Қылмыстық топ Қырғызстанға 102 мың тонна мұнай өнімдерін заңсыз шығарған
«Түрксіб» станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы анықталды. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Күдіктілер Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізген.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші елге экспортталған. Қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 млрд теңгеден асып түсті.
Үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды. Оларға «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz