📌Халифа Алтай:
✅«1991 жылы желтоқсан айының ортасында Ыстамбұл көшесінде келе жатып, көпшілік радиодан «Бүгін Қазақ елі тәуелсіздік алды, жер бетінде Қазақстан деген дербес мемлекет пайда болды!» деп түрік тілінде саңқылдап жатқан дауысты естідім. Естідім де, егіліп жыладым. Сол тұрған жерімде құбыланы тауып алып, сәждеге кеттім. Жаратқан Иеден: «Иә, Аллам, қазақ деген халыққа ақыры еркіндік келді-ау, абырой бердің-ау! Айбарлы мемлекет қыла гөр! Ғұмырлы қыла гөр!» деп дұға тіледім. «Қуаныштан ыршыған көз моншақтарым тас еденге тырс-тырс тамады. Сәжде қылған жерімде ұзақ жатып қалыппын...»