Неге екенін білмеймін, Түркияға деген махаббатым бөлек. Не түріктің сериалдарын өліп көрмедім, не тағамдарының да фанаты емеспін. Бірақ сол жақтан бір жел есіп тұрады. Іштегі шығыс эстетикасына мас тұлға Түркияның ескі қалаларындағы көшелермен жүргісі келеді.