◾️ Қонаев қаласының 46 жастағы тұрғыны, алты баланың анасы (неке тіркелген) 2015 жылдың ақпан айынан бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі “Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы отбасылар» көп балалы аналар санатындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған.
◾️ 2024 жылдың жазында қалалық мемлекеттік тұрғын үй қоры арқылы көппәтерлі тұрғын үйден баспанаға мұқтаж жандарға 85 пәтер үлестіріліп, оның 17-сі «көп балалы отбасылар» санатындағыларға берілген.
◾️ Алайда, тұрғын үй комиссиясы №17 кезекте тұрған (2024 жылғы тамыздағы жағдай бойынша) «Күміс алқа» алқасының иегері 6 баланың анасына тұрғын үй беруден бас тартқан, себебі оның жеке меншігінде пәтері болған, пәтерді Қонаев қаласынан күйеуі екеуі 2021 жылы несиеге сатып алған («Отбасы банкі» кепілі).
◾️ Көпбалалы ана бұл шешімге сотқа шағым түсірді.
◾️ Істі зерттей келе МАӘС-ы мынаны атап көрсетті:
- талап қоюшы несиеге сатып алған 66 ш.м. пәтер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің анықтамасы бойынша бір адамға шаққандағы аудан бойынша санитарлық нормаларға сәйкес талап қоюшының 8 адамнан тұратын отбасына сәйкес келмейді («Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 75-бабының 1-тармағы);
- жергiлiктi жерде сот отырысында визуалды тексеру кезiнде сот санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қорытындысы дұрыс, талап қоюшының отбасына тұрмыстық жағдайын жақсарту қажет деген қорытындыға келген;
- талап қоюшының отбасы мүшелерінің ешқайсысының көрсетілген пәтерден басқа баспанасы жоқ.
◾️ Осыны және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабының 3-тармағының осы санаттағы кезекте тұрған адамдар тұрғын үй алғанға дейін одан шығаруға жатпайтыны туралы нормасын ескере отырып, талап қою қанағаттандырылды.
◾️ Сот Қонаев қаласы әкімі жанындағы тұрғын үй комиссиясын мемлекеттік тұрғын үй қорынан 6 баланың анасына баспана беру мәселесін қайта қарауды міндеттеді.
◾️ ӘРПК-нің 171-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкер сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде сот шешімін орындауға және бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті.
https://t.me/almatyoblysysottary