Сәлем, бұл Еркебұлан😊
Маған
Дамирмен сөйлескен қатты ұнайды. Екеуміз отыра қалсақ, қызық әрі ұзақ әңгімелесе аламыз. Қоғамдағы түрлі өзгерістерді маған қарағанда Дамир жақсырақ түсінеді әрі жақсырақ жеткізеді деп ойлаймын. Себебі әлеуметтік зерттеулер мен ғылыми еңбектерді көп оқиды.
Көптеген ғылыми еңбектер қоғамдағы дағдарыстан шығудың маңызды шарттарының бірі - қоғамдағы өзара сенім дейді. Яғни сенім бар жерде даму болады.
Бірақ ұзақ уақыт бойы тәуелділікте, қысымда, зәбірде, одан қалды әділетсіздікте өмір сүрген қазақ қоғамында сенім дағдарысы бар деп айтуға болады. Яғни адамдар ұлт/мемлекет деңгейіндегі қоғамдық игіліктерді емес шағын топ (рушылдық, жерлестер, тіл, дін бойынша бөліну) немесе жеке тұлға деңгейіндегі пайданы бірінші орынға қояды.
Бұндай жағдайдан ары асып, елдік деңгейдегі мәселелер көтерілуі үшін, қоғамдық келісім болуы үшін халық бір тілде түсінісіп, зиялы қауым, еркін қауымдастықтар қалыптасып, қоғамдағы ресурстардың әділ бөлінуі шарт.
Пікірсайыс қозғалысы да дәл солай. Қазір дебатерлардың арасында сенім жоқ. Тіл, лига, клуб, аймақ, формат, буын бойынша бөліну белең алған.
Сәйкесінше бұндай жағдайдан шығу үшін мықты көшбасшылар, ортақ көзқарас, өзара сенім, ресурстардың әділ бөлінуі маңызды.
Қазіргі дебаттың жағдайы пікірсайыс қозғалысын құруға мүмкіндік бермейді. Бәлкім, сіз соған үлес қосарсыз. Ол үшін бойыңызда әділет, сенім, көшбасшылық, шеберлік, ұйымшылдық құндылықтарын қалыптастырыңыз.
Жақсы ойда болайық, бір-бірімізге сеніп, қолдау көрсетейік😊
#Дебатқызықмолжылдар