▪️Ақтөбе қаласының №2 сотымен бірнеше рет алаяқтық жасады деген айыппен сотқа берілген азамат У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 4)-тармағы)
▪️Қысқаша фабула
2024 жылғы қаңтар айында У. өзінің таныстарына «барлық жерде әр түрлі салада таныстары бар» екенін және университетке грант бөліміне оқуға түсіріп беретін мүмкіндігінің бар екендігі туралы жалған мәлімет таратқан. Кейін жәбірленушілердің сеніміне кіріп, өз қызметінің ақысын айтып, қаражатты қолма-қол және анасының есепшотына аудару арқылы алаяқтық жолмен өз меншігіне заңсыз иемденген. Салдарынан 3 жәбірленушіге жалпы 5 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.
▪️Сотталушының ұстанымы
Сот отырысында сотталушы айыпты толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, жәбірленушілерге келтірген залалды толық өтегенін және олар оны кешіргендерін ескеріп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
▪️Дәлелдемелер
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәлардың жауаптарымен, банк түбіртектерімен, заттай дәлелдемелермен және іс құжаттарына тіркелген басқа да дәлелдемелермен расталады.
▪️Тағайындалған жаза
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінуін және жәбірленушілердің кешіргендерін ескереді. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жәйлар анықталған жоқ.
▪️Сот үкімімен сотталушы У. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сот У.-ді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда барлық мерзіміне жылына 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылуын міндеттеді.
▪️Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
🖊️Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі