны қалайда вакцинция жасап, қажет болған жағдайда стерилизациядан өткізу керек.
3. Отбасында, барлық деңгейдегі білім ұйымдарында жануарларға деген қамқорлық және олармен қалай қарым-қатынас жасау керек тәрбиенің бір бағыты болуы керек. Яғни жануарларды қараудың мәдениеті қалыптасуы қажет.
4. Жергілікті жерлерде қажетті инфрақұрылымдар: панажай, уақытша ұстайтын пунктер жасақталуы қажет және бюджетте қажетті қаражат бөлінуі қажет.
5. Ветеринария қажетті қызметтің бәрін сапалы атқару керек.
6. Жануарларды сатып алу жүйесі ашық, көлеңкесіз болуы керек.
7. Жануарлар иелерінің жауапкершілігін қатайту керек. Мысалы Италияда көшеге үй жануарларын лақтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік пен 10 мың еуро айыппұл төлеу қарастырылған, ал Францияда көшеде жануарын қараусыз қалдырған қожайынына 3 жыл түрме және 45 мың еуро айып пұл салынады.
Сонымен қатар бізге түсініксіз бірнеше мәселе бар.
Неге зооқорғаушылар мен белсенділер қырылып жатырған ақбөкен, ит балықтар туралы жақ ашпайды? Қуаңшылықта мыңдаған Маңғыстауда мал қырылды, олар туралы мәселе көтерген жоқ!
Неге зардап шеккен, қайтыс болған адамдардан көрі ит пен мысық оларға маңызды?
Неге жануарларға жандары ашыса, панажай ашып немесе үйлеріне алып бақпайды?
Олар не десе о десін, осы жаңа заң жобасының авторларының бірі ретінде, маған азаматтарымыздың, оның ішінде балалардың өмірі мен денсаулығы қымбат!