ҚЫРҒЫЗ БЕН ҚАЗАҚ
Ш.: Инстаграмда: «Қырғыз елінің болашағы не болады екен? Біз қашан даму жолына түсеміз?» деген сұрақ болған екен Нұрсәулеге...
Ұ.: Ата оларды ұмытпайды де. Қырғыздар – біздің бауырымыз. Көршілеріміздің ішінде қазақтарға нағыз жақыны – қырғыздар.
Ш.: Қырғыз көршілерден тағы сұрақ бар екен: «Ақ Сарбаз аға «Ақ Сарбаз» кітабының 7-циклында қырғыз халқы туралы айтыпты. «Қырғыз халқы қазақ халқына берген жәрдемі үшін Эволюцияның Алтыншы Сатысына емтихансыз өтуге рұқсат алды» дегенді қалай түсінуге болады?
Мен қырғыз болғандықтан маған өз елім туралы ақпарат қызық» депті.
Ұ.: Басқа халықтардың бәрі де емтиханнан өтеді. Ал, қырғыздар бізді жақтағаннан кейін Алтыншы Сатыға емтихансыз көтерілді. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде қырғыздың 200-ге тарта жігіті атқа мініп Алматыға бізге көмекке аттанған. Оларды ұстап, жібермей қойды. Бірақ қырғыз елінің ұмтылысы оның рухани деңгейін көрсетті. Олар енді қиналмай Алтыншы Сатыға өте береді.
Ш.: Апатқа ұшырамай ма?
Ұ.: Иә, иә. Басқа елдер сияқты қиын табиғат апатына ұшырамайды. Қырғызстандағы Алтыншы Сатының балаларын мен көрдім. Бір рет Қырғыстаннан репортаж болды. Сонда қырғыз мектептерін көрсетті. Қарапайым ауыл мектебі ішінде Алтыншы Сатының балалары жүрді.
Алайда сол мектептің жағдайы өте нашар болды. Әбден тозған. Жаңбыр өтіп қабырғалары шірігеннен саңырауқұлақ шығатын болыпты. Бұл оқушылар мен мұғалімдердің дем алуына зиян ғой!
Сол жерде ақылды қырғыз журналистері қарсы тұрған су жаңа мешіт ғимаратын көрсетті. Мінекей жарқыраған мешіт тұр! Мешіттің орнына сол қаражатқа жаңа мектеп салуға болатын еді.
Бұл не деген сұмдық?! Мынау балалар оқитын мектеп дәлізінде ыдыстар тұр. Өйткені жаңбыр жауса төбеден су ағады. Сонда: «Біз кімбіз? Мұсылманбыз ба, әлде адамбыз ба?» деген сұрақ болды.
Енді қырғыз бауырларымыз ойлансын. Біздің елімізде де мешіттер толып жатыр. Анау қантөгіс болған Талғарда қазақ мешіті, ұйғыр мешіті, түрік мешіті, шешен мешіті – 4 мешіт жұмыс жасап тұр.
Желтоқсан оқиғасынан кейін Горбачев 100 күн теледидардан көрінбей қойды ғой. Содан кейін Талғардың техникум мұғалімін жақтаған әңгімемен шықты.
– Талғардағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру техникумының оқытушысы диабетпен ауыратын анасы үшін техникум асханасынан бір-екі кило қарақұмық сатып алып еді. Осы үшін оны «антисоветчик» деп айыптап, жұмыстан қуып жіберді. Жолдастар, бұл не деген бассыздық! Ол не, сол қарақұмықты ұрлап алып па? Мұндай асыра сілтеуді доғарайық, жолдастар! – деді Горбачев.
Бұл өте жақсы техникум болатын. Халыққа керек мамандық иелерін механизатор, электрик, сварщик, матористер дайындайтын.
Қазір сол техникумның орнында мешіт тұр. Мешіттердің соңынан ОПГ шықты. Ақырында ата-анасының көзінше 15 жастағы баланы өлтірді. Сонда олар тамыр жайып әбден бетімен кеткен болып тұр. Мінекей даму мен құлдыраудың айқын мысалы.
Қырғыз бауырларымыз осыдан сабақ алсын. Ислам дінін шектеген өзбектер қалай дамып бара жатыр. Дінге шырмалған біз қайдамыз!
Қазір кейбір өзбек дүкендерінің алдында азық-түлік пен құрылыс материалдары сатушысыз сатылатынын теледидардан көрсетуде.
Біздің елімізде соны істеп көрші, бәрін тонап кетсін. Міне екі мемлекеттің арасындағы айырмашылық. Ол жерде мешіт жоқ, ислам жоқ, ұры жоқ.
Ал, біздің еліміз бен қырғыз елінде исламның зардабын тартып халық тозып барады. Біз осыдан сабақ алуымыз керек.