Бес күн демалыста қосымшалар болады ғой деп ешқайда баруды алдын-ала жоспарламап едім, бірақ болмайтынын демалысқа бірер күн бұрын ғана білдік. Сүйтіп бес күніміз жатақханада өтті. Өкінуден пайда жоқ, десек те билеттер арзан болса Оралға барып келуші едім, бәлкім. Неге сонша қымбат екеніне әрқашан таңқалам, ана ақшаның үстіне тағы құттай қоссаң машина алуға болады. Пойызбен баруды ұсынбай-ақ қойыңдар, өйтетін болсам, пойыздан түспей үйдегілермен амандасып қайтадан сол пойызбен Алматыға келу керек боламын. Жылдам пойыз дегеніңнің өзі почти екі күн. Оның бағасы да ұшақтың аржақ-бержағы. Сондықтан Алматыда жүрген батыстық студенттердің көзі неге мөлдіреп жүреді демеңдер.