Фильтр публикаций


Бүгінгі ауызашарда.
-мама тамақ қашан келеді шыдай алмаймын
-қәзір келеді сабыр ет, Алла сабыр еткендерді жақсы көреді
-Алла мені онсыз да жақсы көреді ғой
-не үшін жақсы көреді сені?
-өйткені Ол мейірімді 🥰


Ибн Атайлланың “киатб әл-хикәм” кітабы менің өмірімді өзгерткен кітап десем болады. Сол кітаптан мына даналық сөз қатты өтті.

105 ші даналық сөз:
“Кейде Алла саған құлшылықтың есігін ашып бірақ оны Өзіне қабыл ету есігін жауып қояды. Ал кейде саған күнә істі жазып қойып, ол нәрсе сені Аллаға алып келеді” дейді.

Бұл жерде құлшылық етіп бірақ Алла оны қабыл етпеуі дегеніміз- құлшылығына үміт артып кетуі, кеудесін қуаныш кернеуі, өзіне таңқалу, өзгелерден өзін артық санап кетуі себепті қабыл ету есігін жауып қояды дейді.

Ал енді Алла күнә жасауды жазып, сол арқылы Өзіне алып келуі дегеніміз- күнә жасап қатты өкініп, өзін Алланың алдында бейшара халге түсіп шынайылығы үшін Алла оны Өзіне қабыл етіп қояды.

Сондықтан құл мына екі хәлден ажырамау керек: 1) құлшылық етсе де Алладан қорқу 2)күнә жасаса да Алладан үміт ету.


Бұрын жаңадан намазға келгеннен кейін орамалдың парыз екенін білдік. Содан мектеп оқушысы болғандықтан, одан үйдегілердің түсінбеуімен кие алмай жүрдік. Сол кездегі ойым: орамалым жоқ, тозаққа кіретін болдым деп уайым ететінмін. Орамал тақсам жәннатқа кіріп кетердей жүрегім жайланады деп ойлайтынмын.

Сөйтсем… мұсылман адам ешқашан тозаққа кіріп кетсем ше деген уайымнан арылмайды екен ғой. Себебі өмірде жіберетін қателіктеріміз бар. Күресетін нәпсіміз бар. Тілді тыю, адамды ренжітпеу…т.б. Бірақ білесіз бе, қателік жасап сол нәрсеге өкініп, қиналып жүрген жүрекпен Алла бірген екенін?

Ибн Атайлланың р.һ хикметтерінің бірінде былай дейді: Құлшылық жасап тәкаппарланған жүректен, күнә жасап тәубе етіп бағынған жүрек жақсырақ дейді. Алла айтады: “жүрегі Мен үшін жараланғандармен біргемін” дейді. Дүние не дос немесе жігіт/қыз үшін емес. Күнә жасағаны үшін қайғырған, тәубе етіп жылаған, ақыретін уайымдап жараланған жүректі айтады.


Алланың мейірімін, бізге деген сүйіспеншілігін кейде тек бізге берілетін дүниемен шектеп қоямыз. Ойлап жатырмын ғой, осы Рамазанда біраз ойымда болған нәрселер сый болып келді. Бұл да Алланың мейірімі ғой. Бірақ ең үлкен нығметі- құлшылыққа құлшыныс беруі, Алланың сүйікті орындарынан табылуың, құранды ауырлықсыз оқуың, қысқасы Алланың амал етуде сәттілік беріп қоюы.

Айтпағым, Алланың мейірімі тек бізге берілетін ақша, дүниеде емес, Өзіне жақындататын амалдарды да нәсіп етуінде!


Репост из: Olzhas Hanafin
Әне-міне дегенше Рамазанмен де қоштасатын уақыт келді. Рамазан қайта оралады ғой, алайда біз Рамазанмен бірге ораламыз ба ол бір Аллаға мәлім…

Алла Тағала баршамызды осы Рамазан айында кешірсін.

©️ Шейх Миғсарауи


Репост из: Nurbol Rakhmatilla
Халас! Рамазанның соңғы он күнінде Құранға ерекше көңіл бөліңіздер.

Жаратушыға жақындаудың ең ұлы амалы💡

Имам Ахмад (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді:


«Түсімде Ұлы Раббымды көріп:
– Уа, Раббым, Саған жақындаудың ең жақсы амалы не? – деп сұрадым.
Алла Тағала:
– Менің сөзімді оқу, уа Ахмад! – деп жауап берді.
Мен:
– Түсініп оқу керек пе, әлде түсінбей ме? – деп сұрадым.
Алла Тағала:
– Түсініп те, түсінбей де, – деді».

📚Табақат


Репост из: Olzhas Hanafin
Абдулла ибн Ғалиб رحمه الله жерленген кезде, қабірден мисктің хош иісі мүңкіп тұрды. Содан ол кісі біреудің түсіне кіріп, “қабіріңдегі мисктің иісі неге шықты?” деп сұралады. Ол кісі: “Құран оқу мен шөлдің иісі” деп жауап береді.

Латаиф әл-Мағариф кітабы.


Репост из: Olzhas Hanafin
Я Аллаһым! Бізбен бірге Рамазан айын күтіп, бірақ қазір қабірде жатқандарды рахым ете көр🤲




Адам үшін ең жақыны жолдасы. Бұл дүниеде жаның ашығандай, ақыретін де қәзіргі жағдайы қалай екен деп те уайымдайсың. Шынымды айтсам өзімді ұмытып, қәзір тек сол кісінің атынан садақа береді екенмін. Біз де әйтеуір әлі де уақытымыз бар ғой. Ал ол кісінің амалдары тоқтады. Тек қалдырған ілімдерінен басқа.

Сол үшін де қәзір ол кісі жайлы жазған “ Олжекем” атты кітапшаны осында саламын. Ол кісінің атынан жақсылық болсын. Оқып, титтей болсын ой түйерсіздер. Олжас Ханафин ұстаз үшін көп кешірім тілеп, дұға жасап қойсаңыздар ин ша Алла.

Алла баршамызды кешіріп, махаббатына бөлесін🤲🏻


Кейде Алла адамның алда болар жағдайын адамның аузына салып қояды екен.

Олжеке қайтыс болардан алдын 11 ші шілдеде досы жағдайын сұрағанда, Олжеке: ин ша Алла 10 күннен соң жеңілдік келеді деп айтқан болатын. Расымен 10 күннен соң 22 ші шілде күні Раббысына қайтты…


Құран- жанұясы жоқтың жанұясы, досы жоқтың досы, сүйіктісі жоқтың сүйіктісі.

Құран бұл - өмір. Дүниеде жоғалтқан нәрсеңнің жұбанышы,қиын жағдайда сенің үмітің. Барлық нәрсенің орын басушы. Тек бір шартпен! Құранмен болған шынайылығыңмен…💓

📝Авторы белгісіз


«Білгін, егер Алла Тағала құлына жақсылық қаласа, оған өз нәпсісінің кемшіліктерін көрсетеді. Кімнің көкірек көзі ашық болса, ол өз кемшіліктерін жасыра алмайды. Ал кемшіліктерін таныса, оларды түзетуге мүмкіндік туады. Алайда адамдардың көбі өз нәпсісінің кемшіліктерін білмейді. Бірі бауырының көзіндегі ұсақ қиқымды көрсе де, өз көзіндегі үлкен бөренені байқамайды!»

📖101 инсайт


Имам Ғазали р.һ:
«Сен Құранның шексіз мұхит екенін естімедің бе? Дәл мұхит жағалауларынан өзендер мен бұлақтар тарайтыны сияқты одан бұрынғылар мен кейінгілердің барлық ілімдері тарайды. Сен сол мұхиттың тереңіне бойлап, қызыл күкірт, жарқыраған інжу-маржан, жасыл зүбәржат тапқандарға қызықпайсың ба? Оның жағалауларын шарлап, сұр кәріптас пен ең хош иісті ағашты тапқандарға таң- данбайсың ба? Олар Құранның тереңдеріне сүңгіп, одан емдік дәрілер мен жұпар иістерді алып шықты!»

📖 101 инсайт




Айша анамыз р.һ: “Алла Елшісінің ﷺ мінезі Құран еді”- деп айтты. Ал Құранда Алланың сипаттары жазылған. Айша анамыз құдды Алла елшісінің ﷺ сипаты Алланың сипаты деп айтқандай болды, бірақ Аллаға деген әдептен ол нәрсені ашық айтуға ұялды.

📖китәб әл-хикәм


Имам Шарқауи р.һ: Амалы сенен де нашар адаммен дос болма. Себебі өзіңді олармен салыстырғанда құдды өзіңді бір кемел адамдай көріп және кемшіліктеріңді байқамай бастайсың. Осының негізінде өз нәпсіңе разы боласың. Ең болмағанда өзіңе сай, тең адаммен дос бол. Сонда сенің жағдайың не жақсармайды, бірақ жаман да болмайды.

📖китәб әл-хикәм


Тек өзіңе пайда келтіретін істе ғана ширақ болып, өзгеге келтірер пайдаға келгенде босаңсыма!

Алла елшісі ﷺ : “Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады”дейді


Репост из: ~ on toğyz ~
Рамазанда вайб болсын деп ай, жұлдыз светильниктер алып, үйді де мешітті де әсемдедік. Бұл айдағы максимум істеген ісіміз сол ғана боп қалмасын.Құлшылықпен әсемдейік. Әсемдегенде оны Алла ғана көретін қылып әсемдейік. Тамақты былай іш, мынандай марафон өт деген нәрселер керек емес саған. Бұл Құран айы. Құран оқы не тыңда. тіптен болмаса Құранға тікелей қатысты құлшылықтармен айналыс. 1040 курс, марафон алып, пәленбай дін маманы еместердің подкастын көріп миыңды ашытпа. Ең басты приоритет - Құран. Қалған жылтырлақтармен уақытыңды жоғалтпа.


Жақында адам адамды неге таңдайтыны, не үшін жақсы көретіні жайлы видео көріп қалдым. Айтады: мінезі жұмсақ, жанашыр деп таңдауымыз мүмкін. Бірақ барлық мінезі жұмсақ, жанашыр адамды жақсы көре бермейміз ғой. Ол тек сол махаббатқа итермелеуші қасиеттер . Ал негізгісі- рухтардың үйлесуі дейді.

Ең әуелгісі Алланың жүректі сол адамға бұруы. Себебі адамның жүрегі Алланың иелігінде. Және әр адамның талғамы әртүрлі. Мысалы Құранда Алла: сендерді жұп-жұп етіп жараттық дейді. Әр адамның өзінің рухына, талғамына сай жұбы болады. Бірақ әртүрлі уақытта жолықтырады.

Қысқасы, махаббат- екі жақсы адамның қосылуы емес, екі “жанның” тоғысуы…💞

Показано 20 последних публикаций.