‼️Маңғыстау облысының әкімдігі алдында ер адам өз-өзіне от қойды: ол бұл қадамға өңір басшысымен кездесуге рұқсат ала алмағаннан кейін барған
Ақтау қаласының полициясы белгісіз ер адамның әкімдік ғимараты алдында өзін өртеуі фактісі бойынша өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабымен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, 5 желтоқсан күні облыстық әкімдікке ер адам өңір басшысының қабылдауына кіру мақсатымен келген. Алайда оған бейсенбі күндері азаматтарды қабылдамайтынын айтқаннан кейін, ол әкімдік ғимаратының алдында өзіне бензин құйып, өз-өзіне от қойған.
Өрт дереу сөндіріліп, жедел жәрдем шақырылды. Жедел жәрдем келгенше, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Кейіннен ер адам Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, бұл ер адам бұрын Samruk Business Academy компаниясында жұмыс істеген. Бір ай бұрын осы компанияның қызметкерлері ел мен облыс басшыларына арналған бейнеүндеу түсіріп, оны "Лада" басылымына жіберген.
📱 t.me/askerenews