Қазақстан мен OPEC+ ұйымы арасында мүдделер қақтығысы шиеленісе түспек
Өздеріңіз білесіздер Қазақстан билігі келесі жылы мұнай өндірісін ұлғайтпақшы. 2025 жылғы бюджет жоспарында 9,4 млн тонна деп көрсетілген. Бұл тәулігіне шамамен 190 мың баррель болады. Алайда бұл ОПЕК ұйымының талабына қайшы. Соңғы келісім бойынша Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 41 мың баррельден асырмауы тиіс.
Осылайша, Қазақстан ұйымның міндеттемесін тағы орындамайтын түрі бар. Бұл жағдай бұған дейін де болған. Bloomberg агенттігі осы мәселені Қазақстан ОПЕК-тің «іштен шыққан жауына» айналуы ықтимал деп жазады.
Жыл басында сарапшы Олжас Байдильдинов еліміз бұл ұйымнан шығу керектігін айтып, ұсыныс тастаған. Өйткені қара алтын өндірісі Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты алпауыттардың қолында. Оларға Үкіметтің сөзі жүрмейді деген еді.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

«Үкімет міндетті орындаймыз десе де, Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз сияқты шетелдік консорциум картельді келісімге араласпайды. Қазақстан ОПЕК+ ұйымында массовка үшін жүр. Бірақ бұл шоу ерте ме кеш пе аяқталуы керек. Келісімнен шығуы тиіс. Біздің ел үшін бұл жай имидждік жоба. Әлемге өзін мұнай державасы ретінде көрсеткісі келеді. Алайда ешқандай ықпалы жоқ», - деген еді Байдильдинов.