ArshatGo


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций




Дизайнер досым Chatgpt арқылы танымал фильм постерлерін Ghibli стилінде жасатып шықты.
Мына жерден қараңыз: https://www.instagram.com/p/DHtUQSLtAQJ/?igsh=N3E5ODFmZXkzZ2h3


Соңғы аптаның тренді башқұрттардың Ay Yola тобының Батыр деген әнін тыңдап көрдім. Ол да жақсы екен. Сөздері мындай:

Неше ұрпақ өтті десеңші.
Ақбозатпен өлшеп жүр қазір
Көліктің күшін.
Бірақ бір шарт мәңгі:
Адамзат өмір сүруі үшін —
Нағыз батыр Отанын сүйеді!
Нағыз батыр өз тілін сүйеді!
Нағыз батыр діні үшін тұрады!
Нағыз батыр халқы үшін жанын береді!

Башқұрттар осылай рухани жақтан да көтеріліп жатқаны қуантады. Былтыр оларда шағын көтерілістер болды. Украина жағында Башкорт ротасы соғысып жүр. Елдің ішінде де оларды қолдайтындар көп.

Мына әндер де сол рухты көтеріп, халықты ояту үшін жақсы амал болып жатқан сияқты

https://www.youtube.com/watch?v=9qCR_w707xg


Кеше chatgpt сурет жасау функциясын дамытып, бәрі соны қызықтап жатыр. Түрлі нәрсе жасай береді. Мен ертегі кейіпкерлерін жасап көрдім.
Негізі дизайнға ебі барлар және тапсырманы ағылшынша жаза алатындар жақсы нәрселер істей алады


Бірнеше сайт тұрған үлкендеу бір хостингім бар еді. Сол жиі толып қала береді, ұлғайтуға ақша қимаймын. Кэштарды тазалау, артық файлдарды алып тастау, үлкен файлдарды іздеуден шаршадым. Содан осы лог файлдарды қарап көрейінші деп, ашып қарасам, бір сайттың log файлы бүгінге дейін 8gb болыпты. Ол қалай ойыма келмегенін?
Егер сондай мәселе болып жатса, логтарды қараңыз


Ниетің ақ болсын 🌿
Арманыңа жол ашылсын 🚪
Уақыт тек жақсылық әкелсін ⏳
Рухың биік болсын 🕊
Ыстық ықылас, ізгі тілек мол болсын 💛
Заман тыныш, өмір шаттыққа толы болсын 🌅


🎙 ChatGPT және спорт журналистикасы: практикалық тренинг
Спорт журналистісіз бе? Комментаторсыз ба?
Матчқа превью дайындап үлгермей жатасыз ба? Трансляция кезінде қосымша фактілер керек пе?

⚡️ Жасанды интеллект көмегімен жұмыс процесіңізді жылдамдатыңыз!
Арнайы практикалық тренингте сіз:

✅ ChatGPT-ті кәсіби мақсатта қолдануды үйренесіз
✅ Жаңалық, превью, шолу, сценарий, подкаст мәтіндерін жасауды меңгересіз
✅ Комментаторға арналған көмекші контенттер әзірлеуді көресіз
✅ Қазақ тіліндегі промттармен жұмыс істеуді практикалық түрде үйренесіз
✅ Жаңа идеялар аласыз

🧠 Әр қатысушыға:
– Дайын промттар жинағы
– GPT қолдануға арналған нұсқаулық
– Презентация мен практикалық мысалдар беріледі

💰 Қатысу ақысы: 20 000 теңге
📍 Орны мен уақыты: тіркелгендерге жеке хабарланады

📩 Тіркелу үшін: @arshatoraz +77026113726


JAXY деген қандай өнімнің бренд атауы болуы мүмкін? Қай салаға ыңғайлы?

Менде сондай домен бар. Сатуға шығарып қойдым
https://obyavleniya.kaspi.kz/a/prodam-domen-117455724/


Мындай бір кездесу форматын істеп көргім келеді:

- бір топ адам барда жиналады;
- ешкім бір бірімен сөйлеспейді;
- ортақ чат болады, сонда жазысуға болады;
- тек даяшымен сөйлесуге болады;
- бәрі тек смартфон шұқып отырады;
- сөйлеп қойған адам ортаға 1000₸ салып отырады.

Меніңше күшті кездесу болатын сияқты


Репост из: Aktobe KTL Alumni Association
Түлегіміз Аршат ағаның туындысы:

📚 ОЙЛА IQ – Балаларға және Ересектерге Арналған Кроссворд пен Логикалық Сұрақтар Жинағы

🧠 "ОЙЛА IQ" – балалар мен ересектерге арналған интеллектуалды дамытуға көмектесетін кітап. Бұл жинақ 40 кроссворд пен 300-ден астам логикалық сұрақтардан тұрады.

👦👧 Балаларға пайдасы:
✅ Ойлау қабілетін дамытады – логика, есте сақтау және зерделілік жақсарады.
✅ Жаңа білім береді – қызықты сұрақтар арқылы түрлі салалардан мәлімет алады.
✅ Шығармашылық ойлауға баулиды – балалар тосын шешім табуға үйренеді.
✅ Отбасымен бірге шешуге болады – ата-аналармен бірге уақыт өткізуге таптырмас құрал.

📚 Жинақтың ерекшелігі:
🔹 Кроссвордтар мен логикалық сұрақтар әр жастағы адамдарға лайықталған.
🔹 Балалар мен жасөспірімдерге қызықты етіп жасалған.
🔹 Білім алуды ойын түрінде ұсынады.

🧩 Балаңыздың ой-өрісін дамытатын ең қызықты жинақ! 🚀

https://ozon.ru/t/z9vx7Md


📢 ChatGPT журналистикада: Тікелей эфирде практикум!

📝 Журналистикада ChatGPT-ті тиімді қолдануды үйренгіңіз келе ме?
🔴 Telegram арқылы тікелей эфирде практикум өткіземін!

✅ Практикалық білім – нақты мысалдармен жұмыс
✅ Жаңалықтар жазу, тақырып қою, контентті оңтайландыру әдістері
✅ Сұрақ-жауап форматында интерактив талқылау

📌 Бір топқа тек 10 адам қабылданады!
💰 Қатысу ақысы: 10 000 тг
📅 Уақыты: Алдын ала келісіп анықталады

📲 Тіркелу және қосымша ақпарат:
Telegram: +77026113726


Репост из: Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы:

«Жасанды интеллектіні қолдану бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін барынша арттыруға, салық және кеден ісін жүргізудің сапасын жақсартуға, мемлекеттік сатып алу саласын оңтайландыруға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл үрдістерінің бәрін одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Құзырлы мемлекеттік органдар сарапшылармен және ІТ-мамандармен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, артық шығындарды азайтуға, барлық саланың ашықтығын қамтамасыз етіп, өнімділігін арттыруға арналған тың тәсілдер іздеп тауып, оны қолданысқа енгізіп отыруға тиіс.

Мен бұл мәселені ерекше бақылауда ұстаймын»

t.me/aqorda_resmi


Сізде мына қасиеттердің қайсысы бар? (бірнешеуін таңдауға болады)
Опрос
  •   Ксенофоб
  •   Шовинист
  •   Сексист
  •   Гомофоб
  •   Эйджист
  •   Циник
14 голосов


"Қожа. Жаңа саяхат" фильмі балаларға ұнады.

Жалпы негізгі аудиториясы солар ғой. Ал біз - бұрынғы Қожа фанаттары әрине салыстырмалы түрде қараймыз. Сондықтан сыни көзқараспен қараймыз. Барлық нәрсесін салыстырамыз. Кейіпкерлердің ұқсастығын, сол кез атмосферасын, диалогтарын, оқиға желісін. Фильмнен шыққан кезде біраз адаммен сөйлестік, замандастарымның көбіне ұнамапты. Ал ертіп барған балаларымызға ұнады. Оларға түсінікті тілде және желісін де қызық қылып берген. Жақсылық пен жамандық, достық, дұшпандық, қателік, адамның өзгеруі сияқты қасиеттер балалар үшін маңызды.

Маған техникалық тұрғыда ұнады. Команда жас болса да, қолынан фильм түсіре алатыны көрінді. Кастинг жақсы таңдалған, саундтректер мықты! Бұл команда Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейдісі" мен "Балалық шаққа саяхатын" түсірсе екен деп ойладым. Солай болатын да сияқты, фильмнің соңынан соған мессадж байқағандай болдым. Жазушының сол шығармасымен аяқталады өйткені.

Балалар бұрын "Менің атым Қожаны" оқыса да, фильмін көрсе де жаңасы қызық болатыны сөзсіз, тіпті бұрын таныс емес балаға да ұнайды. Сондықтан бұл фильмге балаларды апарыңыз, ал үлкендер тым үлкен нәрсе күтіп қалмаңыздар


5 Оскар алған Анора фильмі шынымен осыншама жүлдеге лайық па еді?

Бәлкім қарсылас фильмдері нашар болған болар? Мен сценарий тұрғысынан ұнаттым және ойларым бір досымның пікірлерімен сәйкес келді. Екеуіміздің кейіпкерлер туралы ойларамыз бірдей шықты деуге болады.

Фильм жалпы екі түрлі сынып өкілдерінің өмірін көрсетеді. Сюжет стандарт - кедей қызға үйленген бай жігітке ата-анасының қарсы болуы. Ал былай басқаша қарасақ, геосаяси астары бар. Бұрынғы КСРО елдерін әлі де Ресей басқарады, олардың негізгі әскери-мафия күштері - кавказдықтар, қарапайым орыстар - жәй орындаушылар, ал Орталық Азия елдерін әлі де айдап жатыр, тәтті-тамақ шығаратын басқа славян елдер Ресейдің қасындағы жәй достары. АҚШ олар үшін жақсы мекен болса да, әлі өз мәдениеттерінен шыға алмай жүр, екі кезең ұрпақтары бір бірінен алшақ. АҚШта тұрса да бұрынғы кеңестіктер мәселелерді әлі бұрынғы амалдармен шешеді: ақша, күш, гопниктік. Діни қызметкерлердің артында негізінде мафиялық жатыр.

Кейіпкерлердің аттарында да мән бар. Иван - классикалық орыс. Торос - Таурус, яғни өгіз, Гарник - құрбандық қозы деген мағынада. Екеуі де орыстардың қызметшілері. Игорь - жауынгер, осы тақырыпты өзі қозғайды. Анора - бізше Анар немесе фильмде айтылғандай ай сәулесі - Айнұр, Айнура. Барлық ортаазиялық қыздарға тән есім.

Осындай мағыналар байқадық. Бәлкім сәйкестік те болар? Ал жалпы үздік сценарийге лайық деп ойлаймын


#анекдот

- Әке, 8 наурыз мерекесін кім ойлап тапқан?
- Клара Цеткен деген біреу
- Ол кім?
- Білмейм, гүл сататын біреу шығар...


Түрлі пранк, видеолар арқылы мейірім, қайырымдылықтың да қадірі кетті ғой қазір.
Енді адамгершілікті де солай құртатын сияқтымыз. Мысалы өткенде бір кісі баяғыда өрттен бір сәби мен анасын шығарып алғанын айтты, тренинг үзілісінде темекі тартып тұрғанда. Қазір болғанда марапатталар едім дейді


Жасанды зерде хақында

Бұл заман – ілім мен білімнің заманы. Адам баласы күн сайын өркендеп, ақыл мен ойдың шегіне жетуге талпынуда. Ал біздің қазақ кейде жаңа дүниеден үркіп, оған жатырқай қарайды. «Білмеген у ішеді» демекші, білмеген нәрседен қорқып, білгісі келмегендіктен кейін қалып жатыр.

Батыс пен Шығыстың елдері бұл құралды кәсіпке де, білімге де, тұрмысқа да жаратты. Күннен-күнге дамып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, адам баласының ауыр жұмысын жеңілдетуге жұмсады. Ал қазақтың кейбірі «Жаңадан жау шыққандай» одан шошиды. «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» дегенді ұмытқандай, қашып құтылмақ болады.

Жасанды зерде – Жаратқанның адамға берген бір нығметі. Оны пайдалану – адамның өз ақылы мен парасатына байланысты. «Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде» демекші, қолданбай жатып, оған тіл тигізіп, жамандыққа жору – бекер тірлік. Құралдың өзі жаман болмайды, оны қолданар адамның ниеті жаман болса ғана, жамандыққа бастайды. «Алтынды тот баспайды», дұрыс қолдансаң, бұл да бір пайдасы мол нығмет.

Біздің қазақ – әрдайым ақылмен, біліммен өсіп-өркендеген халық. «Ақыл жастан, асыл тастан» демекші, бүгінгі жас ұрпақ бұл мүмкіндікті пайдаға асырып, ілім мен білімге ұмтылуы керек. Білмегенді білсең, үйренбегенді үйренсең, ол өзіңе де, еліңе де игілік.

Сондықтан, ей, талапты жас, мұнан безбе, қайта үйрен, біл, ақылмен пайдалан. «Оқыған озады, оқымаған тозады», білмегеніңді біл, білмегенге жүгін. Қорыққан – кейін қалар, үйренген – ілгері басар.

(Chatgpt Абай стилінде осылай дейді)


Репост из: YerlanGo - 44+
Палундра! Бәріне ысқырыңдар! Ұн, қант, сабын мен тұздың бір айлық қорымен ең жақын әкімдікке барыңдар!!!


Репост из: ArshatGo
1 қыркүйекте мұғалім балаларға мектеп тәртібін түсіндіріп жатыр екен:
- Балалар, сабақта шулауға болмайды, тыныш отыру керек. Бір нәрсе қажет болса немесе сұрақ болса, қол көтеріп сұрау керек.
Бір бала қол көтеріпті.
- Айта ғой, қандай сұрағың бар?
- Жоқ, ешқандай сұрақ жоқ. Жәй жүйені тексеріп көріп жатырмын...

#анекдот

Показано 20 последних публикаций.