Qýatuly


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Other


Адам баласы ұйқыда,өлгенде ғана оянады.
(с)Хазіреті Әли

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Other
Statistics
Posts filter




🩸 Оңтүстік аймақта теңізді мекен еткен ерекше микроорганизмдер бар көрінеді. Олар өз денелерінен әрдайым сұйықтық бөліп шығарып, өздері көзге көрінбейді. Бұл сұйықтық бір жерде жиналып, уақыт өте келе, маржанға айналады. Осылайша бірнеше кіші маржан аралдары пайда болады екен. Бұл маржан аралдары адамдардың игілігіне де пайдалы.
Керісінше, дәл осы оңтүстік өлкелерде адам өміріне қауіп туғызатын ұсақ құмырсқалар да бар. Олар өздері мекен еткен жердегі үйлердің қабырғалары мен үй жиһаздарын кеміріп тастайды. Адамдар бұл құмырсқалардан құтылу үшін басқа жерге қоныс аударуға мәжбүр болады.Енді бір сәт мемлекетіміздің жағдайын ойлап көрейік:
«Біздің жасап жатқан қызметіміз мемлекетімізді құрту үшін бе әлде, оны құру үшін бе?». Яғни, мемлекет болашағы үшін маржанбыз ба әлде құмырсқамыз ба?

#Финляндияақлалагүлдермекені


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Aktau😍


📖 Снелман кейде жастарға ренжіп, ашуланғанымен, үлкендер жастарға кінә арта қалған жағдайда үнемі жастарды жақтайтын. Ол үлкендерге қарата:
«Кінә жастарда емес, сіздерде! Сіздер жастарды қалай тәрбиелесеңіздер, олар солай өсіп-жетіледі. Олардың әрбір іс-әрекеті - (жағымды-жағымсыз) сіздердің берген тәрбиелеріңіздің нәтижесі. Жастарға қандай тәрбие бердіңіздер?» - деп, олардың өздерін тығырыққа тірейтін.




Бүгін оқыған ең керемет сөзім:

"Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде, мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз".


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Өмірдің кішкентай сырлары 👌 #2

🔘 Жоғалтатын ешнәрсесі қалмағандардан ұзақ бол
🔘 Ешкіммен араңды үзбе
🔘 Үлкен сөз бер бірақ орындаусыз қалдырма
🔘Өмірдің әрдайым әділ болуын күтпе
🔘 Шешім шығармай тұрып екі тарапты да тыңдап ал
🔘 Тартымды ,ұнамды бол
🔘Саған көмегін бергендерге алғысыңды білдір
🔘Басшыларды дұрыс тағайында
🔘Уақытты және сөздеріңді дұрыс қолдан !Қайта келмейді
🔘Әдемі киін! Адамдар киімге қарап қарсы алады
🔘Кең бол! Шүкір ет.

#Түркістанкүнтізбесі


Video is unavailable for watching
Show in Telegram






Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Өмірдің кішкентай сырлары👌 #1

🔘 Көп-көп күлімде! Күлімдегенге шығын кетпейді, бірақ құн жетпес жетістіктерге жол ашады.

🔘 Батыл бол! Болмасаңда солай көрін.

🔘Адамдарды аттарымен ата.

🔘 Болмашыға алаңдай берме.

🔘 Алғашқы әсерлерге сенбе.

🔘 Досыңа қарыз бергенде абай бол! Екеуінде жоғалтып алуың мүмкін.

#Түркістанкүнтізбесі


📌Халифа Алтай:

✅«1991 жылы желтоқсан айының ортасында Ыстамбұл көшесінде келе жатып, көпшілік радиодан «Бүгін Қазақ елі тәуелсіздік алды, жер бетінде Қазақстан деген дербес мемлекет пайда болды!» деп түрік тілінде саңқылдап жатқан дауысты естідім. Естідім де, егіліп жыладым. Сол тұрған жерімде құбыланы тауып алып, сәждеге кеттім. Жаратқан Иеден: «Иә, Аллам, қазақ деген халыққа ақыры еркіндік келді-ау, абырой бердің-ау! Айбарлы мемлекет қыла гөр! Ғұмырлы қыла гөр!» деп дұға тіледім. «Қуаныштан ыршыған көз моншақтарым тас еденге тырс-тырс тамады. Сәжде қылған жерімде ұзақ жатып қалыппын...»


Ниет

Бір құмырсқа🐜 қажылыққа баруға ниет етіп жолға шығыпты. Көрген жұрт:
— Құмырсқа-ау, мына жүрісіңмен қажылыққа жете алмайсың ғой,-дейді. Сонда құмырсқа:
— Жете алмасам, қажылыққа бару жолында өлермін,-депті.

P/S: Бұл мысал ниеттің өте маңызды екенін білдіреді. Пайғамбарымыз бір хадисінде: " Мұсылманның ниеті жасаған амалынан қайырлы" дейді.

[ "Ғаламның рахым нұры " кітабынан]


Forward from: RASHEV
Родители

Какими бы не были родители - их нужно уважать и любить. С родителями нужно проводить как можно больше времени (когда живете вместе) и общаться с ними почаще (когда живете раздельно).

Любые родители хотят быть современными и модными, поэтому им нужно прощать все несмешные мемасики по вотцапу, баяны в семейном чате и огромные простыни с советами и нравоучениями. В жизненных вопросах родители могут подсказать много ценного.

Но:

У родителей никогда нельзя спрашивать совета по поводу выбора карьеры или бизнеса. Потому что все родители - эксперты по рынку труда 20-летней давности.


🦅 Жарықтан қайта қараңғылыққа ұмтылма...


🏔 Әйгілі шешен Халид ибн Сафуанға (һижри 135) біреу келіп:
«Адам баласының ең сорлысы, бейшарасы кім?» деп сұрайды. Халид:

«Адамның ең сорлысы дос іздемеген адам. Ал одан сорлысы бар досын жоғалтқан адам» деп жауап берген екен.

P/S Алла Тағала сіз бен бізге досымыздың көп болуын нәсіп етсін! Достарымыздың қадірін білуді бұйыртсын!


“Досыңды қуантатын нәрсе, саған қуаныш болса, досыңды қайғыртатын нәрсе, саған қайғы болса - онда бұл нағыз достық”.

Ибн Хазм әл-Андалуси (Алла оны рақымына алсын).


Достық жайлы 🦅

20 last posts shown.

35

subscribers
Channel statistics