КӨСЕМДЕР ҚАЙТСЕ ШЫҒАДЫ?
Ш.: Жерұйықта адамның физикалық денесі қазіргі телефонның орнын алмастыра ала ма?
Ұ.: Иә. Бір артықшылығы бұған зарядка керек болмайды. Алтыншы Саты адамы, өзі – үлкен ақпарат орталығы. Адам Жерұйықта физикалық қарадүрсін тәннің ықпалынан шығып өзінің астрал денесіне көбірек құлақ асатын болады. Біздің қасиет көздеріміз астрал денеде орналасқандықтан алыста тұрып-ақ бір-бірімен байланыс орнату, хабар алмасу, көмектесу мүмкін болады.
Сөйтіп балаларды кітапқа, ұлттық педагогикаға қайтадан қайтару керек. Ән мен жырға баулып, спектаклдерде ойнату керек. Сол кезде баланың сезімі ашылады. Ал, ғаламтордың сағызынан бала тозады. Сағыздан сөл көп бөлінгенімен ми мен жүрекке ешқандай пайда бермейді.
Ш.: Рас айтасыз. Ғаламтордан керегін алып әбден жаман үйренген бала қазір тіпті көбейту кестесін де білмейді.
Ұ.: Менің таң қалғаным, бір дүкенде кассир екіге екіні қосқанда неше шығатынын тексеру үшін компьютерді қосып жатыр. Бұндай заманға ешқашан жетпейтін шығармын деп ойлаушы едім, жеттім мінекей!
Біз ешқандай компьютерсіз-ақ үлкен-үлкен есептерді баспен ойлап шығарып беретінбіз. Қазіргілер бастарын емес, компьютерді қосатын болыпты. Бұл – қазіргі өркениеттің жаман әсері. Балалар таңертеңнен кешке дейін қозғалмай үйде телефонға тұқшиып отырады. Соткамен ойнайды. Өздерінің виртуалды әлемдері бар. Ол енді – үлкен ауру. Қазір ғалымдар балаларды далаға қалай шығаруды ойлап жүр. Орманға, өзенге барып табиғатпен қатынас жасау керек.
Ш.: Мысал үшін қазіргі физикалық дүниедегі жаратылысты Құдыретті Күштер жасаған стратегиялық ойын деп қарастыруға бола ма?
Ұ.: Иә.
Ш.: Белгілі бір кейіпкерлері бар, дамуы мен шарықтау шегінің бірнеше нұсқасы қарастырылған стратегиялық ойын.
Ұ.: Иә, оны таңдау керек. Нағыз дұрыс жолды табу керек. Сондай ойындар бар. Бірақ компьютер ойындарының дені адам рухын адастыруға, қатыгездікке, сезімсіздікке алып келетін теріс тәрбие құралы. Қазір ғалымдар осы үлкен проблема – балалардың тәрбиесін шешуге тырысып жатыр. Әйтпесе қазіргі өсіп бара жатқан бала компьютер ойындарының кесірінен жүрексіз адам боп шығады. Осы – қиын.
Тәжірибеден белгілі, егер балалар далаға шығып ойнамаса, топ ішінен лидер шықпайды екен. Лидер ұлттық ойын ойнайтын балалар ішінен шығады. Біздің қазақтың ұлттық ойындары – асық ату, аударыспақ, көкпар, жамбы ату, күрес секілді ойынға балаларды тартудың түпкі мақсаты – лидер тәрбиелеу. Егер қазақта топты бастайтын серкелер болмаса кім болса сол келіп бізді басып алады.
Бұрынғы заманда талай-талай дамыған өркениет елдерін рухы күшті көшпенділер жаулап алатын.
Дамыған Қытай, дамыған Греция, дамыған Византия, дамыған Мысыр... бәрі де көшпенділерден жеңілді. Бізге қарсы тұруға лидерлері табылған жоқ. Жүрек жұтқан әскері де болмады.
Енді үйдегі ғаламтордан баланы далаға шығару керек. Ауылда бұған мүмкіндік бар. Ал, қаладағы балаларға өте қиын. Оның шығып аулада ойнайтын орындары аз. Гараждар, қоймалар, мектептегі спортзал бар, сонымен бітті. Қазіргі шығып жатқан қатыгез балалардың кесірін ел көреді әлі. Кісі өлтіретін компьютер ойынына әбден машықтанып алған бала, біреуді шынымен ұрып-соққанда оған зақым келетініне мән бермейді. Оны ойын деп ойлайды. Қазіргі заманның проблемасы осы. Бәрін шешетін Алтыншы Сатының өркениеті.
Ш.: Жасанды Интеллект деген қазір тіпті қиын болып кетті. Соның салған суреттері мен видеолары адамды шатастырады. Өте шынайы жасалса да логикаға келмейді.
Ұ.: Иә. Мен ғаламтордан «Ақ Сарбаз» кітабының орысша аудиосын тыңдап көрдім. Сөйтсем оны айтатын жасанды интеллектің дауысы екен. Дәп менің дауысыма ұқсатып салып қойыпты. Бірақ кейбір сөздердің екпінін дұрыс айтпайды. Мен сонда оның менің даусыммен сөйлеп отырған жасанды интеллект екенін сездім. Бір сағат бойы ентікпей, үзіліс жасамай, бәрін өте дұрыс айтып берді. Сөйтіп оның әсері маған да тиіп жатыр.
Бұл – Бесінші ақыл Сатысының тығырыққа тіреліп іріп-шіри бастағанының бір көрінісі. Бізді бұл тығырықтан Алтыншы Саты өркениеті ғана құтқара алады!