Біз қазір Рамазанның ең хайырлы болған соңғы он күніндеміз, ал осы соңғы он түнінде Қадір түні жасырылған. Сол себепті осы күндер мен түндерді аса мұқияттылықпен, құлшылықта өткізген жөн. бірінші өзіме, сосын ғана сіздерге ескерту🤍
Бұл түндерде не істегеніміз жөн?
- қадір түні жайлы білімізді жаңарту
- бұл “тағдыр” түнінің маңызын түсіну
- күндіз жұмыстарымызды реттеп, ақшамнан кейін толық құлшылыққа отыруға тырысу, жоспарлау
- ойды жинақтау үшін өзіміздің дұға-тілектерімізді параққа жазып алу
- Құранға бастапқыдан екі есе ден қою, оқуды арттыру
- салауат айту, дұғалардың басында-ортасында-соңында
- құр әңгіме мен бос ойын-сауыққа уақытты құртпау
- отбасымызға бұл түн жайлы түсіндіру, олардың Қадір түні келгенде ұйықтап қалып, ғапылдықта болуына жол бермеу, оларға құлшылық етіп, дұға қылуға құлшындыру, мотивация беру
- әр түн сайын садақа беру
- осы түндері Аллаһ разылығы үшін ерекше жомарт болуға тырысу
- қаза намаздарды, нәпіл намаздарды оқу
- қиналып жатқан, сыналып жатқан бауырларымыз үшін дұғада болу
- мұсылман бауырларымыз үшін, Палестина, Сирия және басқа мұсылман елдеріндегі бауырларымыз үшін дұғада болу, оларды дұғадан тастамау
- мұсылмандардың жауларына қарсы дұға ету
- истиғфар ету, Аллаһтан кешірім сұрау, шынайы барлық күнәміз үшін тәубе ету
- бұл түндері барынша күнә жасамауға тырысу, сөзге, іске абай болу, ақыға абай болу
- ешқандай мұсылманның көңіліне қаяу салмау, әсіресе ата-ананың көңілін қалдырмау, олармен қарымқатынаста жұмсақ болу, абай болу
- сізді ренжіткен, сіздің ақыңызға кірген барлық жанды Аллаһ разылығы үшін кешіру (білемін, қиын, бірақ Аллаһ бізді кешіруін қаласақ бізде басқаларды кешіруге шын жүрекпен тырысуымыз керек, бәріне жақсылық тілеуіміз керек)
- Аллаһтың барлық берген жақсылықтарына көркем түрде шүкір ету, разылығымызды айту, шынайы алғыс білдіру
- осы он түн әлеуметтік желілерден (insta, tiktok, telegram т.б.) аулақ болуға тырысыңыз, уақыттыңызды құлшылыққа арнағанымыз жөн.
- Аллаһтан бұл түндерді хайырлы түрде өткізейінші деп дұға ету, күш-қуат сұрау, себебі Аллаһтың қалауымен ғана біз бұл түндердің барлық жақсылығын ала аламыз.
мың айдан хайырлы болған қадір түнін келесі жылы көрмей қалуымыз да бек мүмкін, сол үшін барынша, шамамыз келгенше тырысайық, ин шаа Аллаһ, Раббым баршамызға жеңілдігін берсін, баршамыздан разы болсын🤲🏻
#рамазан
#қадір_түні