⚡️Монакодағы ұмытылмас демалыс: Назарбаев Машкевичті қалай сабасына түсірді?..
Кеше ғана өмірден өткен Машкевич қазақ жерінің қойнауындағы ен байлықты сарқа тауысқан сараң бай еді.
Британ журналисі Том Берджестің "Kleptopia: How Dirty Money Is Conquering the World" атты еңбегінде Назарбаев пен атышулы "трионың" (Машкевич, Шодиев және Ибрагимов) арасындағы ел ести бермеген ерсілеу оқиға сөз болады.
Қазақстан нарығында сирек таралған кітаптың неміс тіліндегі нұсқасын Германиядан арнайы алдырған Әшкере осы оқиғаны арна оқырманымен бөліскенді жөн көрді.
2005 жылы миллиард 💲 таза табыс тапқан Машкевич Forbes-тің тізіміне еніп, масаттанып жүреді. Қазақстан экономикасының 40 пайызын уысында ұстаған "трио" мұндай мүмкіндік бергені үшін Назарбаевқа қарыздар-тын.
Майшекенің партнері Патох Шодиев экс-президенттің мінезіне қанық. 1995 жылы Әбішұлы семьясымен Францияның Ривьерасына сапар шегіп, өзбек олигархын өзімен бірге ертіп алады.
Ол жақта бұларды Пачолли есімді бизнесмен күтіп алып, Монаконың іргесіндегі мейрамханаға бастап барады. LE PIRATE дейтін ресторанның ұсқыны Назарбаевқа ә дегеннен-ақ ұнамай, тұңғыштың қабағы кіртие қалады. Шодиев жоғары шығуға қаймығып, кіреберіске жайғасады.
"Бізді қайда ертіп келдің?", - деп әлгіндегі Пачоллидің жағасына жармасады. "Бір ашуыңды бер...", - деген Сара Алпысқызы жыламсырап оталып алған күйеуін сабырға шақыруға тырысады.
"Отпускінің қадірі қашты-ау" деген Әбішұлы әйеліне бағынсын ба, әлгі жердегі орындықтың бірін тік көтеріп, жанып тұрған отқа тастап жібереді.
Осы мезетте әредікте тұрған ресторан қожайыны «тұңғыштың» әрекетін қайталап, орындықтың бірін отқа лақтырады. Екеулеп жүріп үстел басындағы орындық атаулыны тауысып, отқа тастап тынады.
❗️ Назарбаевтың мұндай мінезі барын білмеген Шодиевтың қол-аяғынан жан кете жаздайды. Көзі атыздай болған олигархтың реакциясын бағып тұрған Назарбаев осы сәтте қарқылдап күліп жібереді. Оған ресторан қожайыны мен әлгінде ғана сөз естіген Пачолли қосылып, мейрамхананы басына көтереді.
"Мұның бәрі әзіл, күлкі үшін жасалған еді. Ресторан әу бастан соған бейімделген. Бұ жерге келгенде ыдыс-аяқты талқандап, орындықты отқа тастап, стрессті шығарасың...", - дейді Назарбаев олигархтың арқасынан қағып. Шодиев сол отпускіні ұмытпастай болады.
Шодиев мұны бірден түсінеді, елге орала сала, Машкевичпен жүздесіп, болған жайды мәлім етеді. Назарбаевты "үлеске кіргізу" үрдісі осы кезден басталған деседі...
Машкевичтің әйгілі Ататүріктің 🛥 «Саравона» яхтасын жалға алып, жын-ойнақ ұйымдастырғаны Әшкеренің хат қоржынында жатыр.
Бұл туралы алдағы уақытта айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз👇
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Әшкере

Алқам-салқам киінген даяшылар үстел жая бастағанда Назарбаевтың тағаты таусылып, 🍽 түрменің ыдыс-аяғына ұқсас тәрелкенің бірін жерге тарс еткізеді. Одан кейін тағы бір тәрелкені күл-парша қылады.
"Бізді қайда ертіп келдің?", - деп әлгіндегі Пачоллидің жағасына жармасады. "Бір ашуыңды бер...", - деген Сара Алпысқызы жыламсырап оталып алған күйеуін сабырға шақыруға тырысады.
"Отпускінің қадірі қашты-ау" деген Әбішұлы әйеліне бағынсын ба, әлгі жердегі орындықтың бірін тік көтеріп, жанып тұрған отқа тастап жібереді.
Артынша тағы бір орындықтың қолын қол, бұтын бұт қылады. Одан соң тағы бір орындықтың талқанын шығарады...
Осы мезетте әредікте тұрған ресторан қожайыны «тұңғыштың» әрекетін қайталап, орындықтың бірін отқа лақтырады. Екеулеп жүріп үстел басындағы орындық атаулыны тауысып, отқа тастап тынады.
❗️ Назарбаевтың мұндай мінезі барын білмеген Шодиевтың қол-аяғынан жан кете жаздайды. Көзі атыздай болған олигархтың реакциясын бағып тұрған Назарбаев осы сәтте қарқылдап күліп жібереді. Оған ресторан қожайыны мен әлгінде ғана сөз естіген Пачолли қосылып, мейрамхананы басына көтереді.
"Мұның бәрі әзіл, күлкі үшін жасалған еді. Ресторан әу бастан соған бейімделген. Бұ жерге келгенде ыдыс-аяқты талқандап, орындықты отқа тастап, стрессті шығарасың...", - дейді Назарбаев олигархтың арқасынан қағып. Шодиев сол отпускіні ұмытпастай болады.
Мұның астарында "менімен ойнасаңдар тәрелке секілді талқандарыңды шығарып, орындық секілді отқа тастаймын..." деген месседж жатқан еді.