aspire to inspire


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


көркем мінез ізденушісі ⚘
• ханафи, матуриди
• әр сөзім алдымен өзіме арналады

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: tagylym
Бүгін жұп түн деп бетімен кетпейік


Репост из: infinity♾🕊
ассаламу алейкум🌷

«Ең жақсы садақа – Рамазанда берілген садақа» (Тирмизи).

Постты осы хадистен бастағым келді. Себебі, Айтолқын есімді ханымға бізден көмек керек болып тұр екен. Баршамыздан қолдан келгенше көмек көрсетсек🫶🏻. Тіпті 200-500 тг болсын.

Жалғыз басты ана, 2 баласы бар, тек әжесімен тұрады, ал қызында "порог сердца" екен 😢. Тұрмыстық жағдайы астыңғы фотода көрсетіледі. Және қызының документтерін де қарап шықтым. Екеуміздің сөйлескен скринді де қостым.

Егер көмектескіңіз келсе,

каспи номер: 87006768924

Айтолкын Ж. деп шығады.

Берген садақаларыңыз қабыл болсын💕


Біз қазір Рамазанның ең хайырлы болған соңғы он күніндеміз, ал осы соңғы он түнінде Қадір түні жасырылған. Сол себепті осы күндер мен түндерді аса мұқияттылықпен, құлшылықта өткізген жөн. бірінші өзіме, сосын ғана сіздерге ескерту🤍

Бұл түндерде не істегеніміз жөн?
- қадір түні жайлы білімізді жаңарту
- бұл “тағдыр” түнінің маңызын түсіну
- күндіз жұмыстарымызды реттеп, ақшамнан кейін толық құлшылыққа отыруға тырысу, жоспарлау
- ойды жинақтау үшін өзіміздің дұға-тілектерімізді параққа жазып алу
- Құранға бастапқыдан екі есе ден қою, оқуды арттыру
- салауат айту, дұғалардың басында-ортасында-соңында
- құр әңгіме мен бос ойын-сауыққа уақытты құртпау
- отбасымызға бұл түн жайлы түсіндіру, олардың Қадір түні келгенде ұйықтап қалып, ғапылдықта болуына жол бермеу, оларға құлшылық етіп, дұға қылуға құлшындыру, мотивация беру
- әр түн сайын садақа беру
- осы түндері Аллаһ разылығы үшін ерекше жомарт болуға тырысу
- қаза намаздарды, нәпіл намаздарды оқу
- қиналып жатқан, сыналып жатқан бауырларымыз үшін дұғада болу
- мұсылман бауырларымыз үшін, Палестина, Сирия және басқа мұсылман елдеріндегі бауырларымыз үшін дұғада болу, оларды дұғадан тастамау
- мұсылмандардың жауларына қарсы дұға ету
- истиғфар ету, Аллаһтан кешірім сұрау, шынайы барлық күнәміз үшін тәубе ету
- бұл түндері барынша күнә жасамауға тырысу, сөзге, іске абай болу, ақыға абай болу
- ешқандай мұсылманның көңіліне қаяу салмау, әсіресе ата-ананың көңілін қалдырмау, олармен қарымқатынаста жұмсақ болу, абай болу
- сізді ренжіткен, сіздің ақыңызға кірген барлық жанды Аллаһ разылығы үшін кешіру (білемін, қиын, бірақ Аллаһ бізді кешіруін қаласақ бізде басқаларды кешіруге шын жүрекпен тырысуымыз керек, бәріне жақсылық тілеуіміз керек)
- Аллаһтың барлық берген жақсылықтарына көркем түрде шүкір ету, разылығымызды айту, шынайы алғыс білдіру
- осы он түн әлеуметтік желілерден (insta, tiktok, telegram т.б.) аулақ болуға тырысыңыз, уақыттыңызды құлшылыққа арнағанымыз жөн.
- Аллаһтан бұл түндерді хайырлы түрде өткізейінші деп дұға ету, күш-қуат сұрау, себебі Аллаһтың қалауымен ғана біз бұл түндердің барлық жақсылығын ала аламыз.

мың айдан хайырлы болған қадір түнін келесі жылы көрмей қалуымыз да бек мүмкін, сол үшін барынша, шамамыз келгенше тырысайық, ин шаа Аллаһ, Раббым баршамызға жеңілдігін берсін, баршамыздан разы болсын🤲🏻

#рамазан
#қадір_түні


Репост из: Nurbol Rakhmatilla
Халас! Рамазанның соңғы он күнінде Құранға ерекше көңіл бөліңіздер.

Жаратушыға жақындаудың ең ұлы амалы💡

Имам Ахмад (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді:


«Түсімде Ұлы Раббымды көріп:
– Уа, Раббым, Саған жақындаудың ең жақсы амалы не? – деп сұрадым.
Алла Тағала:
– Менің сөзімді оқу, уа Ахмад! – деп жауап берді.
Мен:
– Түсініп оқу керек пе, әлде түсінбей ме? – деп сұрадым.
Алла Тағала:
– Түсініп те, түсінбей де, – деді».

📚Табақат


Осы Рамазандағы соңғы 10 күндегі тақ күндер кестесі, біреуі Қадір түні болуы мүмкін.


от Ибн Хубайры передаётся, что он сказал:

«Если (ночь накануне) пятницы совпадает с одной из нечетных ночей в течение последних десяти дней, то это с большей вероятностью, чем другие (будет Ляйляту-ль-Къадр)».

📚[«Латаифу-ль-ма'ариф» Ибн Раджаба (стр. 203)].



https://t.me/AlWajibru


“Кім-де кім дұға етуге сараңданып, тоқтатса, онда Аллаһ оның дұғаларын қабыл етуді де тоқтатып қояды.”
[Имам Абу Лайс Самарқанди]

“Кім есікті қалай қағады, жауапты солай естиді.”

[Арабтардың нақыл сөзі]

Алланың есігін кім көп қағады, жауабын соншалықты көп естиді. Яғни кім көп дұға қылады, оның қабыл болуыда көп болады.
[Нұрсұлтан ұстаз]


حَسْبِيَ اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ.

Достаточно мне Аллаха, и Он — наилучший Покровитель.


Біздің үммет “ортаны” ұстанатын (яғни дүние мен ақыретті баланста ұстайтын) үмметпіз ғой, бірақ бұл баланс қаншалықты дұрыс, шыныменде 50/50 ме?
Біз өміріміздің, уақытымыздың 5%-ын Аллаһтың хақысы деп береміз бе?

Егерде барлық дүниелік тіршілікті “Аллаһ көріп тұр” деп жасасақ бұл да құлшылық болар еді ғой.. Құлшылық тек Құран, Намаз емес. Бұл көркем мінез, жұмысыңды адалымен атқару, ешқандай пара алмау, біреудің ақысына кірмеу, аманатқа қиянат жасамау, ата-анаға, туыстарға жақсы мәміле жасау, бұның бәрі Аллаһ разылығы үшін деп жасалса құлшылық болып саналады. Тіпті сіз “ешкімге мұқтаж болмаймын, алушы емес беруші қолдан болғым келеді” деп білім алып, адал еңбек етсеңіз бұл да құлшылық..


Йа Раббым, мені есеп-қисапсыз Жұмаққа кіргізші..


Біз мына өмірде уақытымыздың көп бөлігін босқа өткіземіз, ал ана дүниеде әр секундымыз үшін есеп береміз, сонда бұл дүниеде өткізген максимум 60-70 жылымыз (егер Аллаһ ғұмыр берсе) 1 күн сияқты сезілетін болады, сенесіздер ме?
Біз “мен не істеп жүрмін? ертең Жаратушымның алдында қалай жауап беремін?” деп өз-өзімізден сұрап, өзімізге есеп беріп көрдік пе?

Қаншалықты “саналы”, “осознанно” өмір сүріп жүрміз? Мына дүниенің уақытша екенін неге ұмытып кете береміз?💔




Репост из: "☾"
қаншама сарайлар салсаң да, Оның сарайына мұқтаж жүрегің бар.
Ұмытып кетсең де Ол есіңе салады… әрине, нәсібіңде есіңе түсіру бар болса. 🏰


little angels🤍


Бір күні Рамазан сенсіз келеді.

Уақыт өз ретімен өтеді. Адамдар тағы да оразаға дайындалады, ауызашарды жақындарымен қарсы алады, тарауих намазын оқиды, қуанады және мұңаяды, Рамазанның берекелі иісін сезінеді, бірақ олардың арасында сен болмайсың.

Ал сен қайда боласың?

Суық қабірде, өміріңнің әрбір сәті үшін, Жаратушының разылығына жақындауға жіберіп алған әрбір мүмкіндігің үшін жауап беріп жатасың…

Егер Аллаһ Тағала саған тағы бір Рамазанды нәсіп еткен болса – бұл рақым, күнәлардан тазаруға, жүрегіңді Хақтың нұрымен толықтыруға, ізгі амалдар жасап, кешірімге лайық болуыңа берілген тағы бір мүмкіндік.

Бұл Рамазанды бос жіберіп алма.
Бәлкім, бұл сенің соңғы мүмкіндігің шығар.


Өткізбе бекер күн, айды,
Ұмытып кетпе Құдайды.
Қарызға берген уақытын,
Сұрайды ертең, сұрайды...
Берілме бекер құр ойға,
Езілме, босқа мұңайма.
Ойланшы, не істеп отырсың,
Не дейсің ертең Құдайға?!

Аспанда тұрған Күн-сағат,
Барлығын байқап тұр санап.
Кірерсің мүмкін жұмаққа,
Сауапқа батсаң бір сағат?!
Жақсылық жаса, қайыр қыл,
Ажалың келсе, дайын жүр.
Уақытың өтпей тұрғанда,
Иманың үшiн уайым қыл.

Мейірімі түсіп Құдайдың,
Болсыншы ұзақ жыл, ай, күн,
Уақытын алсам бекерге,
Халқымнан кешірім сұраймын...

(с) Алмас Темірбай


Уақыт

Уақыттан асқан билік жоқ,
Уақыттан озған жүйрік жоқ,
Адамға Алла бұйыртқан
Уақыттан қымбат сыйлық жоқ.
Өзіңді-өзің алдама,
Уақытты салма саудаға.
Жиырма төрт сағат берді Алла
Балаға, кемпір-шалға да.

Уақытты жарат пайдаңа,
Қолыңды босқа байлама.
Жиырма төрт сағат ─ сенде де,
Жиырма төрт сағат ─ байда да.
Мейірімін төгіп саған да,
Мүмкіндік берді хақ Алла.
Денсаулық пенен уақытты,
Берген ғой тегін адамға.

Уақытың, ақшаң, табысың,
Жұмсалар бәрі тән үшін.
Ішесің, жейсің, кетеді,
Барлығы қарын қамы үшін.
Барлығы қарын қамы үшін,
Не істедің сонда жан үшін?!
Жаныңа бір сәт уақыт бөл,
Бойыңа иман дарысын.

Несіне жанды қинаймыз,
Дүние-байлық жинаймыз.
Бізге өмір берген Аллаға,
Бір сағат уақыт қимаймыз.
Үгітіп, жолға тасталған,
Мына құм – бұрын тас болған.
Уақыты бітсе, мыңжылдық
Жұлдыз да құлар аспаннан!

Жаратқан Алла жар болып,
Жаралдық жоқтан бар болып.
Туғанмен бәрі бала боп,
Өлмейді бәрі шал болып...
Жас өткен сайын кісілер,
Уақыттың сырын түсінер.
Азайып сенен үлкендер,
Көбейер сенен кішілер.

Ойлама бәрін білем деп,
Шалқып та тасып жүрем деп.
Уақытың – алтын қазынаң,
Жұмсауың керек үнемдеп.
Айбының асып тұрса да,
Байлығың тасып тұрса да,
Уақытың – ақшаң қолдағы,
Ақшаңды босқа жұмсама.

Ойланып көрші, жарқыным,
Керек пе қымбат алтының?!
Өмірің қалса жарты күн,
Уақытың қалса жарты күн?!
Үйдегі затың тоналса,
Қалтаңнан ақшаң жоғалса.
Іздейсің жоқтап, өкініп,
Уайымға батып о қанша?!

Ойланбай неге келеміз?
Дүние десе ─ өлеміз!
Уақытың өтсе, жоғалса,
Уайымдамаймыз неге біз?!
Жас болып мәңгі жүрмейсің,
Мәңгілік өмір сүрмейсің.
Үнемдеп жұмса уақытты,
Бітеді ол қашан білмейсің.

Алданып жалған бес күнге,
Алдамшы ғұмыр кештің бе?
Жоғалтып алған уақытты,
Бере алмас тауып ешкім де.
Минутты әрбір бағала,
Секундты әрбір сарала.
Уақытты қайда жұмсадың,
Есептеп, үйрет балаңа.

Мен үшін әр күн – ұлы күн,
Құдайға шүкір, тірімін.
Бір минут уақыт деген сөз,
Бір үзік менің ғұмырым...
Уақыт жоқ менде – кектенер,
Қызғанып іштей жек көрер.
Уақыт жоқ менде, уақыт жоқ,
Біреуге ренжіп, өкпелер.

Уақыт жоқ менде... біреуге,
Жамандық ойлап, тілеуге.
Уақыт жоқ менде, уақыт жоқ,
Біреуді сынап-мінеуге.
Уақыт жоқ менде ашуға,
Жылауға, бір сәт жасуға.
Уақыт жоқ менде, қысқасы,
Уақытты босқа шашуға.

Білмейсің, ертең не етесің,
Қай жерге дейін жетесің.
Өмірдің жолын сен қанша,
Уақытта жүріп өтесің?!
Ақшаны ойлап, құнықпа,
Күнәға батып, былықпа.
Ұмтыламын деп ертеңге,
Бүгінгі күнді ұмытпа!

Бүгіннен баста барлығын,
Бүгінің – жұмбақ тағдырың.
Ертеңнен емес, бүгіннен
Басталсын сенің әр күнің.
Не істедің бүгін күнімен?!
Не істедің бүгін түнімен?!
Ісіңнен сол бір не қайыр,
Не пайда соның бірінен?!

Өмірдің құнын білдің бе?
Жоқ, босқа өмір сүрдің бе?
Жұмсадың қайда уақытты,
Не істедің осы бір күнде?
Түнімен жүріп көшеде,
Үйіңе жеттің нешеде?
Бір сағат уақыт күн сайын,
Бөлдің бе әке-шешеңе?

Ұйқымен өтті неше күн,
Күлкімен өтті неше күн?
Барғанда Құдай алдына,
Бересің соның есебін...
Қазаққа қарап таң қалам,
Құдайын ойға алмаған.
Уақытын босқа өлтіріп,
Өздерін-өзі алдаған.

Өмірін ойлап талайдың,
Тарихын зерттеп қараймын.
Бір күні босқа өтпепті,
Яссауи, Шоқан, Абайдың.
Неге біз осы, неге біз,
Нәпсіге ғана ереміз?!
Бес уақыт намаз оқымай,
Бес сағат кино көреміз?!

Өтірік сөзбен, өсекпен,
Жастардың күні-ай бос өткен.
Агентке кірер көзі ісіп,
Ояна салып төсектен...
Не деген қызық жандармыз,
Ертеңге сеніп алғанбыз.
Бәрі алда тұрған сияқты,
Күтеміз бәрін алдан біз?

Басамыз сосын әттеңге,
Үлгермей соңғы сәттерде.
Бос өткен уақыт ─ күнә боп,
Жазылар Амал дәптерге.
Ажалың жетсе, өлерсің,
Қиямет күнін көрерсің.
Уақытты босқа өлтірсең,
Сол үшін жауап берерсің.


Репост из: Basqadam 🐝
«не занимайте себя ничем,
кроме Корана, в этот месяц»




СубханАллаһ.. Аллаһ мұсылман әйелдердің дәрежесін сондай көтеріп қойған екен, салихалы мұсылман қызға тек оған сай жігіт қана лайықты, бірақ егер жігіт тақуа мұсылман болса, оған тіпті басқа діндегі әйелді, немесе пасық әйелді алуға да рұқсат екен, ал қыз болса тек өз теңіне аманатталуы керек.

Бұдан кейін қалай ислам әйел затының дәрежесін түсіріп, шектейді деуге болады?! Аллаһ бізге тек жақсылықты, ең хайырлысын қалаушы, Ол бізге өз әкемізден де Мейірімді, Қамқоршы🤍

Показано 20 последних публикаций.