Atameken Business - Жаңалықтар


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Трамп, Си Цзиньпин және Ердоған Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

📩 Әлем көшбасшыларынан Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

🇷🇺Ресей Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады.

– Достас халықтарымыздың игілігі жолында, Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында өзара тиімді байланыстарды одан әрі арттыру үшін ортақ күш біріктіретінімізге сенімдімін, – деп жазылған құттықтауда.


🇨🇳ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Наурыз көктемнің келуі мен табиғаттың оянғанын білдіретінін жазған. Сондай-ақ бұл мейрам Қазақстан халқының игілікке, ынтымақ пен өрлеуге ұмтылысымен ұштасатынын атап өткен.

– Екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға баса мән беремін. Сізбен берік достығымды мақтан тұтамын. Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достықты нығайтып, екі елдің мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін тереңдету үшін күш-жігерімізді біріктіруге дайынмын, – делінген жеделхатта.


🇺🇸АҚШ Президенті Дональд Трамп жеделхатында Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын ынтымақ пен жаңару мерекесімен құттықтады.

– Біздің мемлекеттерімізді ұзақ жылдардан бері қалыптасқан өзара тиімді ықпалдастық байланыстырады. Алдағы уақытта қауіпсіздік, экономика және басқа да салаларда жаңа жетістіктерге жететінімізге сенімдімін. Біздің жасампаз елдеріміз табысты жолға қадам басқан кезеңде, Америка халқы Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын әрдайым қолдайды, – деп жазған Дональд Трамп.


🇹🇷Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған жеделхатында Наурыздың сан ғасырлық дәстүрі бейбітшіліктің, бауырмалдық пен келісімнің маңызын еске салатынына тоқталған.

– Наурыз – дүние жүзіндегі бейбітшілікке деген үмітті нығайтып, халықаралық диалог пен ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Елдеріміз арасындағы берік достық пен бауырластық байланыс қарқынды дамып, екіжақты ықпалдастығымыз кеңейе беретініне сенімдімін, – делінген құттықтауда.


Сонымен қатар Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Қасым-Жомарт Тоқаев этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді

✔️Биыл көрмеге отандық қолөнершілермен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран, Тәжікстан елдерінен шеберлер шақырылған.

✔️Президентке ұлттық ойындар, қазақстандық дизайнерлер мен танымал брендтердің ұлттық киім үлгілері таныстырылды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Қазақстаннан басқа еліміз жоқ - Тоқаев

Президент бүкіл әлемнің алмағайып жағдайда өмір сүріп жатқан шағында қоғамның тұрақтылығын нығайту саясатымыздың басты бағыты болып қала беретінін айтты.

– Биыл Конституциямызға және Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толады. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Көп ұзамай қастерлі Тәуелсіздігіміздің 40 жылдық мерейлі белесіне жетеміз. Қазақстан осы уақытта озық, өркениетті, қуатты мемлекет болуы керек.

Цифрландыру ісі мен жасанды интеллект, ірі инфрақұрылымдық жобалар, көлік тасымалы және энергетика, агроөнеркәсіп кешені, сондай-ақ адам капиталы – осының бәрі еліміздің негізгі даму бағыттары. Қазақстан осы салалар бойынша әлемдік бәсекеге қабілетті ел болмақ.

Біз «Заң мен тәртіп» қағидасы берік орныққан, әділетті, қауіпсіз, таза, мәдениетті және дамыған Қазақстанды міндетті түрде бірге құрамыз!

Қазақстаннан басқа еліміз жоқ. Сондықтан бәріміз бір қоғам болып мемлекетімізді нығайтайық, дамытайық, көркейтейік! – деді Президент.


Президент Наурыз мерекесі былтырдан бастап жаңа тұжырымдамаға сәйкес он күн бойы аталып өтетініне назар аударып, Наурызнаманың әр күні тағылымға толы екенін айтты.

– Біз осы рухани қазынамызды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Наурызнама бойынша бүгін – Ынтымақ күні. Еліміз үшін ауызбіршілік пен татулықтың орны қашанда ерекше. Бүкіл халқымыз ұлтына, дініне қарамастан бір ел болып, Наурызды бірге атап өтеді. Біз осындай береке-бірлігіміздің арқасында болашаққа зор сеніммен қарап, тек алға қарай қадам басып келеміз, – деді Мемлекет басшысы.


Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамының тазалық, еңбекқорлық құндылықтарын дәріптейтін тәрбиелік мәніне тоқталды

– Ұлыстың ұлы күні – тазалық мерекесі. Халқымыз осы күні тал егіп, бұлақтың көзін ашқан. Айналасын тазалап, табиғатты аялаған. Бұл дәстүр бүгін де өз жалғасын табуда. Былтырдан бері елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Жалпыұлттық іске барша жұртымыз, әсіресе, жастар белсенді атсалысуда. Осылайша қоғамымызда жаңа экологиялық мәдениет пен болмыс қалыптасып келеді. Наурыз – нағыз еңбек мерекесі. Көктемнің басы – дала еңбегі жанданатын кезең. Қазір ауыл шаруашылығында қарқынды жұмыс басталды. Біз осы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладық. Басты мақсатымыз – еңбек адамының беделін арттыру. Өйткені еңбекқорлық – озық ойлы ұлтқа тән қасиет, – деді Президент.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


⚜️Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды.

➤ Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

– Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Бұл – біздің ата дәстүріміз. Шуақты көктем мерекесінде бүкіл дүние қайта жаңғырады. Күн мен түн теңеледі. Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастархан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қамқорлық көрсетеді. Ұлыстың ұлы күні биыл да қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы зор. Себебі біздің дініміз бен дәстүріміз – егіз. Қос қазынамыз халқымыздың бірегей болмысын айшықтай түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Тасқын болса, нақты қай органның немен айналысатыны енді ғана айқындалды

Елімізде тағы тасқын болса, нақты қай органның немен айналысатыны енді ғана айқындалды. Күн күлкіден, түн ұйқыдан айырған былтырғы төтенше жағдайдан кейін, Үкімет осы мәселені бір жақты қылып, Су кодексіне енгізіпті. Осылайша мәселе заңмен бекітіліп отыр. Енді бөгет салынбаса, ағын су арындаса, қоймалар толып, арнасынан асса, айналасын басса, тасқынның салдары жойылмаса, оның әрқайсысына жауапты министрліктер бар.

Басты жаңалықтардың толық нұсқасын осы жерден көре аласыздар.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


💸Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 502,83 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу құны – 500 теңге, сату – 506 теңге. Алматыда АҚШ валютасы 499,64-502,34 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 20 наурызға белгілеген валюталардың ресми бағамы:

Доллар – 500,32 теңге;
Еуро – 545,30 теңге;
Ресей рублі – 6 теңге.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Теменов: Отандық киноны қазақ тілін білмейтін сарапшылар іріктейді

Ұлттық киноны қолдау орталығының сараптама кеңесінде қазақша білмейтін адамдар отырады. Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов «Түскі формат» төрінде осындай пікір білдірді.

Көрермен назарына қандай фильмдер шығатынын мемлекеттік тілді меңгермеген адамдар шешетіндіктен бірқатар туындылар жарыққа шықпайы жатады,-дейді режиссер. Ал Ұлттық киноны қолдау орталығының өкілі Әділет Омаров бұл тұжырымды жоққа шығарды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Тоқаев Төтенше жағдайлар министрін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдап, ведомствоның атқарған жұмысы мен жүргізілген реформалары туралы ақпарат алды.

Мемлекет басшысына су тасқыны қаупіне қатысты ахуал жөнінде мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, жағдай тұрақты, сегіз өңірдегі жағдай бақылауда. Ресей және Қырғызстанмен деректер алмасу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

❗️ Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы шараларға баса назар аудару, алдын ала ескерту жүйесін жаңғырту және төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Сенатор құмай тазысын шетелге шығаруға тыйым салуды ұсынды

Бибігүл Жексенбай қазақтың құмай тазысын экспорттауға толық тыйым салуды немесе тиісті мемлекеттік органдардан арнайы рұқсат алуды міндеттеуді ұсынды. Сенат депутаты Премьер-министрің атына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерді.

Қазақстанда 3 қыркүйек тазы мен төбет күні деп белгіленген. Сенатор республикада аң аулау алғашқы қалың қар түскен кезде – қансонарда басталатынын тілге тиек етті. Осыған сәйкес атаулы күнді дәстүрлі аңшылық маусымының ресми ашылуымен байланыстыра отырып, қарашаның бірінші аптасына ауыстыру бастамасы да көтерілді.

Бұдан бөлек жазушы Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» шығармасы негізінде толықметражды көркем фильм түсіруді де қарастырған жөн, дейді депутат.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Трамп АҚШ білім министрлігін жабу туралы шешім қабылдады

АҚШ президенті осындай жарлыққа қол қоймақ. Білім саласындағы өкілеттіктер штаттарға беріледі. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.

Бұған дейін Дональд Трамп бұл ведомствоны жабу туралы бірнеше рет бастама көтерген. 2024 жылы сайлау науқаны кезінде білім министрлігі артық бюрократияның пайда болуына себепші екенін айтып, оны жоюға уәде берді. Сөзінше, ведомствоның жұмысын штаттар деңгейіндегі департаменттер де атқаруға қауқарлы.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


🇰🇿🇮🇱Израиль Президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

2.1k 0 1 18 125

Қазақстан қой етінің айтарлықтай көлемін Өзбекстан, БАӘ мен Иранға экспорттап отыр

2024 жылдың қорытындысы бойынша қой етінің экспорты – 17,5 мың тонна, ал импорт 31 тонна болды. Экспорттың негізгі көлемі Өзбекстанға, БАӘ мен Иранға жөнелтілді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың сауалына берген жауабында айтты.

Республикада қой саны 18,5 млн басқа жеткен. Бұл 2023 жылға қарағанда 9,2%-ға артық. Оның ішінде 16,2%-ы (3 млн) – асыл тұқымды қой.

Үкімет басшысының берген ақпаратына сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде 132,8 мың тонна қой еті өндірілген. Бұл ішкі сұранысты толық қамтамасыз еткен.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына сәйкес өнімділік пен сапаны арттыру үшін қой шаруашылығын дамытуға субсидиялар көзделген. Бұл мақсаттарға 2024 жылы 15,1 млрд теңге бөлінді, ал биыл 16,8 млрд теңге қарастырылған», - делінген жауапта.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Кенесары үшін кешірім сұраған қырғыз әншісіне сот үкімі шықты

Қайрат Примбердиев «нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни және аймақаралық араздықты қоздыру» бабымен кінәлі деп танылды.

«Бішкектің Первомай аудандық соты әнші Қайрат Примбердиевті нәсілдік, этникалық және ұлттық араздықты қоздырды деп танып, оған 100 мың сом айыппұл салды», – делінген сот хабарламасында.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Сенат Су кодексін Мәжіліске қайтарды

Сенаторлар Су кодексі мен оған ілеспе құжатты екі оқылымда қарады. Құжаттың жекелеген баптарын жаңа редакцияда жазу ұсынылып отыр.

Құжатқа келесі түзетулер енгізілді:

су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемге байланысты бірқатар нормалар Салық кодексіне сәйкес келтірілді:

тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті нақтыланды;

арнаулы су пайдалануға рұқсаттан айыру тәртібі нақтыланды;

су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға байланысты нормалар Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес келтірілді;

бассейндік су инспекциялары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың атауын нақтылау бөлігінде Кәсіпкерлік кодексіне өзгеріс енгізу қажеттілігі туындады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


🇰🇿🇺🇸Тоқаев АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кездесудің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызы зор екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, тәуелсіздік алған сәттен бастап АҚШ Қазақстанның сенімді серіктесі саналады.

Мемлекет басшысы өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды таратпау секілді негізгі салалардағы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастықтағы бірлескен табыстарды атап өтті. Екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп, 4 миллиард доллардан асқан.

Кэрол Миллер сый-құрметі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, АҚШ-тың нәтижелі диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

Показано 17 последних публикаций.