ӨЗІІҢЕ ӨЗІҢ ЕСЕП ЕСЕП БЕРУБЕРУ
Бүгін өлең жаза алмадым күнімен,
Шабыт келмей қалғаны ма шынымен.
Бар тапқаным кітап бетін ақтарып,
Қалам менен ақ қағазға жүгінем.
Есеюдің не екенін білдім бе?
Әлде күндік өмір сүріп жүрмін бе?
Сан сұрақтар мазалайды ойымды, Талаптандым жауап іздеп бүгін де.
Бір сәт тоқтап ,есеп берсем өзіме ,
Жас келердей өткенді ойлап көзіме.
Ата-ана алдындағы балалық Борышымды алдым ба екен сезіне?
Қадіріне жеттім бе екен әкенің,
Білер ме екен маған қымбат екенін.
Ал анамды бір қуанта алдым ба?
Ол үшін мен құндақтағы сәбимін.
Әрбір күнім үмітпенен өтеді,
Еске аламын қызық кезді кешегі.
Көңіліме медет болар нәрсе бар,
Отбасы мен достың аман екені.
2020
Бүгін өлең жаза алмадым күнімен,
Шабыт келмей қалғаны ма шынымен.
Бар тапқаным кітап бетін ақтарып,
Қалам менен ақ қағазға жүгінем.
Есеюдің не екенін білдім бе?
Әлде күндік өмір сүріп жүрмін бе?
Сан сұрақтар мазалайды ойымды, Талаптандым жауап іздеп бүгін де.
Бір сәт тоқтап ,есеп берсем өзіме ,
Жас келердей өткенді ойлап көзіме.
Ата-ана алдындағы балалық Борышымды алдым ба екен сезіне?
Қадіріне жеттім бе екен әкенің,
Білер ме екен маған қымбат екенін.
Ал анамды бір қуанта алдым ба?
Ол үшін мен құндақтағы сәбимін.
Әрбір күнім үмітпенен өтеді,
Еске аламын қызық кезді кешегі.
Көңіліме медет болар нәрсе бар,
Отбасы мен достың аман екені.
2020