Абылай Кенжалы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


ислам, ойлар, аударма

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Ащының бәрі ақиқат емес. Саған ауыр тиген сөздің бәрі ақиқат емес. Қабылдауға қиын болған сөздің бәрі ақиқат емес. “Мен шынымен де сондай адам шығармын”-деп, кім көрінгеннің сөзіне сеніп, өзіңе деген сеніміңді жоғалтып алма. Сені сенен жақсы білетін адам жоқ.


Айқын мақсат қою, істі байыппен жасау және байсалды болу – Пайғамбарлардың мінезінен.

(Тәфсир әл-Қуртуби📚)


Жайсыз ортада өзіңнің мақсаттарың үшін де ұялып жүресің.

Жақсы орта = қолдаушы орта.


Алла елшісі ‎ﷺ айтпақшы:

“Үмметімнің барлығы амандықта, тек өз күнәсін өзі жария еткендерден басқа” – дейді.

Жасырын күнә қылсаң, жасырын тәубе ет. Жария күнә қылсаң, жария тәубе ет.


– Жасаған күнәні не үшін жасыру керек?

– Ізгілер айтпақшы Алла күнәларды кешіреді. Және Оның кешірімінен соң, өміріңді жаңа парақтардан қайта бастайсың. Бірақ адамдар күнәңді кешірмейді. Кешірмек түгілі, оны еш уақытта ұмытпайды. Жаңа өмір бастағың келген сайын есіңе салып дал қылады.


1. Рамазанға дейін аяқталатын жоспарың болсын.

2. Рамазан айында жасалатын жоспарың да болсын.

3. Рамазанда басталып, жыл соңына дейін жалғасатын жоспарың болсын.

Рамазанға байланған жоспарларда сөзсіз береке бар.


Репост из: Sakenkyzy
Ассаламуалайкум құрметті оқырман!
“Олжекем…жанымның жаз ғұмыры” атты
Олжас Ханафин ұстазымыз (Алла рахымына алсын) жайлы кітапшамыз жарық көрді. Барлығы Алланың сәттілігімен✨

📕Кітап электронды нұсқада (pdf)

💰Құны: 1500 тг

📲Кітапты алу үшін мына номерге жазыңыз.
+ 8777 572 13 13 ватсап

📍Бірақ бұл номерге төлем жасамаңыз.


Дүниелік те, ақыреттік те жетістіктің ең негізгі кілті – тақуалық еді. Бірақ қазір бүкіл дүниені шыр айналып, жетістік кілтін басқа жақтан іздеп әлек болып қалдық.

(Сифаат әт-талиб📚)


Рухтың шынайы ләззат алатын үш сәті бар:

1. Суық таңның қырауында серуендеп жүріп, зікір айтып, жүрегіңді тыныштыққа бөлеу;

2. Ұзақ уақыт іздеген сирек кездесетін кітапты тауып, оның бетін ашқан сәтте сезінетін қуаныш;

3. Және жаныңа жақын, сүйікті адаммен, екеуіңді де толғандыратын тақырыпта, жүрек жарды әңгіме өрбіту.

©️Шейх Юсуф Хаттар


«Қайғы туралы айтсаң, саған үміт туралы сөз қозғайтын адамдар бар. Осындай адамдарды әрқашан жанымызда ұстауымыз қажет!»

©️Шейх Юсуф Хаттар


«Адамдардың ішінде сырларыңды сақтайтын, кемшіліктеріңді жасыратын, жақсы істеріңді тарататын және жамандығыңды жасыратын адамды ғана серік ет. Егер сондай адамды тапсаң, басқаларға мұқтаж болмайсың!»

©️Шейх Юсуф Хаттар
(Халал сиқыр)


Айтылған сөзді түсінетіндер көп. Айтып жатқан адамды түсінетіндер аз.


Жылы сөздер аударуды қажет етпейді. Айтушының жүзіне қарасаң болды, оның сезімін түсінесің, тіпті ол саған бейтаныс тілде сөйлесе де.

©️Шейх Юсуф Хаттар


Бізді қолдап дұға қылатындардан, бізді көреалмайтындардың саны көп екенін білсек, жыртың-жыртың фото сала бермейтін едік…

#көз


Саған алтын уақытын арнаған адамның қадірін біл. Өйткені ол саған қайтып келмейтін асыл нығметін арнады.

©️Нәжиб Махфуз


Имам Ахмадтың хадис жинағында бір хадис бар:

Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді: «Кімде-кім қатты толқын кезде теңізге шықса, жауапкершілікті өзі көтереді».

Ғалымдар осы хадистің түсіндірмесінде: «Кімде-кім қауіпті жағдайларда жолға шықса, Аллаһ оның өмірін сақтаудан бас тартады. Әрі әлгі адам өз-өзін өлімге итермелегеннің күнәсін арқалайды» – деп айтады.

112-ден “қарлы боран, жолға шықпаңыз” деген қанша смс келсе де, еш елемей жолға шығып кететін әдетті қойыңыздар. Сенің жан амандығың кез келген нәрседен қымбат. Асығамын деп күнә арқалама.


Біздің пенде ретінде әлсіздігіміз осы жерде. Қай уақытта қашан болатынын нақты болжау мүмкін емес.

Аллаһ әрдайым күтпеген жерден ризық береді. Күтпеген жерден нығмет береді.


Күндердің бір күні Алла сені күтпеген жерден армандарыңның дәл ортасына жеткізеді. Аллаға деген үмітіңді үзуші болма.

©️Али ат-Тантауи


Юсуф пайғамбар түрмеге түскен кезде жанындағы адамдар: «Біз сені ізгі жандардың бірі екеніңді біліп отырмыз» деді.

Дәл солай Юсуф пайғамбар Мысырдың қазына билеушісі болған кезде де жанындағы адам: «Біз сені ізгі жандардың бірі екеніңді білеміз» деп айтты.

Шынайы қазына іспетті болған асыл адамды ешқандай орта өзгерте алмайды. Қай жерде де өзінің ізгілігін сақтап қалады.

(Қабасәт мин латаиф әл-қуран)


Аз-аздан үздіксіз🏌️‍♂️.

Показано 20 последних публикаций.