مسلمة💚


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Өзіңе ұнаған нәрселерді басқаларға да лайықты деп біл.
©️Мұхаммед (ﷺ)

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 🌷:

«Сендердің Раббыларың -Ұялшақ және Жомарт. Ол өзіне қол жайып сұраған құлының қолын бос қайтаруға ұялады» деген.


Репост из: Al-Muminun
бәлкім сол Рамазан, осы Рамазан…

мүмкін, осы Рамазанда Алламен байланысыңды күшейтесің,

мүмкін, осы Рамазанда құлшылықтарыңа көңіл бөлесің,

мүмкін, осы Рамазанда сүйіншілейтін хабарлар естисің,

мүмкін, осы Рамазанда Пайғамбарға ﷺ көрші болуға лайықты боласың.


الصَّلاَةُ خَيْرٌ مِنْ النَّوْمِ!

Намаз ұйқыдан хайырлы!


Уа Аллаһым, бізге оразамыздың есепсіз сауабын және онымен мәңгілік қуанышқа кенелуді нәсіп ет.

#дұға


Репост из: Al-Muminun
— Kейде, анаңның:

«Балам, тұра ғой, сәресі дайын. Бірнәрсе жеп алсаңшы, ертең қарның ашады ғой. Су болса да ішіп ал» ,— деп түрлі тамақ жасап, сәресіне оятқанын сағынады екенсің.


Аллаһым сіздерден де, бізден де қабыл етсін💚✨


Репост из: Olzhas Hanafin
Алла қаласа бүгін күн батқасын шайтандар кісенделіп, тозақ есіктері жабылып, жәннат есіктері ашылады. Және жар салушы: “Ей жақсылыққа ұмтылушы! Жақсылыққа ұмтыл! Ей жамандықты қалаушы! Жамандықты тоқтат!” деп жар салады.

Алла баршамызға Рамазан айын берекелі өткізіп, тозақ отынан азат етілгендерден болуды нәсіп етсін.

•Олжас Ханафин (рахимаһулла) ұстаздың өзінің соңғы Рамазанында жазған жазбасы.


Қош келдің, айлардың сұлтаны Рамазан!

Ең алдымен, осы күнге жеткізіп, осы сөзді айтуға мүмкіндік берген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Биылғы жылдың қасиетті Рамазан айына жете алмай көз жұмған немесе ауыр дертке шалдыққандары себепті өмірінің соңына дейін әсері күшті препараттарға басыбайлы байланған мұсылман бауырларымызды ескерер болсақ, бізге Алланың Мейірімі түскенін жан-тәнімізбен сезініп, Жаратушымызға ризашылығымызды білдіреміз. Жүрегіміз дүрсілдеп, Алланың бізге берген осынауы сыйы – оразаға аман-есен жеткізгеніне Аллаға шүкір демекпіз!


Сол кезде құрбыларыма айтқым келетін:
«Жаманға өзіңді қимашы. Өзіңді өзгеден, кейде өзіңнен сақта. Сәл күтсең, Алла саған да, маған да ең жақсысын дайындап қойған. Мен де, сен де тек ең жақсыға лайықпыз. Соны ұмытпа.»

Өміріңді қор қылатын емес, гүл қылатын адамды таңдау жолында сабырлық танытсаң, бәрі жақсы болады🤍

“Түзу қабырға” кітабынан.


Аллаһтың парызын орындап жүрген хиджаптағы қыздарымыз аспандағы жұлдыздар секілді, аспанды жұлдыздар қалай әдемі етіп ерекшелейтін болса, сіздер де жер бетінде исламның әдемі белгісі болып жүрсіздер..✨

Ерлан Ақатай ұстаз




Репост из: Абылай Кенжалы
Әл-Ағраф сүресі 199-аят.

Наданмен надан болма.


Репост из: Al-Muminun
Бүгін Миғраж түні, 🌙
(яғни қаңтардың 26-ынан 27-іне қараған түн)

Миғраж түнінде Пайғамбарымыз ﷺ Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады(арабтарда түнгі сапар “исра” деп аталады). Одан миғражға (“миғраж”-көтерілу) жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

Бұл түнді қалай өткізуге болады?

— ораза ұстау.
— қаза намаздарын өтеу.
— тәубе ету.
— көп дұға ету.
— салауат айту.
— тасбих тарту.
— Құран оқу.
— садақа беру.
— нәпіл намаздар оқу.(тасбих намазы)
— өзімізді Рамазанға дайындау.


Ең бастысы өзіңізді есепке алып, терең ойланып, Алланың нығметін сезінуге керемет мүмкіндік. Алла менен не қалайды, Аллаға лайықты түрде құл болып жүрмін ба, әмірлерін орындап жатырмын ба деген сияқты сұрақтар төңірегінде ой жүгіртуге болады.

Тек бүгін емес, әрдайым Алланы зікір етіп, Оның разылығын іздеген құлдарынан болуды нәсіп етсін, 🤲


Репост из: Сырымбек Әділболатұлы
Қасиетті Құранмен қарым-қатынаста сақтау қажет әдептер:

1. Құранның үстіне кітап немесе қағаз қоймаңыз.

2. Құранға сүйенбеңіз.

3. Отырғанда, Құран алдында аяқтарыңызды созып отырмаңыз.

4. Құранның ішінде қағаз, ақша немесе басқа заттарды сақтамаңыз.

5. Құранды біреуге ұсынғанда құрметпен беріңіз, лақтырып немесе итеріп бермеңіз.

6. Құранды жерге қоймаңыз (тіпті кілемнің үстіне болса да).

7. Құранды күн сәулесі әсер етіп, бүлініп қалатын жерде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.

8. Құранды жастықтың астына қоймаңыз.

9. Құранды кез келген кітап сияқты немқұрайлы ұстамаңыз; Алланың сөзі екенін сезініп, құрметпен қараңыз.

10. Құранды досыңызға үстелден итеріп бермеңіз, оны әдеппен қолына беріңіз.

Құран – Алланың қасиетті кітабы. Оған деген құрмет – иманның белгісі.

©Шейх Ратиб ән-Наблуси


Репост из: soulbirdua
Я Раббым, жұп етіп жазбаған адамды махаббат деп алдымнан шығарма.


Репост из: #yasina
Уа, мұсылман қызы!

• Алла тағала сіздің маңдайыңызға жазған жарыңызды жолықтырғанға дейін, Раббыңыз разы болмайтын қарым қатынастан аулақ болыңыз.

• Сіздің қызғанатын ешкім жоқ болса да, өзіңізді қызғаныңыз. Расында, Раббыңыз сіздің жасырын болуыңызға разы болады.

• Жастық шақ ілім алуға ең қолайлы уақыт. Мүмкіндігінше соны пайдаланып қалыңыз. Раббыңыз ілім алуды мұсылман әйелдерге де парыз етті.

• Құрсағыңыздан шыққан балалардың ғалымдар мен қарилар болуын қаласаңыз, қазіргі шақта өзіңізді Құранға арнаңыз, беріңіз.

Бір нәрсе құрбан етпестен бір нәрсеге жете алмаймыз…


Аллаға сансыз шүкірлер болсын


Репост из: Khanifa
Қыздарррррр, не деген күшті жаңалық мынау, Аллаға шүкір

Газа мен Палестинада соғыс тоқтады деген қуанышты хабар келіп жатыр ғой.

Я Аллам, осы хабар рас болғай!
🤲🤲🤲


Рух күткен 3 ай💚

Расулалла (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады:

«Ережеп – Алла Тағаланың айы, Шағбан – менің айым, Рамазан – үмбетімнің айы»;

«Кімде-кім қасиетті (харам) айларда (Зулқағда, Зулхижжа, Мұхаррам және Ережеп) үш-үш күннен ораза ұстаса, амал дәптеріне тоғыз жүз жылдық ғибадаттың сауабы жазылады»;

«Шындығында, жәннатта бір өзен бар. Оны «Ережеп» деп атайды. Оның суы сүттен ақ, балдан тәтті.
Кімде-кім Ережеп айында бір күн ораза ұстаса, Алла Тағала ол пендесіне осы өзеннің суын ішкізіп, дәмін татқызады»;

«Мені мұқият тыңдаңдар! Ережеп – адамдар ұрыс-керіске араласпай тыныш, бейбіт жүретін Алланың айы. Кімде-кім жүрегімен сеніп және шын пейілмен маңыз беріп, Ережеп айында бір күн ораза ұстаса, Ұлы Алланың ризалығына бөленеді».

#хадис


Репост из: Mumina🤍
Rajab Mubarak 🌙💚✨

اللهم بارك لنا في رجب وشعبان وبلّغنا رمضان

«Аллаһумма бәрик ләнә фи раджаб уә шағбан уә бәллиғнәә Рамадан»

Уа, Раббым! Ережеп пен шағбан айларын бізге берекелі қыла гөр. Әрі бізді Рамазан айына аман есен жеткізе гөр!

Пайғамбарымыздың дұғасы📖

Показано 20 последних публикаций.