#аптаның_айшықты_оқиғалары
📌 Өткен аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз
🔸 Үкімет отырысы:
✔️Үкіметте 2024 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды: ЖІӨ-нің 4,4% өсімі шикізаттық емес сектор есебінен қамтамасыз етілді
✔️Премьер-министр сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларды сақтау жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында кешенді тәсілді әзірлеуді және 2025 жылдың басынан Tabigat табиғи ресурстар платформасын іске қосуды тапсырды. Бүгінгі таңда қабылданып жатқан шаралардың арқасында тоғай бұғысы, құлан, арқар, қарақұйрық саны артты
🔸Премьер-министрдің Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысын бақылау шеңберінде Қостанай облысына жұмыс сапары:
✔️Өңір өнеркәсібін дамыту және индустриялық әлеуетті нығайту: 2024 жылы құны 124,7 млрд теңге болатын 6 жаңа жоба іске асырылып, 1 301 жұмыс орны ашылды
✔️Бірқатар АӨК кәсіпорындарының мысалында Үкімет басшысы өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуы, тереңдете қайта өңдеумен және отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының нәтижелерімен танысты
✔️Рудный қаласындағы жылу беру маусымының барысы және қара металлургияның дамуы: 2028 жылдың соңына дейін 1,1 мың орын құра отырып, ыстық брикеттелген темір өндіру жобасын іске асыру жоспарланып отыр
Олжас Бектенов жаһандық капиталды тарту, стартап-экожүйені дамыту және Қазақстанның өңірлік технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайту үшін халықаралық және қазақстандық сарапшылармен Венчурлық инвестициялар қорлары қорын іске қосу мәселесін талқылады
🔸Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан бастаған қытай делегациясымен кездесу өткізді. Бидайды терең өңдеу кәсіпорнын салу перспективалары талқыланды
Премьер-министр «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді: отандық тауар өндірушілермен жасалған офтейк-келісімшарттар саны бір жылда 12 есеге өсті