Qazaqparat


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


💼 Жұмысшы мамандықтар жылына дайынбыз ба?

Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл қадам сұранысы көбейгенімен, түлегі азайған салаға қандай серпін әкелетіні әзірге белгісіз.

Осы орайда Kazinform тілшісі «өзгерісті неден бастау қажет?», «жұмысшы мамандардың статусын қалай белгілейміз?» деген сауалға жауап іздеп көрді.

🌎 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🥇 Атырау полициясының қызметкері ММА-дан әлем чемпионы атанды

Индонезияның астанасы – Джакарта қаласында өткен додада әлемнің 66 елінен 920 спортшы бақ сынаған. 72,6 келі салмақта ел намысын қорғаған Аида Хайруллина: «Әлем чемпионатындағы алтын медаль – тек менің ғана емес, Қазақстанның жеңісі», - дейді.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🗣️ Тарих қанмен жазылып қанмен түзетіледі.

Әбіш Кекілбайұлы


🔷Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынады
🔗Сілтеме

🔷«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
🔗Сілтеме

🔷Қайғылы жағдайдан кейін Алматы метросында не өзгереді
🔗Сілтеме

🔷ҚазҰУ-дың жері мемлекетке қағаз жүзінде ғана қайтарылды – Бақытжан Базарбек
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚠️ Шығыс Қазақстанда жасанды қар көшкіні түсіріледі

Бұл туралы «Казселезащита» ММ облыстық филиалынан мәлім етті.

«19 желтоқсанда сағат 10.00-де облыстық маңызы бар Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының (132-137 шақырымында) учаскесінде профилактикалық мақсатта қар көшкіні түсіріледі. Сондықтан көлік жүргізушілеріне өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береміз- делінген ақпаратта.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🈂️ Елордада ерекше таксист қызмет етеді

Қазір такси қызметін ұсынатындардың түр-түрі бар. Арасында көлік тізгіндеген әйел адамдар да көп. Бірақ, Мүбарак Төлегенова бұл қызметті ерекше көрсетеді. Түрлі образдармен жолаушылардың көңіл-күйін көтеруге тырысады.

📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🎄 Астананың бас шыршасы жағылды

«Астана Арена» стадионының аумағында бас шырша шамдары жағылды. Шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды. Салтанатты шараға мыңнан астам адам жиналды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💥 СҚО-да екі ауылдың арасын қосқан көпір сынып, жүк көлігі өзенге түсіп кетті

Әлеуметтік желіде куәгерлер бұл оқиғаның Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда болғанын айтты. Шағын көпір Бірлік ауылының тұрғындарын келесі бетке өткізіп тұрған. Алайда бидай артқан «Shacman» көлігін көтере алмай, сынып кеткен. Енді ауыл тұрғындары төте жолсыз қалып отыр.

Аудандық полиция оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау және процестік шешім қабылдау үшін тергеуді бастады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣

«Лудоман адамды» бір көргеннен тану мүмкін бе?

ℹ️ Kazinform-ның YouTube арнасында «Bızdıñ orta» деген атаумен жаңа жоба басталды.

📹 Қазіргі қоғамның дертіне айналған лудомания мәселесі талқыланған подкасттың толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп көре аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🟥Вануатудағы жер сілкінісінен 14 адам қаза тапты

Порт-Вила қаласында 7,3 балдық жер сілкінісі болды. Кемінде 14 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақат алды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ҚазҰУ-дың жері мемлекетке қағаз жүзінде ғана қайтарылды – Бақытжан Базарбек

Мәжіліс депутаты Бас прокурор Берік Асыловтың атына  генерал Новиковтың атындағы даулы алма бағы туралы сауал жолдады. 

«Бізге көп жерді қайтарып жатқандарыңызбен генерал Новиков сияқты ірі жер иеленушілердің заңсыз жерін қайтара алмай отырсыздар дегенге саятын сын көп айтылады. Жуықта ғана Алматы қаласының ауданаралық соты Қарасай ауданы әкімінің қаулысының күшін жоюы туралы қалалық прокурордың талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Әрине, сот шешімінен кейін жер ақыры мемлекет меншігіне қайтарылады. Бірақ біз жер қайтарылғаннан кейінгі жағдайды ойлауымыз керек», - деді ол.


ℹ️ @qazaqparat_kz


Қайғылы жағдайдан кейін Алматы метросында не өзгереді

«Вагон аралық кеңістікті жабу үшін платформалық турникеттер орнатылады. Бұл мәселе инклюзияға ғана емес, сонымен қатар балаларымыздың қауіпсіздігіне де қатысты. Бұл жұмыстар 2025 жылдың басында жүзеге асырылады. Жаңа метро станцияларын жобалау кезінде бұл стандарттар міндетті болады», – қала әкімі Ерболат Досаев.

ℹ️ @qazaqparat_kz


✉️Президент Қатар Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен оның отандастарын Қатар Мемлекетінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.

✔️Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, екі ел арасында сындарлы және мазмұнды қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастық нығая түсіп, қос халықтың игілігі үшін ілгерілей беретініне сенім білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿🇬🇼Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоның Қазақстанға ресми сапары

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣

21-ге толған Қазақстан азаматы өзін құмар ойыннан 1 жылдан 10 жылға дейін шектей алады

ℹ️ Kazinform-ның YouTube арнасында «Bızdıñ orta» деген атаумен жаңа жоба басталды. Агенттіктің бас редакторы Нағашыбек Алдан подкастқа шақырылған спикерлермен бірге қазіргі қоғамның дертіне айналған лудомания мәселесін талқылады.

💬 Аддиктолог маманның айтуынша, лудомания ер адамдардың потенциясын төмендетіп жібереді екен.
 
📹 Толық нұсқа мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇬🇼 Умару Сисоку Эмбало Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективасына назар аударды

– Елдерімізде табиғи ресурстарды барлау, білім беру салалары мен көмірсутегін экспорттау бойынша ықпалдастықты жандандыруға қажетті механизм бар. Сонымен қатар Сіздермен түрлі халықаралық алаңдарда қарым-қатынас жасап, көпқырлы байланысымызды ілгерілетуге мүдделіміз, – деді Гвинея-Бисау Президенті.


ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿 Президент еліміздің цифрландыру, киберқауіпсіздік және финтех бағытындағы жетістіктеріне тоқталып, цифрлық қызмет саласындағы ықпалдастықты арттыруды ұсынғанын жеткізді

✔️Сонымен қатар Гвинея-Бисау делегациясын келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырғанын айтты.

– Бұл Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетімен толық танысуға мүмкіндік береді. Азаматтарымыз бір-бірін жақын танып, білуі үшін мәдени-гуманитарлық байланыстың маңызы зор. Осы ретте мен Гвинея-Бисау жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсындым. Бұл қадамдар екі ел арасында жан-жақты ынтымақтастықты жандандыруға ықпал етері сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


✔️Тараптар халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасып, ой бөліскен. Қазақстан Президенті қос мемлекеттің көптеген өзекті тақырыптар бойынша ұстанымдары ұқсас екенін мәлімдеді.

– Әсіресе, жаһандық бейбітшілік пен өңірлік тұрақтылықты сақтауға қатысты көзқарасымыз ортақ. Қазіргі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Африка Одағы аясында өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды. Жалпы, жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға мол мүмкіндік бар. Бүгінгі маңызды келісімдер – соның айқын көрінісі. Умару Эмбало мырзаның сапары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп санаймыз, – деді Мемлекет басшысы.


ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🇬🇼 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

✔️Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Гвинея-Бисау Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Умару Сисоку Эмбалоның Қазақстанға ресми сапары алыс жатқан елдерді байланыстырып, халықтарымыздың тілегі мен ниеті бір екенін көрсетеді.

– Екіжақты кездесудің нәтижесінде тиімді уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалануға екі ел де мүдделі. Осы ретте Батыс Африкадағы Бисау порты мен Транскаспий көлік дәлізін ұштастыру жолдарын зерделеуге келістік. Әлемдегі геосаяси ахуал мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі ушығып тұрған қазіргі кезде мұның мән-маңызы айрықша, – деді Қазақстан Президенті.


✔️Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестік келіссөздердегі басты тақырыптың бірі болғанын айтты. Тараптар Қазақстанның Гвинея-Бисауға дәнді дақылды экспорттауға қатысты мүмкіндігі мол екеніне назар аударған.

– Бұл ретте еліміздің бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының әлеуетін толық пайдалануға болады. Сонымен қатар тау-кен және табиғи ресурстарды игеру ісіндегі ынтымақтастық мәселесін талқыладық. Атап айтқанда, темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлау және игеру үшін бірлесе жұмыс істеуге зор мүмкіндік бар, – деді Мемлекет басшысы.


ℹ️ @qazaqparat_kz


🧑‍⚖️ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.

«Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,-делінген хабарламада.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🇬🇼 Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады

✍️ Қазақстан мен Гвинея-Бисаудың ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Гвинея-Бисау Республикасы Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Гвинея-Бисау Республикасы Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және қауымдастық министрлігі арасындағы саяси және дипломатиялық консультациялар туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Гвинея-Бисау Республикасы Көлік, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇬🇼 Умару Сисоку Эмбало қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына алғыс айтты

– Менің бүгінгі сапарым Бисау мен Астана арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға қос тараптың да ниетті екенін айғақтайды, – деді Умару Сисоку Эмбало.


➤ Гвинея-Бисау Президенті екі ел көпжақты құрылымдар, соның ішінде БҰҰ аясында табысты ықпалдастық орнатқанына тоқталды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ мен өзге де халықаралық ұйымдарды реформалауға қатысты ұстанымын қолдайтынын жеткізді.

➤ Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен металлургиясы, қаржы, цифрландыру және телекоммуникациялық технологиялар сияқты перспективті салаларда ықпалдастық орнату мәселелерін қарастырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Показано 20 последних публикаций.