Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


🔹Қауіпсіздік үшін цифрлық интеграция

⚡️Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы базасында азаматтық қорғау саласындағы жаңғырту және цифрландыру мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нұржігітов, Төтенше жағдайлар вице-министрі Б. Әбдішев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі М. Олжабеков, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Құрмалаев сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

✔️Кеңестің негізгі мәселелерінің бірі ҚР ТЖМ Командалық орталығының IT-инфрақұрылымын жаңғырту болды. Төтенше жағдайлар вице-министр Б. Әбдішев төтенше жағдайлар кезінде неғұрлым тиімді мониторинг пен жедел басқару үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында командалық орталықты жаңартуға айтарлықтай күш жұмсалғанын атап өтті.

✔️«2024 жылы көптеген мүдделі тараптардың бірлескен жұмысының арқасында жедел, жүйелі, нақты шешімдер қабылданды, бұл кешенде орман өрттерінің аумағын қысқартуға мүмкіндік берді», — деп атап өтті Е. Нысанбаев.


🌐 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

______

🔸Цифровая интеграция для безопасности

⚡️На базе Командного Центра стратегического планирования и оперативного управления Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан прошло совещание, посвященное вопросам модернизации и цифровизации в сфере гражданской защиты. В мероприятии приняли участие министр экологии и природных ресурсов Е. Нысанбаев, министр водных ресурсов и ирригации Н. Нуржигитов, вице-министр по чрезвычайным ситуациям Б. Абдышев, вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности М. Олжабеков, вице-министр экологии и природных ресурсов Н.Курмалаев, а также представители профильных государственных организаций и национальных компаний.

✔️Одним из ключевых вопросов совещания стала модернизация IT-инфраструктуры Командного центра МЧС РК. Вице-министр по чрезвычайным ситуациям Б. Абдышев отметил, что значительные усилия были направлены на обновление Командного центра с целью внедрения современных цифровых решений для более эффективного мониторинга и оперативного управления в условиях чрезвычайных ситуаций.

✔️Как отметил Е.Нысанбаев «В 2024 году благодаря совместной работе многих заинтересованных сторон были приняты оперативные, системные, четкие решения, которые в комплексе позволили сократить площадь лесных пожаров».


🌐 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru

@EcologyofQazaqstan




Репост из: UKIMET
В Правительстве рассмотрены меры по активизации природоохранной деятельности в Казахстане

📌 В ходе заседания Правительства особое внимание уделено вопросу восстановления популяции сокола-балобана, включенного в Красную книгу Международного союза по охране природы.

🔵 В Казахстане это самый крупный представитель семейства соколиных. В настоящее время он находится под угрозой исчезновения. Премьер-министр поручил министерству экологии совместно с министерствами науки и финансов определить актуальную численность сокола-балобана и оценить эффективность его реинтродукции.

Также отмечена необходимость усиления работы в области защиты окружающей среды.

«В целом хочу отметить, что нужно активизировать природоохранную деятельность в Казахстане. Надо воспитывать уважительное отношение к флоре и фауне, общими усилиями решать экологические проблемы, тем самым сохраняя уникальную природу нашей страны», — обратил внимание Премьер-министр.


📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Үкіметте еліміздегі табиғатты қорғау қызметін жандандыру шаралары қаралды

📌 Үкімет отырысы барысында Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енген ителгіні жойылып кетуден қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды.

🔵 Бұл – Қазақстандағы сұңқар тұқымдастарының ішіндегі ең ірісі. Қазіргі уақытта оған жойылып кету қаупі төніп тұр. Премьер-министр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Ғылым және жоғары білім, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, ителгінің өзекті санын анықтап, оны қайта жерсіндірудің тиімділігін бағалауды тапсырды.

Сондай-ақ қоршаған олртаны қорғау қызметін күшейту қажеттігі атап өтілді.

«Жалпы, Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін жандандыру қажет екенін атап өткім келеді. Біз флора мен фаунаны қорғап-күту мәдениетін қалыптастырып, экологиялық мәселелерді бірлескен күш-жігермен шешу арқылы еліміздің бірегей табиғатын сақтауымыз қажет», — деді Премьер-министр.


📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
В Казахстане разрабатывается Концепция сохранения биоразнообразия. Олжас Бектенов поручил Министерству экологии и природных ресурсов внести документ в Правительство в августе 2025 года

📌 В ходе заседания Правительства Премьер-министру Олжасу Бектенову было доложено о разработке Министерством экологии и природных ресурсов Концепции сохранения биоразнообразия. Документ должен стать ключевым в работе по сохранению редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных.

🔷 Олжас Бектенов поручил руководству Министерства и другим заинтересованным государственным органам совместно с научным сообществом детально проработать все предусмотренные Концепцией мероприятия и внести документ на рассмотрение Правительства в августе 2025 года.

🔷 Руководитель Правительства также отметил, что на сегодня не во всех регионах решены вопросы охраны животного мира в резервных фондах охотничьих угодий. Незащищенными в настоящее время остаются 15 млн га в 9 областях Казахстана. Олжас Бектенов поручил руководителям акиматам регионов завершить работу по созданию специализированных организаций в срок до конца января 2025 года.

📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Қазақстанда биоалуандылықты сақтау тұжырымдамасы әзірленуде. Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрлігіне құжатты 2025 жылғы тамыз айында Үкіметке енгізуді тапсырды

📌 Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектеновке Экология және табиғи ресурстар министрлігінің биоалуандылықты сақтау тұжырымдамасын әзірлеу барысы туралы баяндалды. Тұжырымдама сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін сақтау жұмысында негізгі құжатқа айналуы тиіс.

🔷 Олжас Бектенов Министрлік басшылығына және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, Тұжырымдамада көзделген барлық іс-шараны егжей-тегжейлі пысықтауды және құжатты 2025 жылғы тамызда Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.

🔷 Сондай-ақ Премьер-министр бүгінде барлық өңірде аңшылық алқаптардың резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғау мәселесі шешілмегенін атап өтті. Бүгінде еліміздің 9 облысында 15 млн га жер қорғалмаған күйінде қалып отыр. Олжас Бектенов өңір әкімдіктері басшыларына 2025 жылғы қаңтар айының соңына дейін мамандандырылған ұйымдар құру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
В Правительстве рассмотрены вопросы сохранения редких и находящихся на грани исчезновения животных. Премьер-министр поручил разработать комплексный подход и с начала 2025 года запустить платформу природных ресурсов Tabigat

📌 Вопросы сохранения редких и находящихся на грани исчезновения животных рассмотрены на заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова.

✔️ В настоящее время в Красной книге зарегистрировано свыше 220 видов животных. Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев доложил, что благодаря проделанной работе отраслевых объединений и научных организаций в период с 2005 по 2023 годы выросла численность тугайного оленя с 350 до 1 147 особей, кулана с 1 112 до 4 493, архара с 8 835 до 20 316, джейрана с 12,5 тыс. до 15,4 тыс., также снежного барса, сайги и дрофы-красотки.

⏩ Для эффективной работы по сохранению редких и исчезающих представителей фауны Премьер-министр Олжас Бектенов поручил разработать комплексный подход, предусматривающий мониторинг, охрану и оценку угроз экосистемам и видам животных.

«Ключевым фактором эффективного выполнения задач по защите животного и растительного мира является внедрение на всех этапах новых технологий и информационных систем. К примеру, интерактивная карта природных ресурсов «Tabigat» включает в себя необходимую информацию о текущем состоянии окружающей среды, лесных и водных ресурсов, животном мире и рыбном хозяйстве.
Данная система в открытом доступе позволит всем гражданам моментально фиксировать экологические и другие природные нарушения и сообщать в соответствующие органы власти для реагирования», — подчеркнул Олжас Бектенов.


📌 Руководитель Правительства поручил обеспечить ввод данной платформы в промышленную эксплуатацию с начала 2025 года. На сегодня сервис функционирует в пилотном режиме.

📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Үкіметте сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды сақтау мәселесі қаралды. Премьер-министр кешенді тәсіл әзірлеуді және 2025 жылдың басынан Tabigat табиғи ресурстар платформасын іске қосуды тапсырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау мәселесі қаралды.

✔️ Қазіргі таңда Қызыл кітапқа енген жануарлардың 220-дан астам түрі бар. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2005–2023 жылдар аралығында атқарылған жұмыстардың арқасында тоғай бұғыларының саны 350-ден 1 147 басқа дейін, құландар 1 112-ден 4 493-ке дейін, арқарлар 8 835-тен 20 316-ға дейін, қарақұйрықтар саны 12,5 мыңнан 15,4 мыңға дейін, сондай-ақ қар барысы, ақбөкендер мен жек-дуадақтар саны өскенін баяндады. Бүгінгі таңда Министрлік омыртқасыздардың 21 түрін алып тастау бойынша ұсыныстар енгізді.

⏩ Премьер-министр Олжас Бектенов сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген фаунаны сақтау бойынша нәтижелі жұмыс істеу үшін экожүйелер мен жануарлар түрлеріне мониторинг жүргізуді, қорғау мен бағалауды көздейтін кешенді тәсіл әзірлеуді тапсырды.

«Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауда барлық кезеңде жаңа технологиялар мен ақпараттық жүйелерді енгізу шешуші фактор саналады. Мысалы, “Tabigat” табиғи ресурстарының интерактивті картасы қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі, орман және су ресурстары, жануарлар дүниесі мен балық шаруашылығы туралы қажетті ақпаратты қамтиды.
Ақпаратты еркін алуға болатын бұл жүйе экологиялық және басқа да заңсыздықтарды барлық азаматтардың сол сәтте анықтап, тиісті билік органдарына хабарлауына мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📌 Премьер-министр аталған платформаны 2025 жылдың басынан іске қосуды тапсырды. Бүгінгі таңда бұл жүйе пилоттық режимде жұмыс істеуде.

📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Минимизировать гибель птиц на линиях электропередач и ветровых электростанциях намерены в Казахстане

📌 Представитель Казахстанской ассоциации сохранения биоразнообразия Сергей Скляренко на заседании Правительства поднял вопрос сохранения путей миграции диких животных при развитии дорожной инфраструктуры, строительстве и эксплуатации объектов электроэнергетики.

🔵 Он отметил, что антропогенные воздействия, вызванные быстрым развитием отраслей экономики и инфраструктуры, могут угрожать целостности ареалов и состоянию популяций ряда видов, что усугубляется изменением климата.

🔵 В этой связи важно учитывать вопросы сохранения животного мира при стратегической экологической оценке, в рекомендациях по оценке воздействия на окружающую среду, в градостроительстве.

«Требуется дальнейшее совершенствование нормативной базы в этом направлении, с уделением особого внимания сохранению путей миграции диких животных при развитии дорожной инфраструктуры, а также энергетического сектора. В частности, в законопроекте, инициированных депутатами, есть нормы по необходимости разработки мероприятий, предотвращающих гибель животных, при проектировании строительства и эксплуатации объектов электроэнергетики. Это позволит минимизировать гибель птиц на линиях электропередач и ветровых электростанциях, которые могут находиться в миграционных коридорах многих редких видов птиц или вблизи их мест гнездования», — отметил Сергей Скляренко


📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Қазақстанда электр тарату желілері мен жел электр стансаларында құстардың қырылуын барынша азайту мақсаты қойылды

📌 Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілі Сергей Скляренко Үкімет отырысында жол инфрақұрылымын дамыту, электр энергетикасы объектілерін салу және пайдалану кезінде жабайы жануарлардың қоныс аудару жолдарын сақтау мәселесін көтерді.

🔵 Ол антропогендік әсерлер мен экономика салаларының жылдам дамуы – бірқатар түрлердің таралу аймақтарының тұтастығы мен популяциясының жағдайына қауіп төндіріп жатқанын атап өтті, бұл қауіп климаттың өзгеруімен одан әрі күшейе түсуде.

🔵 Осыған байланысты, стратегиялық экологиялық бағалау кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі ұсыныстарда, қала құрылысында жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін ескеру маңызды.

«Бұл бағытта нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру қажет, әсіресе автомобиль жолдары инфрақұрылымын дамыту кезінде және энергетика секторында жабайы жануарлардың қоныс аудару жолдарын сақтауды ерекше назарға алу қажет. Атап айтқанда, депутаттар ұсынған заң жобасында электр энергетикасы объектілерін жобалау, салу және пайдалану кезінде жануарлардың қырылуын болдырмайтын шараларды әзірлеу қажеттілігі туралы нормалар бар. Бұл сирек кездесетін құстардың қоныс-аудару жолдарында немесе олардың ұя салатын жерлеріне жақын орналастырылған электр тарату желілері мен жел электр стансаларында құстардың қырылуын азайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Сергей Скляренко.


📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Казахстан намерен стать членом Глобального информационного фонда по биоразнообразию

📌 Директор Института зоологии Роман Ященко на заседании Правительства сообщил, что в Казахстане обновят Красную книгу животных.

⏩ Он отметил, что Институтом зоологии подготовлено пятое обновление Красной книги животных в рамках программно-целевого финансирования, где впервые применены международные критерии оценки угроз МСОП, создана электронная база данных по редким и исчезающим видам и разработан официальный веб-портал. Для уточнения общеупотребимых казахских названий животных в Институте зоологии была создана Терминологическая комиссия по казахскому языку в составе специалистов зоологов и филологов.

«В последние годы произошли изменения в систематике животных, накоплены современные данные по их распространению, численности и биологическим особенностям. В связи с этим из Красной книги исключены 21 вид и включены 11 видов животных, а для 59 видов и подвидов уточнены научные и общеупотребимые названия. На основе результатов научных исследований для каждого вида внесены данные о численности, разработаны подробные карты распространения и миграций, даны рекомендации по сохранению. В итоге, 5-е обновление Красной книги включает 217 видов животных, включая 82 вида беспозвоночных и 135 видов позвоночных», — сообщил Роман Ященко.


➡️ Отмечено, что в ближайшее время планируется запустить многолетнюю научно-техническую программу по Национальному Красному списку. В результате этих работ будут оценены угрозы существования для всех видов диких животных Казахстана (около 100 тыс. видов беспозвоночных и более 900 видов позвоночных животных) на основе единых международных подходов МСОП.

🔷 В этом году в рамках глобального процесса цифровизации данных по биоразнообразию Институт зоологии совместно с МЭПР начал работу по включению казахстанских материалов в Глобальный информационный фонд по биоразнообразию (GBIF). В ноябре текущего года проведена региональная встреча и сейчас запущен процесс вступления Казахстана в полноправные члены этой глобальной структуры.

📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Қазақстан Биоалуантүрлілік жөніндегі жаһандық ақпараттық қордың мүшесі болуға ниетті

📌 Зоология институтының директоры Роман Ященко Үкімет отырысында Қазақстанда жануарлардың Қызыл кітабы жаңартылатынын айтты.

⏩ Ол Зоология институты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жануарлардың Қызыл кітабына бесінші жаңартуды дайындағанын, онда алғаш рет Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) қауіптерін бағалаудың халықаралық критерийлері қолданылғанын, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлер бойынша электрондық деректер базасы құрылғанын және ресми веб-портал әзірленгенін атап өтті. Зоология институтында зоологтар мен филологтардың құрамында Қазақ тілі бойынша терминологиялық комиссия құрылды.

«Соңғы жылдары жануарлар жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болды, олардың таралуы, саны және биологиялық ерекшеліктері туралы заманауи мәліметтер жинақталды. Осыған байланысты Қызыл кітаптан 21 түр алынып тасталды және жануарлардың 11 түрі енгізілді, ал 59 түр мен кіші түрге ғылыми және жалпы қолданылатын атаулар нақтыланды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде әр түрге саны мен оның динамикасы туралы мәліметтер енгізілді, таралу мен көші-қонның егжей-тегжейлі карталары жасалды, сақтау бойынша ұсыныстар берілді. Нәтижесінде, Қызыл кітаптың қазіргі 5-ші жаңаруы жануарлардың 217 түрін, оның ішінде омыртқасыздардың 82 түрін және омыртқалылардың 135 түрін қамтиды», — деді Роман Ященко.


➡️ Жақын арада Ұлттық Қызыл тізім бойынша көпжылдық ғылыми-техникалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отырғаны атап өтілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде ХТҚО бірыңғай халықаралық тәсілдерінің негізінде Қазақстанның барлық жабайы жануарлар түрлерінің (омыртқасыздардың 100 мыңға жуық түрі және омыртқалы жануарлардың 900-ден астам түрі) өмір сүру қаупі бағаланатын болады.

🔷 Биыл биоалуантүрлілік бойынша деректерді цифрландырудың жаһандық процесі шеңберінде Зоология институты ЭТРМ-мен бірлесіп биоәртүрлілік жөніндегі жаһандық ақпараттық қорға (GBIF) қазақстандық материалдарды енгізу жұмыстарын бастады. Қараша айында осы қормен өңірлік кездесу өткізілді және қазір Қазақстанның осы жаһандық құрылымның толыққанды мүшелеріне кіру процесі басталды.

📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Центр воспроизводства сокола-балобана предлагают создать в РК

📌 Министр экологии и природных ресурсов РК Ерлан Нысанбаев на заседании Правительства сообщил, что ведомством разработаны две научно-технические программы по исследованию актуальной численности сокола-балобана.

🔷 Он отметил, что разработаны две научно-технические программы на 2025-2027 годы, в части исследования актуальной численности сокола-балобана и оценки эффективности его выпуска в окружающую среду.

«В настоящее время мы ожидаем рассмотрение этих тем на заседании Высшей научно-технической комиссии, после чего будем выходить на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии. Вместе с тем, для эффективного восстановления популяции сокола необходимо создание Центра воспроизводства. В настоящее время мы прорабатываем этот вопрос с международными партнерами», — сообщил Ерлан Нысанбаев.


📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Қазақстанда ителгі құсын көбейту орталығын құру ұсынылуда

📌 ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында сұңқар тектес ителгі құсының санын зерттеу бойынша екі ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлегенін хабарлады.

🔷 Оның айтуынша, ителгінің қазіргі санын зерттеу және оны қоршаған ортаға жіберудің тиімділігін бағалау үшін 2025-2027 жылдарға арналған екі ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленді.

«Қазіргі уақытта біз Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысында осы бағдарламалардың қаралуын күтудеміз, содан кейін Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығарылады. Бұған қоса, сұңқар популяциясын тиімді қалпына келтіру үшін жек-дуадақ үлгісінде ителгіні өсіру орталығын құру қажет. Қазіргі уақытта біз бұл мәселені халықаралық серіктестермен бірлесіп қарастырудамыз», — деді Ерлан Нысанбаев.


📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Возрождение популяции Туранского тигра: какая работа проведена в Казахстане

📌 Министр экологии и природных ресурсов РК Ерлан Нысанбаев на заседании Правительства доложил о проводимой в республике работе по возрождению популяции Туранского тигра в местах их исторического обитания.

➡️ Он отметил, что в рамках реализации программы по восстановлению тигров, создан государственный природный резерват Иле-Балхаш.

✔️ Для восстановления естественной кормовой базы тигра с 2018 по 2024 год на территорию резервата завезено 205 особей тугайного оленя, проведена работа по переселению более 100 голов куланов, увеличена плотность популяций косули и кабанов.

✔️ Осенью текущего года из Нидерландов завезены 2 особи тигра в резерват Иле-Балхаш для вольерного разведения. В 2025 году из РФ ожидается привоз 3-4 тигров из дикой природы.

«Надеемся, что завезенные тигры и их потомство станут первыми дикими тиграми, вновь появившимися на территории Казахстана после более чем 70-летнего отсутствия», — подчеркнул Ерлан Нысанбаев.


Отмечено, что переселение животных и создание условий для их адаптации способствуют сохранению вида и восстановлению природного баланса уникальных степных экосистем Казахстана.

📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Тұран жолбарысы популяциясының жандануы: Қазақстанда қандай жұмыс жүргізілді

📌 ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында республикада Тұран жолбарысының тарихи мекеніне жерсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

➡️ Ол жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру аясында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты (415 мың га) құрылғанын атап өтті.

✔️ Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін 2018-2024 жылдар аралығында резерваттың аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінді, 100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді, еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді.

✔️ Биыл күзде Іле-Балқаш резерватында арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелінді. 2025 жылы Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде.

«Әкелінген жолбарыстардың тұқымдары Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.


Жануарлардың қоныс аударуы және олардың бейімделуіне жағдай жасау Қазақстанның бірегей дала экожүйелерінің түрін сақтауға және табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіруге ықпал ететіні атап өтілді.

📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Численность снежных барсов увеличена в 2 раза в Казахстане

📌 Министр экологии и природных ресурсов РК Ерлан Нысанбаев на заседании Правительства сообщил, что благодаря принимаемым усилиям в Казахстане удалось увеличить численность снежных барсов более чем в 2 раза и довести до порядка 180 особей.

⏩ Он отметил, что в республике предпринят ряд комплексных мер по восстановлению численности снежных барсов, на ключевых участках обитания созданы особо-охраняемые природные территории на площади 3,6 млн га, сейчас порядка 70% мест обитания барсов защищены ООПТ.

➡️ Активно применяются современные методы учета и мониторинга, используются фотоловушки и спутниковая телеметрия. Проведено мечение 11 особей барсов спутниковыми ошейниками, на основе полученных данных планируется совершенствование сети особо-охраняемых природных территорий.

«Благодаря принимаемым усилиям по охране и мониторингу снежных барсов нам удалось увеличить численность с критического уровня 90-х годов более чем в 2 раза и довести до порядка 180 особей. Работа по сохранению вида продолжается, активно развивается трансграничное и международное сотрудничеств», — подчеркнул Ерлан Нысанбаев.


📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
Қазақстанда барыстардың саны 2 есеге артты

📌 ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында қабылданған күш-жігердің арқасында Қазақстанда қар барыстарының санын 2 еседен астамға көбейіп, 180 басқа жеткізілгенін хабарлады.

⏩ Ол республикада қар барыстарының санын қалпына келтіру бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылданғанын, негізгі мекендеу орындарында 3,6 млн га алаңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанын (Іле Алатауы, Көлсай көлдері, Алтынемел, Сайрам-Өгем, Жоңғар Алатауы, Шарын, Тарбағатай, Катонқарағай МҰТП, Қаратау және Батыс Алтай МТҚ және басқа қорықтар) атап өтті, қазір барыстар мекендейтін жерлердің шамамен 70%-ы ЕҚТА ретінде қорғалған.

➡️ Есепке алу және мониторинг жүргізудің заманауи әдістері, фототұзақтар мен спутниктік телеметрия белсенді қолданылады. 11 барыс спутниктік арнайы мойын қарғысымен таңбаланды, алдағы уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін жетілдіру жоспарланып отыр.

«Қар барыстарын қорғау және мониторинг жүргізу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың саны 90-шы жылдардағы ең төменгі деңгейден (80-100 бас) екі есеге артып, 180 басқа дейін жетті. Жануардың бұл түрін сақтап қалу жұмыстары жалғасуда, трансшекаралық және халықаралық ынтымақтастық белсенді даму үстінде», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.


📱 @KZgovernment


Репост из: UKIMET
В Казахстане обновят перечень редких и находящихся под угрозой исчезновения животных

📌 Министр экологии и природных ресурсов РК Ерлан Нысанбаев на заседании Правительства доложил о проводимой в республике работе по сохранению редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных.

➡️ Он сообщил, что на сегодня в перечне редких и находящихся под угрозой исчезновения зарегистрировано 227 вида животных, из которых 131 вида позвоночных и 96 беспозвоночных.

«По материалам биологического обоснования Института зоологии инициировано обновление перечня. Эта работа проводится согласно критериям Международного союза по охране природы. Внесены предложения по исключению 21 видов беспозвоночных животных и включению 6 видов беспозвоночных и 5 позвоночных животных. Наиболее эффективной комплексной мерой по сохранению редких и исчезающих видов животных признано создание особо охраняемых природных территорий (ООПТ)», — сказал Ерлан Нысанбаев.


📊 По данным ведомства, за годы независимости площадь особо охраняемых природных территорий республики увеличилась с 869 тыс. га до 30,9 млн га за счет расширения существующих и создания новых ООПТ.

Благодаря принимаемым мерам по сохранению биоразнообразия страны отмечается рост популяций редких видов животных, таких как: тугайный олень, кулан, архар, джейран.

📱 @KZgovernment

Показано 20 последних публикаций.