Қыз баласын әкесі, бауырлары, күйеуі қызғанбастан бұрын, қыздың өзі өзгелерден өзін қызғану керек. Өзін көзге, сөзге қимау керек, сұлу келбеті мен болмысын өзгеден тығуға асығу керек. «Ол сұлулық көрсетпесе не керек» деген азғын ойдан арылып, жағадағы кім көрінген таптайтын болмашы тас емес, теңіздің ең түбіндегі асыл тастардан болуы тиіс. Сонысымен ғана қыз құнды.