Жетісу облыстық сотында ашық есік күні өтті
🔹Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының хаттамалық тапсырмасын жұзеге асыру жөніндегі жоспарға сәйкес облыстық сотта Талдықорған заң колледжінің студенттеріне арналған ашық есік күні өткізілді.
🔹Студенттермен кездесуде судья Шалқар Талданбаев сот жүйесінің, әсіресе Жетісу облысы соттарының қызметі туралы айтып берді, болашақ заңгерлерге судьялардың жауапкершілігі мен жұмысының қиындығы туралы түсіндірді. Сондай-ақ, қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сот төрелігінің ашықтығы мен мобильдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жеңілдету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
🔹Соттың баспасөз қызметінің басшысы Нұрсұлтан Орынбасаров сот ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырып, сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялармен таныстырып, сот отырысы залындағы аудио-бейне жазу жұмысының барысын көрсетті.
🔹Кездесу барысында студенттер соттардың ағымдағы қызметімен танысып, қойылған сұрақтарға толық жауап алды.
🖋Дереккөз: Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.