Qazaqparat


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


⚡️Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 8 наурызда Астана уақытымен 08 сағат 29 мин жер сілкінісі тіркелді.

ШҚО облысы Зайсан ауданында - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💐Құрметті арулар, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Сіздер өмірге шуағын шашып, мейірім мен сұлулық сыйлайсыздар. Әр күніңіз қуанышқа, жетістіктерге және жылы лебіздерге толы болсын.

Денсаулық, бақ-береке және армандарыңыздың орындалуын тілейміз!

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Қымбатты ханымдар!


Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке.

Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған.

Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады.

Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!

ℹ️ @qazaqparat_kz


🗣️ Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тезірек еселеп қайтаруға тырысады.

Ғабит Мүсірепов


🌟Әуежайда қызды құтқарған Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды
🔗Сілтеме

🌟Ұлттық банк биыл сыртқа алтын сатудан түскен 6 млрд долларды ішкі нарыққа салмақшы
🔗Сілтеме

🌟Қазақстандықтарға Ұлттық қордан 8 миллион доллар төленді
🔗Сілтеме

🌟Абиба Әбужақынова - әлемдік Гран-при жарысының чемпионы
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇺🇸 Трамп Мәскеу мен Киевті бейбіт келіссөздерді бастауға шақырды

Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс реттелгенге дейін, Ресейге қарсы санциялар күшейтілуі мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды BBC.

«Ресей қазір ұрыс алаңында Украинаны тықсырып барады. Осы фактіні негізге ала отырып мен Ресейге қарсы ауқымды банктік санцияларды және тарифтерді қарастырып жатырмын. Бұл жағдай атыс тоқтап, әлемде толыққанды бейбітшілік орнамайынша жалғаса береді. Украина мен Ресей, тым кеш болмай тұрғанда келіссөздерді қазір бастаңдар. Рахмет»,- деп жазды Трамп.


ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿 Абиба Әбужақынова - әлемдік Гран-при жарысының чемпионы

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 келі) әлемдік Гран-при жарысының финалында күресті.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🈂️Қазақтан шыққан тұңғыш суретші әйел

Қазақ әйелдерінің арасында талай таланттар бар. Солардың бірі қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби суретші– Айша Ғалымбаева. Әріптесім Аружан Махмут мереке қарсаңында қылқалам шебері туралы деректерді ақтарып көрген еді. Олардың алды 70 жыл бұрын жарияланыпты.
 
📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿 Абиба Әбужақынова әлемдік Гран-при жарысының финалына шықты

Қазақстандық дзюдошы Аустрияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысының финалына шықты. Жарыс финалында ол жапониялық Мизуки Харадамен кездеседі.

Финал Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🔴🔴🔴🔴🔴🔴 Күн райының нашарлауынан бірқатар өңір жүргізушілеріне ескерту жасалды

2025 жылғы 7 наурыз ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Әуежайдағы оқыс оқиға: зардап шеккен әйелге көмек көрсетіледі

«Алматы әуежайы аталған оқиға кезінде зардап шеккен қызметкеріне психолог қызметін ұсынды, сонымен қатар оған алдағы уақытта да қажетті көмекті көрсететін болады», — деп атап өтті Алматы халықаралық әуежайы корпоративтік коммуникация департаментінен.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Мемлекет басшысы «Әйел – сұлулықтың әуені» атты мерекелік концертті тамашалады

📌«Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері, эстрада жұлдыздары мен түрлі шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

ℹ️ @qazaqparat_kz


✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Өзімді батыр сезінбеймін – Мұса Абдырайым әуежайдағы оқиға туралы

Ерлігімен елді тәнті еткен азаматпен Kazinform тілшісі сөйлесті. Ол әуежайға Қазақстанға әйгілі квартетті шығарып салуға келген.

«Әуежайға Қостанайдағы концертке бара жатқан «Жігіттер тобын» шығарып салуға келгенмін. Бір кезде айқау-шу естілді. Барсам, қызды ер адам пышақпен ұстап алған. Ол полицияны жанына жақындатпай тұр. «Келсеңдер, пышақ сұғам» деп қорытты. Соны көріп оған: «қыздың орнына мені кепілге ал» дедім. Бір жақсысы, ол айтқаныма көнді. Сөйтіп қыздың орнына тұрып, бір алаңдаған сәтінде қолынан пышақты жұлып алдым», - деді ол. 

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Алматы әуежайындағы күдікті бұған дейін автобуста қызды ұрған

Алматы полициясы бүгін әуежайда ұсталған күдікті бұған дейін автобустағы қызды ұрған адам екенін растады. Былтыр болған оқиғадан соң күдіктіге бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

«Қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен», - деп хабарлады департаменттен.


ℹ️ @qazaqparat_kz


💱 АҚШ-Ресей келіссөзі теңге бағамына әсер ете ме

«Рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы үнемі 5 теңге көлемінде сақталады деу дұрыс емес. Иә, жылдар бойы орташа мөлшерде 5 теңгелік меже бар. Бірақ сіз айтып отырған экономикадағы шайқалыстар уақытша сипатқа ие және экономикаға әсері болады. Санкциялар алынып, Ресей экономикасына жол ашылса, оның әсері Қазақстан экономикасы мен қаржы нарығына қарағанда Ресейге көбірек ықпалын тигізеді», — деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ℹ️ @qazaqparat_kz


🏛🏛🏛🏛 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💬 Алматы әуежайында ер адам пышақпен қызметкерді кепілге алды

Желіде ер адамның Алматы әуежайында қыздың шашынан ұстап тұрған сәті түсірілген видео пайда болды. Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында болған.

Әуежайдың мәліметінше, ер адам жолаушы ретінде ұшуға тексеру аймағына келген. Қызметкерлер құжаттарын көрсетуін сұрағанда, ол кенеттен қауіпсіздік қызметкерін ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған.

Жеті минуттан кейін полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қолға түсірді. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz


📈 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Президент түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншекке жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды

ℹ️ @qazaqparat_kz

Показано 20 последних публикаций.