түркі дүниесінен нобель алған жалғыз жазушы
орхан памукты айтам…бір кітабында бүй депті: “достоевскийдің “братья карамазовы” романын алғаш оқығаным есімде қалыпты.
он сегіз жаста ем. терезесінен босфор көрінетін бөлмеде өзім жалғыз отырып оқитынмын.
әкемнің кітапханасында осы романның қырқыншы жылдары аударылған нұсқасы мен констанс гарнеттің ағылшынға аударғаны бар-тын”. памуктың өміріндегі үлкен жаңалық, ой-санасындағы арпалыс, таным өресіндегі жаңа өріс
осы романды оқыған соң басталып кеткен екен…
оны неменеге жазып отырмын?
⚡️памуктай қалам тербер, өнімді жазар, соны соқпақ салар, нобель алар кісі
он сегізінде “жаспын” демес керек. тереңдеген сайын кереңденер ұрпақ мәтіннен мән іздемейді. көптің бірі болмау лазым.
⚡️
үйдегі кітапхана. әкесі қырқыншы жылдардың өзінде орыс романының бірнеше нұсқасын үйге әкеп қойған. харвард зерттеуі бойынша көзі қарақты оқырманды, зейінді зерттеуші, ілім ізденген шәкіртті
ойлы ата-ана, кітапқа шұқшиған отбасы тәрбиелейді. қарымды қаламгерді “оқырман отбасы” тудырады.
сөзіміз дәйекті болсын деп мына бір зерттеуді ұсынам:
https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0276562410000090кітапқұмар баланы тамақ ішіп болғасын телефон шұқып жайына кететін әке мен шеше емес, терең ойлы ата-ана баулиды дейді. авторлар 27 ұлтты назарға алып, 70 мың деректі дәйек қылады.
🔺p.s: the atlantic жариялаған
“why some people become lifelong readers” атты мақалада
қалам ұстап туған балалар мен “оқырман отбасының” түр-тегін жіліктеп, тарауларға бөліп тұрып беріпті. ілім ізденген талапкер оқыса деп отырмыз.